жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты. "Айналайын анашым" Бастауыш сынып.
Айналайын анашым.
Мақсаты:Оқушы бойына адамгершілік, мейірімділік ,кішіпейілділік және анаға деген шексіз махаббат сезімінің қалыптасуына ықпал ету.Мәңгілік перзенттік парызда жүретінін ұғындыру. 1-жүргізуші: -Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан ,анаңның ақ сүтінен таралған.Сондықтанда құрметті асыл аналар,қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар!Бүгінгі тәрбие сғатымызды сіздерге арнаймыз. «Ана» дейміз бәрімізде аңқылдап, «Ана» дейді жас сәбиде жарқылдап. Ана деген бәйтерегі өмірдің, Ана деген алтын қазық,алтын бақ.
Ана десем,сезім билер тым ыстық, Жарасымды адамдарда туыстық. Бар адамға берсе ананың мейірін Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Дүниенің жарық күні -анамыз, Дана болсаң ,анаменен данасыз. Алдыменен тыңдаңыздар ,ағайын, Аналарға арнап бір ән саламыз. Ән: «Анашым»
-Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар.Ол –ананың ақ сүті, күннің нұры ,сәбидің күлкісі, -дейді даналар. Аналар туралы ақын-жазушылар не дейді.
-Аяулы анам ,асыл анам,жан анам, Артық көрем мен өзіңді басқадан . Жұмыр жерде мейіріммен шуақты, Дәл өзіңдей бере алмайды басқа адам.
Аяулы анам, асыл анам,жан анам, Бұл жалғанда өзіңе тең бар ма адам?! Жанұяға, жер-жаһанға, баршаға Жан жылуы тек өзіңнен тараған.
Аяулы анам ,асыл анам ,жан анам, Қалам алып өзіңе арнап жыр жазады бір балаң, Өзің жүрсең ,әр көктемде күлімдеп, Қуанады өзің түгіл мынау маң,
Аяулы анам, асыл анам, жан анам, Сенің айтқанәрбір шуақ сөздеріңнен жаралған, Өзің мені тәрбиелеген жолдардан, Бақыт ізін көріп келем, жоқ арман!
1. -Әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі,қамқоршысы,ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. «Ана-жүрек, жүректі құдірет де,Ана тірек, тіректі құрметте. Ана шыңың,шыңыңа сағынып жет,Ана-күнің,күніңе табынып өт»
2. -Расында да,адамның әдептілігі мен жан-дүниенің сұлулығы,ең алдымен балаға ақ сүт беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге ең алдыменанадан тарайды.Ананың нәзік үні,жұмсақ та аяулы алақаны, жан жылуы мен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді.
3. Қайран өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ,мейірімді не рақымсыз, кесір ,қырсық болса да бәрі бір шексіз сүйеді.Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық барма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек . Өз баласын бағып –қағуда ол өзін-өзі ұмытып, барлық күш –жігерін сарқа жұмсайды.Бұдан оның жаны байи ,нәрлене түседі.
4. -Әрине ,ананың да анасы бар.Халық: «Туған ана ана емес, асырап өсіріп тәрбиелеген –ана» дейді.Баланың анаға деген жәй махаббаты жеткіліксіз ,оны барынша құрметтеп, сыйлау парыз. Әрине мұндай қасиет іштен тумайды Ол біртіндеп адам бойына қалыптасады. Жүргізуші: -Баланың да тірегі, Дананың да тірегі, Шаншымасын ешқашан! Аналардың жүрегі.-дей отырып ,келесі тақпақтарымызды сіздерге арнаймыз.
Ана десем, алғыс алам халқымнан, Ана десем, теңіз болам шалқыған. Ана десем, ашылады қабағым, Ана десем әділдікті ұғамын.
Адам бар ма ана сүтін татпаған, Алуан-алуан ауыр сынды аттаған, Адалдықты ,ар-намыстысақтаған, Мен ананың сонысына мақтанам.
Аяулы да алтын нұрлы анашым Жүрнгіммен мәңгі бірге боласың. Сен асқарсың ,сен аспансың,биіксің Сен дарқансың,сен жомартсың, данасың.
Ана өмірдің қуанышы тірегі, Бала оның жұбанышы жүрегі, Ана алдында ел жауы да бас иген, Олар дәйім тыныштықты тіледі.
Сенен өскен балалар , Сенен өскен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті аналар!
«АНА» туралы ән.
Жүргізуші:
-Құтты болсын, анашым, мереке, Бола берсін әрдайым береке. Кеуде толсын дәл бүгін, Құшақ –құшақ гүлдерге.
Қонаққа келген аналарға құрмет көрсетейік. Сахнаға оқушылар шығып, өз аналарының алдына барып ,аналарына өмірге әкелгені үшін шексіз алғыс айтып, сыйлықтарын береді
«Анашым» әні орындалады.
Жүргізуші :
Сен менің әкемдейсің ,анамдайсың, Мен үшін армандайсың, алаңдайсың. Ұстазым сенен артық ақылшым жоқ, Амандық пен парасаттан жаралғансың.
Қыз дегенің – қызыл гүл ғой қырдағы, Қыз дегенің – асыл тас қой судағы. Егер сенің қолың жетсе сол гүлге Бақыттымын деп санашы өзіңді.
Құрметті аналар бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын .Өмірге әкелген ұл-қыздарыңыз сіздерге тек жақсылық әкесін.Жүздеріңізден тек қуаныш сәулесі шашылып тұрсын.Аналар мерекесін жақсы қарсы алыңыздар.Қазір балаларыңыздың өздеріңізге арнаған концерттік бағдарламасын көріп тамашалаңыздар..
«О.Бапышев атындағы жалпы орта мектеп К.М.М.»
Ашық тәрбие сағаты.

Дайындаған:Шертанова Алия. 2017-2018 оқу жылы.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген