жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты. "Алтын күз" Бастауыш сынып.
Алтын күз.
Мақсаты: «Алтын күз» мағынасын ашатындай әр кейіпкерге сипаттама беру, сахналық қойылымдарда ойнай білуін дамыту,эстетикалық тәрбие беру.Қонақжай болуға ,молшылық қадірін білуге тәрбелеу.
Көрнекілігі: «Алтын күз» ханшасы, жеміс-жидектер көрмесі,суреттер.
Сабақтың барысы:1.Алтын күзді шақыру.
-Армысыңдар ,достарым!(Алтын күз)
Жүргізуші:Қазақ деген даламнан,
Әруақты бабамнан,
Ардагерім әкемнен,
Ақ жаулықты анамнан
Сәлем саған ,Алтын күз!
Сайқымазақ: Алақай-ау,алақай,
Бүгін мейрам балақай.
Көңілді ғой Алтын күз,
Кел балақай сапты тіз.
(«Қалқатайдың даусы» әнімен)
Әрі сұлу, әрі алтын,әрі игі,
Келші күзім шуақты,мерекелі,берекелі,әлеулім-ай.
Жүргізуші:Алтын күзді қарсы алып
Би билейміз ән салып.
Ұлы тойдай ұлы ісім,
Жаралған ел жыр үшін
Бақта сұлу жемісім,
Қырда бидай –ырысым.
Алтын күз:Жарайсыңдар рахмет!Енді менің нөкерлерімді тыңдаңдар.
Қыркүйек: Тіл күні ғой 22-қыркүйек
Әрбір пенде тіл ұстарту керек
Ал күн мен түннің теңелуін айтсам мен:
Ерекше күн -23 қыркүйек.
Қазан: 1-қазан-Музыка,Қарттар күні,Мұғалімдер күні және бүгін «Алтын күз» мерекесі құтты болсын!
Қараша: Қарашаны каникулмен бастаймыз,
2-тоқсанды да тәмамдап тастаймыз.
Қыс келгенін білгендей бәріміз де
«Жылы киім жоқ қой» деп саспаймыз.
Бақта: ағаш,гүл, картоп,қызанақ, пияз, құстар.
Бау-бақшаға саяхат.
Ағаш, ағаш , тыңдайықшы,
Айтшы бізге сырыңды!
Ағаш: Күншуақта маужырап
Жатыр едім атырап
Қыс ызғарын сезгендей
Жабырқайды жапырақ
Алтын сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ
Бұтағымнан жамырап
Ұшты кенет жапырақ.
Сайқымазақ:Ой алақай тамаша!
Шашу шашты жапырақ.
-
Гүлді тыңдайық.
-
Гүл: Аспайды ай сәулесі қабағымнан,
Мен -дағы үзілемін сабағымнан
Өмірдің мағынасын түсінші сен,
Адамға әсемдік үшін жаралғанмын.
Сайқымазақ:Жаз гүліндей көркің қайда?
Неге жаным мұңайдың?
Мен білетін назың қайда,
Жадарашы шырайлым
Жаралдың ғой адам үшін,
Солдырмаймын мен сені-ай,
Иісіңнен айналдым.
-Қараторғайды қараңдар, көкөністердің қасына келіп қоныпты,әңгімелесіп тұр ғой деймін.
Қараторғай: Әй мешкейлерім -ай, сендер жерге жарбиып жата бергенге мәзсіңдер.Ештеңе көріп ,ештеңе естімейсіңдер. Ал мен болсам,жарық дүниенің жартысын шарлап келдім.Бармаған жерім жоқ.
Картоп: Сол да сөз болып па?Сеннен басқалар жер көрмеп пе?Менңғ туған жерім Оңтүстік Америка.Бұдан 500жыл бұрын Оңтүстік Америкаға испандықтар келді.Олар бір үйшіктен менің домалаған түйнектерімді тауып алды. «Өзі өте дәмді тартуфолса деген саңырауқұлаққа ұқсайды екен» деп жеп көреді.Сөйтіп мені испадықтар тартуфоли деп атйды.Бір қапты толтырып алып Испанияға кетеді.Содан Италияға, Францияға жеттік.Ең соңында Ресейге келдік.Олар бізді картофель деп атаған.Ал қазір картоп деп аталып жүрміз.Сөйтіп менде саяхатшыдай жер жүзін аралап жүрмін.
Қызанақ:Менің сонда сендерден қай жерім кем? Менің де отаным Оңтүстік Америка.Біле бісеңдер Үндістер мені алғашқыда томат деп атаған.Бұл - үкен жеміс деген сөз.Ал помидор деген атты Итальяндар берген.Олар мені көрген бойда «помидоре» деп айқайлапты. Онысы «Алтын алма» дегені екен. Ал Фанция мен Ресейде мені улы деп санап, тек әдемілік үшін өсіріпті. Тек бір батыр орыс мұжығы ғана алқызыл жемістің дәмін татып көреді.Сонда уланбақ түгілі ұрты да қисаймапты.Сөйтіп ,дәмді әрі пайдалы жеміс екенін елдің бәріне жариялапты.Сөйтіп мен томат, помидор ,қызанақ аталғанмын.
