жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты. "Әдептілік-әдемілік". Бастауыш сынып.
Әдептілік- әдемілік.
Мақсаты: оқушыларды кішіпейділікке,ұлкенді сыйлауға,
адам бойындағы ұнамды қасиеттеді сіңіріп, ұнамсыз қасиеттерден аулақ болуға үйрету.Әдептілікке,
сыпайылыққа тәрбиелеу.
Типі: өнеге сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО, сұрақ-жауап, ой бөлісу,слайдпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, шар,
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен. Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық.
1-ші слайд «Үлкенге құрмет кішіге ізет» видиоролик -.
1-ші сөз:Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар бүгін « Әдептілік-әдемілік» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер .
2-ші: - Олай болса әдептілік дегеніміз не? Әдепті бала қандай болады? 2-3- ші слайд «Әдепті бала»
Оқушылар:әдепті бала –мәдениетті, кішіпейіл,үлкенді сыйлайтын,қамқоршы.Үкенді құрмет тұтады,көшеде,мектепте,асханада,көлікте,қонақта амандасып жүреді. 3-ші:-Әдептілік туралы мақал-мәтелдерді жалғастырайық. 4-ші слайдпен жұмыс.
Әдепті бала –арлы бала,әдепсіз бала сорлы бала.
Әдепті бала ата-анасын мақтатар,әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
-Әдептілік неден басталады?(Сәлемдесуден)
3-ші: «Білер қазақ баласы , сәлем сөздің анасы» «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді, -деген өнегелі өсиет бар. Сәлем беру имандылық, көрегендік болады. Үлкенге сәлем беру кіші адамның міндеті.Кіші адам үлкен адамға сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік,көргенсіздік болады.
Алдымыздан кезіккен, Көп танысты көреміз. Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз. - Сәлеметсіз бе, ағай! -деп, - Сәлеметсіз бе ,апай!- деп, - Есенсіз бе,әжей! – деп, - Амансыз ба, атай! –деп, Ұл-қыз сәлем береміз!
Өнегелі өренбіз.
4-ші:Сәлемдесу рәсімін көрсету «.Ата мен баланың,әже мен қыз баланың көрінісі.»
1-ші оқушы:Ата-ананың тілегі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тілегі,
Адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің,
Әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің
Әуре салсаң әлегің.
2-ші оқушы:Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында
Ұрыс пен керіс айқай-шу.
Ұстамды бала маңынан
Ұнамды қылық байқайсың.
5-ші ж.Тәртіпсіз бала ұрыншақ,
Маңайдағы балаға тыным бермейді.
Қазіргі тамашалайтындарыңыз шағын көрініс:Төбелесіп жатқан балаға заңды үйрету..
6-шы.Құқық дегеніміз не?
Оқушылар құқық үкімет шығарған тәртіп ережесінің жиынтығы.
7-ші.Жаңағы көріністен қандай қорытынды шығаруға болады? Оқушылар:-Олар өктемдік , сотқарлық көрсетіп, қолдарын жұмсады. 5 5-ші слайд «Апаның тілін алса егер» 8-ші.Біз осындай жаман қылықтардан жиреніп, өнегелі , тәртіпті, әдепті боламыз.Ендеше әдептілік туралы өлең –жырларымызды жалғастырамыз. 9-шы.Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің соры болады, - деген осы ғой.
3-ші оқушы:Құс ұясын бұзбаймын,
Бүлдірмеймін жейдемді.
Қабырғаны сызбаймын.
Жинап қоям бөлмемді.
Бос шимайлап шатпақтап,
Дәптерді де жыртпаймын.
Бір күн болмай сатпақтап,
Киімімді құртпаймын.
4-ші оқушы.Апамызды сыйлайық,
Үйдің ішін жинаймыз. Бұрынғыдай егесіп, Қалмау үшін керісіп,
Кел алайық келісіп.
Атқарайық үйдегі,
Жұмысты тең бөлісіп.
5ші оқушы:Атам маған әманда
Әдепті жан бол деген.
Ата сөзі санамда -
Жасы үлкенге жол берем.
6-шы оқушы:Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішнің-
Сәлемдесіп қол берем.
7-ші оқушы:Атам менің әманда
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда -
Мақтанбауды жөн көрем.
Көрініс «Әдеп».
Бұл көрініс бойынша қандай пікір айтасыңдар? Оқушылар:- Үлкен адамға көмектесу керек, жолдан өте алмай тұрса, арғы бетке өтуге көмектесу керек.Автобуста орын беру керек.
Соц.видиоролик.слайд.
8-ші оқушы:Кім үкенді сыйласа, Кім үлкенді тыңдаса,
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де. Сергіту сәті.Оқушылардың орындауында әндер.
Мұғалім:Көшеде.(Проблемалық сұрақтар)
1.Сен өте асығыссың.Себебі сабаққа үлгеруің керек.Көшеде бала жетектеп келе жатқан қария кісіні қағып кеттің.Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді.Сенің әрекетің ..... 2.Апаң сені дүкенге жұмсады.10 минутта барып кел деді.Сен жүгіріп бара жатқанда, алдыңнан бір топ әже келе жатыр.Сенің әрекетің....
Кесте толтыру. «Жалғастыру» ойыны.
«Не істеуге болмайды?» «Не істеу керек?»
Сабақтан( кешігуге болмайды.)
Үлкендерді (сыйлау керек)
Амандасуды (ұмытпа) ата-ананың :(тілін алу керек) Ысқыруға (болмайды)Оқу құралдарын (күтіп ,таза ұстау керек) Өзіңнен кішіні (ренжітпе) Көлікте өзіңнен үлкен адамға (орын беру .)
Ой толғау.
1-ші. «Әдептілік»- деп , қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз?
10-оқушы:Әдептілік деп , үкенді сыйлауды , достарды , айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз.Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей -ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп ардақтай біледі.Көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
11-Оқушы:Сонымен әдептілік дегеніміз -ізет, инабат, сыйласым , құрмет, қамқорлық.Кешірімді болуымыз керек.
Жас –кәріге сіз деген,
Жақсы үлгі іздеген.
Дос боламыз біз деген,
Ізетті ұл мен қызбенен Ой толғаныс «Әдептілік» слайд.
Мұғалім:-Оқушылар , бүгінгі сабақта «балалар құқығын ұқтыңдар ма?»Оқушылар: -ұқтық!Оқуға ,өмір сүруге, өз ойымызды айтуға,зорлық- зомбылыққа қарсы тұруға және бақытты өмір сүруге құқымыз бар!
-Осымен тәрбие сағаты аяқталды.Тыңдап көргендеріңізге рахмет! -Хош, сау болыңыздар! –Қымбатты оқушылар ! Бүгінгі тәрбие сағатының үлкен тәрбиелік мәні мен мазмұны бар.Барлықтарың «Әдепті бала» қандай болу керек екенін жақсы ұқтыңдар.Алдағы уақытта тәртіпті де, тәрбиелі ұл –қыз болып , адамгершілік қасиеттерді биік ұстап , мектеп ішінде , үйде,қоғамдық жерлерде өздеріңді де, өзгені де сыйлайды деп сенеміз. 9-шы слайд. Үйге тапсырма. «Әдептілік» туралы мақал-мәтелдер тауып жазып келу.
«О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебі» КММ
Тақырыбы:
«Әдептілік-әдемілік»
4«ә»сынып
Дайындаған: Шертанова А.Н. 2018-2019 оқу жылы.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген