400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық тәрбие сағаты : ЖЫРҒА ҚОСАМ ӘЖЕМДІ...

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы : ЖЫРҒА ҚОСАМ ӘЖЕМДІ...

Мақсаты: Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын – ел анасы әжелерді құрметтей білу. Осындай салт - дәстүрді сақтап, кейінгі ұрпаққа отбасының, ағайын - туыстың бірлігін сақтайтын тәрбиеші, әрі ақылгөйі, тілеуқоры – әжелерді қадір тұтуға үйрету. Оқушылардың әжелерден естіген ақыл сөздерін, істерін есте сақтай отырып, танымын кеңейту, ұлтына жанашыр, ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, техникалық құралдар.
Тәрбие сағатының барысы:

ОЙ КОЗҒАУ

Әженің немересіне айтқан бесік жыры

«Ассоциация» әдісі 2 мин
2)Кімнің дауысын естідік?

3)Баланың әкесінің сондай - ақ анасының шешесін кім дейді?

Әже деген қандай адам деп ойлайсыңдар?

Сонымен әже сөзін естігенде көз алдарыңа қандай адам елестейді?

КІРІСПЕ СӨЗ 2 мин

Әже - баланың әкесінің, сондай - ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталадыАл балалар, қайсымыздың әжеміз бар?

Ендеше бүгінгі тәрбие сабағымыздың неге нақты «әже» деп алы отырмыз. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайынның бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Ұлы адамдардың өзі осы әжелерден үлгі алған. Абайдың өзі кішкентай кезінен әжесі Зеренің ертегілерін тыңдап өскен. Шоқан да әжесінің өнеге сөздерін күнделік дәптеріне жазып қойғандығы естеріңде ме? Ол қандай өнеге сөз еді? « Байлық та, бақыт та тиянақсыз, ең тиянақты қасиет – өнер - білім».

«Рухани жаңғыру» бағдарламасындағасы

Мұғалім сөзі: 1мин

  • Ендеше осы тақырыпты өрбіте түсу үшін бірнеше тапсырмалар орындаймыз.

Ол үшін топтап отырғызып, Сіздерге «Қамқорлық», «Мейірімділік», «Қуаныш» деп айдарлып қойдық.

1-тапсырма 3 мин

Ендеше сол топтарға қойылған атаулардың мағынасын аша түсу үшін, сіздерге постер ұсынамын, соған түсініктеме беріп мағынасын аша түсесіздер.


2-тапсырма

«Әжем жайлы ой толғаймын» 4 мин

Балалар, мен сіздерге 4 жолды,яғни,1 шумақ өлең ұсынамын, ал сіздер сол өлеңнің мазмұны желісінде мәтін құрап,оқып таныстырасыздар.




3-тапсырма 5 мин

«Болжау » стратегиясы арқылы берілген атақты тұлғалардың әжелерін сәйкестендіріңдер.


Абай Құнанбаев Дінәсәл

Шоқан Уәлиханов Тиін

Бауыржан Момышұлы Зере

Мұқағали Мақатаев Айғаным

Мұхтар Әуезов Қызтумас


4-тапсырма 7 мин

«Әжеме сыйлық жасаймын»

Балалар, сендер үлкен болғанда әжелеріңе қандай сый құрмет көрсетесіңдер? Мысалы ақындар өлең шығарса, суретшілер портретін салып өздерінің әжесіне деген құрметтерін көрсетіп жатады.қазір мен сендерге түрлі-түсті қағаз , түрлі-түсті қарындаштар,желім беремін. Ал,сендер сол берілген заттардан барлық арман,тілектеріңді біріктіріп «Бір сыйлық» жасап шығарасыңдар және соны қорғап түсіндіресіңдер.


5-тапсырма 4 мин

«Сағындым әже өзіңді»

Ал, барлық баланың әжесі болады,қазір балалар сабағымызды қорытындылап,бүгінгі сабақтан түйген ойларыңды қорытындылап, Сол әжелеріне арнап жылы лебіз бен балалық тілектеріңді жазып ашық хат жазып,поштаға саламыз.


6-тапсырма

Қазір караокеде «Ақ әжем әнін» бәріміз бірге орындаймыз.

Әже туралы өлеңді караокеде шырқау. 3 мин







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
670
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі