Мерекелік ән шашудың
тақырыбы: «Ана өмір
шуағы»
Мақсаты:
1. Балаларға 8 - наурыз туралы түсінік беру.
Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Анаға
деген бала махаббатын ояту.
2. Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді
білуге, үйренуге және олардың логикалық ой – өрісін, тіл байлығын,
сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен
дарындылығын дамыту.
3. Балаларды мейірімділікке, аналардың
өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген
сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суретті плакаттар,
қабырға
газеттері, нақыл сөздер,
гүлдер.
Сабақтың
барысы:
1-жүргізуші:
Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
2 –
ведущий: Уважаемые
мамы, бабушки, учиетеля. Мы от всего сердца поздравляем Вас с таким
прекрасным весенним праздником 8
марта.
1-жүргізуші:
Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.
Ана деген – бастауы
ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Олай болса Жармаханды қарсы алайық
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол
соғайық!
Алдарыңызда әнші ұлдарыңыз
« Әке-ана » атты әнімен Тұралы Жармаханды қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады. Әдеби сазды монтаж қазақша
2 –
ведущий: Дорогие мамы, уважаемые бабушки. Какие
замечательные сегодня наши ребята, какие добрые, солнечные! Но, к
сожалению, так бывает не всегда.
Часто наши дети
так упрямы!
Это знает
каждая из мам.
Говорим мы
что-то своим детям,
Но они совсем
не слышат мам.
1) жүргізуші
Құрметтейік, о адамдар,
аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Ана есімін ауызға алмайтын адам баласы жоққа тән. Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тиесілі. Жердің өзіне де Жер - Ана деп теңеу айтып жүрген жоқ па? Ана хақында ғұлама атаулының бәрі де жүректерінен жарып шыққан асыл сөздерін қалдыруы сондықтан.
2-ведущий –
- Мы
поздравляем в этот день весны
Всех наших мам
и бабушек. Желаем
Здоровья,
счастья, вы нам так нужны,
Как жить без
вас, совсем не представляем.
1жүргізуші:
Ару - Ана өмірдің
асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, - дей отырып оқушылардың орындауындағы
тамаша әнді қабыл алыңыздар.
Хор:
Ән: «Құттықтаймын мама - туған күніңмен!»
Ән: «Анаға сәлем» әні. (хор)
Сөзі:О.Иманәлиев Әні:Е.Хасанғалиев
2-жүргізуші: (Әсем)
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып, оқушыларымыздың орындауында ұсынамыз. Ән « Анашым ана жаным» әнімен Бақытқали Гүлханды қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:
«Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.
2-жүргізуші:
Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.
1-жүргізуші: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
1-жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл
бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті мың
бұралған бишілерге береміз.
«Әсем ән »
би
2-ведущий
Мы будних дней
отложим все дела,
И перед мамой
преклоним колени,
Спасибо ей за
то, что жизнь дала,
Оберегала нас
без устали и лени.
(
сейчас для
Вас выступает учащаяся 5 класса
Орынбаева Аружан
)
1 жүргізуші
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер!
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.
Алдарыңызда қазіргі әсем биді
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, « Флешмоб », би
2-жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай Асанқызы Келбет пен Кенжеболатқызы Гүлбаршынды әсем әнмен қарсы алыңыздар.
1) Жүргізуші
Елбасы Н. Ә. Назарбаев былай деген екен:
«Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын
ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де,
бірегейі де біздің қазақ».
Бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөз,
күмбірлеген күй, шырқалатын ән сіздерге
арналмақ.
Жан анам, құттықтаймын мереке
күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт
гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт
бағы,
Жазбасын шат көңілін ақ күнімен, - дей келе
тағы бір тамаша бидің куәсі
болыңыздар. «Орысша
би»
2-жүргізуші:
Дүниедегі ең кемеңгер
дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы, – деп аналарымызбен ойын ұймдастырып
жіберейік, аналар жайлы даналық сөздерді қаншалықты көп біледі
екен? Байқап көрейік? Ойын шарты: Біз мақалдың басын айтамыз,
сіздер жалғасын табуларыңыз керек. Ең көп тапқан топтағы аналарға
сыйлығымыз бар.
1. Алып анадан туады,
Ат биеден туады.
2. Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс.
3. Ана сүтін ақтамағанды ешкім жақтамайды.
4. Атыңа ауыр жүк артпа,
Анаңа ауыр сөз айтпа.
5. Анасын сыйламағанды адал деме,
Ұстазын сыйламағанды адам деме.
6.Тапқан ана емес, баққан ана.
7. Анаңа рақым етпесең,
Балаңнан рақым күтпе.
8. Анаға баланың алалығы жоқ.
9. Ердің анасы – елдің анасы.
10. Ананың ізін қыз басар,
Әкенің ізін ұл басар.
11. Анасын сүйгеннің баласын сүй.
12. Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.
(Ат салысып қатысқандарыңызға рахмет)
Әнші қыздарыңыз Сейітқазы Гүлістанды Анашым әнімен қарсы алыңыздар
Әдеби монтаж : Орысша ағылшынша
1 жүргізуші
Күнінде гүл көктемнің нұрын
шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Бишілер келді міне толқып, тасып. Ортада мың бұралған бишілерді
қарсы алыңыздар! «флешмоб»
2 жүргізуші:
Кең кеудеңе гүл болып
тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім. Алдарыңызға әнші
қыздарыңыз Орынбасарқызы Алтынарай мен
Темірғали қол соғып қошеметтеп қарсы
алыңыздар!
Жігіттерді Бәйге биімен қарсы алайық
Ең соңында оқушылар алдын ала ашық хаттарымен шоқ гүл немесе
сыйлықтар ұсынады.
1-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз
аяқталды.
Аналар, қалқып бақыт
аралында,
Лайым мұң қонбасын
жанарыңа.
Осымен кешімізді
аяқтаймыз,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа, - дей отырып,
мерекелік кешімізді
аяқтаймыз.
Ардақты аналар, мейрамдарыңыз құтты
болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты "Ана-өмір шуағы" 5 сынып

шағым қалдыра аласыз