Қараторғай:Міне қызық, ал сен не дейсің,пияз қария?
Пияз: Менің де айтатыным сол, туған жерім – Азия, Еурпа ,Африка.Бірақ оның тұрғындары мені ащы деп онша жақтырмайды, дегенмен жауынгерлерге «Күшті, батыл болады» деп мені күшпен жегізеді. Кейінен түрлі ауыруға ем ретінде қолданады.
Картоп: Енді қалай, қараторғай , сөзіңді қайтып аласың ба? Жоқ әлде басқа көкөністерді тыңдап көресің бе?
Қараторғай үндемей ұшып кетеді.
«Құстар қайтып барады» әні
Сайқымазақ:Алақай , көкөністер пісіпті!
Алма:Мен алмамын,алмамын,
Таңдай татар бал дәмім
Мына тәтті бал дәмді
Дастарханға тартамын.
Жүзім:Жүзім пісті бір-бірлеп,
Үзіп мәзбіз біз енді
Қоңырауы күмбірлеп,
Қыркүйекте күз келді.
Құлпынай:Жапырақты тасалап,
Өскен жері бақша –бақ
Күрең қызыл шіркін-ай,
Оның аты құлпынай.
Қауын:Жинап жатыр ауылым
Сап-сары ала қауынын.
Алмақ едім үлкенін,,
Ауырын-ай ауырын.
Асқабақ:Асқабақтың дәмі,
Таңдайымда әлі.
Кептірілген дәмі,
Таптырмайтын дәрі.
Қарбыз:Күннің нұрлы шуағы,
Шұғыла боп шығады.
Шөлің әбден қанады,
Көзің шамдай жанады.
Тамылжыған шырыны,
Таңдайымда қалады.
Жүргізуші:Алтын күз сүздің себетіңізде жапырақтарыңыз бар секілді ,олар тапсырмалар болар бәлкім?
Алтын күз:Әрине,бұлар жұмбақтар.
1.Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым.(сәбіз)
2.Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен(жуа)
3.Бүрі-бүрі бар.
Күн келбетті түрі бар.(күнбағыс)
4.Піспегенде сырты қара,өзі қатты,
Ал, піскенде ерекше дәмі тәтті.(картоп)
Жүргізуші.Алтын күз бұларды ортаға неге шығардыңыз?
Алтын күз:Олар айтысқа шығады.
1.Көрініс:
Бағбан:(тырмамен жер жыртып жүреді .Мұқалмаған жігері атай әлі күшінде.Қашан көрсең жүреді,бау-бақшаның ішінде қолы неткен епті еді,бәрін өзі істейді.Ертелі кеш кетпені, иғынан кетпейді.
Бағбан:Күнбағысқа келеді.
Күнбағыс-ау күнбағыс
Күнді сүйген сен нағыз
Төбеңнен күн өтпейме?
Таңдайың кеуіп кетпей ме?
Жуа,сәбіз, картоп ұйықтап жатады.
Күнбағыс кенет басын жерден жұлып алды.
Күнбағыс:Күнді-күнді қараңдар!
Шуағын шашып нұр төгіп тұр,
Қане тұрыңдар .Күнді көріңдер.(«әрқайсысын жұлқылап оятады)
Жуа:Не болды?Сәбіз:Бұл не айқай?
Картоп:Ұйқымды бұздың ғой.(есінейді)
Күнбағыс:Әй, сендер-ақ мүлги бересіңдер.Мен сияқты күнді көрмейсіңдерме? Сендер ешкімге керек емессіңдер.
Жуа:Біздің адамдарға пайдалымыз.Менде С,В көп.Жөтелге, тұмауға ,күйген жерге ,басқада ауыруғаларға еммін.
Бағбан:Таласпаңдар барлықтарыңның адамдарға тигізер пайдаларың көп.
Күзде жерімізге сән беріп тұрған алтын дәніміз бидайды ұмытпайық.
Ей, балалар, балалар,
Болмаңдар сірә нанға тар
Өмірдің алтын алтын арқауы,
Бар қасиет нанда бар.
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
«Қырманға кел қалқатай» әні.
Жүргізуші:Құрметті оқушылар, ұстаздар біздер неліктен «Алтын күз» мерекесін тойлаймыз? Неге алтын күз деп атаймыз? Еңбек туралы қандай мақалдар білесіңдер?
Мерекеміз құтты босын! Әр күз өз байлығын, молшылығын әкелсін.
О.Бапышев атындағы жалпы орта мектеп К.М.М.»
Ашық тәрбие сағаты.
«Алтын күз»
Дайындаған:Шертанова Алия.
2018-2019 оқу жылы.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген