Мақсаты:
Білімділік: Ұлттық салт- дәстүр туралы
алған білімдерін, білгендерін тереңдету арқылы халық даналығын
ұрпақ санасына сіңіру.
Тәрбиелік: Білімді болуға,
адамгершілікке, шапшаңдыққа , намысты, жігерлі
болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ұлттық тәрбие туралы
естерінде қалдыру. Сөйлеу, ойлау қабілеттерін
дамыту.
Көрнекілік:
компьтер, тасымалдағыш құрылғы, слайдтар,
әріптер
жазылған қиықшалар,
асық.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе бөлім
Мұғалім: Саламатсыздарма, құрметті оқушылар! Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениеті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Салт-дәстүрлі ел – мықты, әрі түбі берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу-әрқайсысымыздың борышымыз. Сондықтан бүгін сіздермен салт-дәстүрге байланысты «Асыл-қазына» атты танымдық сайыс өткізілгелі отырмын.
Салт-дәстүріміз туралы шағын бейне көрініске назар аударайық.
Бүгінгі сайысқа қатысушы топтармен таныс болайық.
1. Жалын тобы
2. Алтыбақан тобы
3.Тұмар тобы
Сайысымыздың әділ бағасын беруші қазылар алқасын сайлап алайық.
1. Директордың тәрбие ісінің меңгерушісі –
2.
3.
ІІІ. Негізгі бөлім
Сайысымызды бастамас бұрын
сабақ бағдарламасымен таныстырып
өтейін :
І тур: Сандар
сыры
ІІ тур: Сөз
мерген
ІІІ тур: Білгенге
маржан
ІV тур: «Салт-дәстүрім
қазынам»
V тур: «Адасқан
әріптер»
VІ тур: Ырымдар мен
тыйымдар
Сайыскерлер, халқымыздың дәстүрлерін
қаншалықты жақсы білетіндерінді байқаймыз. Сіздерге сәттілік
тілеймін!
І кезең
Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, саналап айтып отырған. Әр санның ерекше қасиеті бар. Сондықтан 1 кезеңді «Сандар сыры» деп атадық.
Үш арсыз, (ұйқы, күлкі, тамақ), үш ғайып (қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал) үш жетім (оты жоқ жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, елінен ауған ер жетім, тыңдаусыз сөз жетім, жоқтаусыз кыз жетім)
Бес қару (шоқпар, айбалта, найза, садақ, қылыш)
Жеті қазына (құмай тазы, жүйрік ат, ер жігіт, сұлу әйел, ақыл білім, қыран бүркіт, қақпан).
Екінші кезең:
Тіліміз дүниежүзіндегі ең
сөздік қоры бай, бейнелі де бедерлі, көркем де кестелі тілдерінің
бірі екені бәріне аян. Өйткені қазақ халқының ұлттық ойлау
ерекшелігі – дүниені көркем образбен қабылдауында.
Ал, енді екінші кезеңіміз «Сөз мерген» деп
аталады. Сіздерге экранда 3 ұяшық
көрсетілген. Сол ұяшықта берілген сөздерді қатыстырып тұрақты сөз
тіркестерін, мақал-мәтел, нақыл сөздерді құру және оның баламасын
табу.
Мысалы:
Күшік
Мысық
Тауық қиянда
Ит
Ит арқасы қиянда – алыста
Бірінші ұяшық: І-топ
Бала
Әйел жиған
Қыз
Адам
Қыздың жиған жүгіндей
(«Қыздың жиған жүгіндей», «қыздың тіккен кестесіндей» деген теңеулер қыз баланың ұқыптылығы, шеберлігі деп біледі. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігіне жанының нәзіктілігіне әрі іске талапты да алғырлығынан, өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек. Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды, оған қатты сөз айтпай мәпелеп өсіреді.)
Ат
Тай
Сиыр ала қашты
Ешкі
Ат тонын ала қашты.
(басын алып қашу)
Қызыл
Жасыл болу
Көк
Сары
қызыл кеңірдек болу – дауласу
Екінші ұяшық:
Сиыр
Ат
Түйе салмау
Қой
Ат ізін салмау
( хабарласпау)
Күшік
Мысық
Тауық қаптады
Ит
Ит терісін басына қаптады
( ұрысты, сөкті, балағаттады.)
Балғын
Үлкен
Жас керіспес
Кәрі
Кіші үлкенмен керіспес
Үшінші ұяшық.
Күшік
Ит
Тауық өлген
Қаз
Ит өлген жер
(алыс, қашық, шалғай;)
Күн
Ай
Жұлдыз туды
Жер
Айы оңынан туды.
(жолы болды)
Тар
Кең
Ұзын болмайсың
Қысқа
Кең болсаң кем болмайсың
3- кезең: Бұл кезеңде бейне роликтер берілген, сол бейнероликте көрсетілген бейнебаян арқылы бейнеленген көріністің атауын атап, тарихымен таныстыру.
Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.
Көкпар-жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды.
Сыңсу - қыз ұзату дәстүріне байланысты туған тұрмыс-салт жырларының бірі. Бұл - қыздың ұзатылар алдындағы ел-жұртымен, ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымен, туып- өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады. Сыңсуды ұзатылатын кыз тетелес сіңілілері немесе жас жеңгелерімен үй-үйді аралай жүріп белгілі әуенмен айтатын болған. Сыңсу өлеңдерін ақындар немесе қыздардың өздері шығарады. Ұзатылып бара жатқан қыз сыңсу арқылы жұртқа естірте өзінің мұңын, қайғы-қасіретін шағады.
Құсбегілер қыран құсты тор құрып ұстайды немесе қарақанат балапан кезінде ұядан алады. Оның аяғына балақбау мен шыжым тағып, көзіне томаға кигізеді. Құсты әуелде шыжыммен ұшырып, қайыруы жеткен соң семіртіп түлетеді. Бұдан кейін құсты ақжеммен асырап, бос керілген арқанга қонақтатып, ұйқысын алып арытады. Жеңіл ұшып, жеңіл қонатын күйге келгенде аңға салады.
Саятшылық яғни құс салып аң аулау өнері де қазақ өміріндегі сирек кездесетін қызықты салт. Мұндай адамды «құсбегі» деп атайды. Құстың «тілін» білетін және оның мінез-құлқын, жан-дүниесін, қасиеті мен табиғатын білетін адамдар бұрын көп болған. Олар қазір де бар, бірақ сирек кездеседі. Құсбегілер көбінесе бүркіт, лашын, сұңқар, қырғи, тұйғын, ителгі сияқты жыртқыш құстарды ұстап аңға салып баулиды.
Саятқа шыққанда құсбегі бүркітін ашықтырып алып шығады. Өйткені, атамыз қазақ айтқандай, «тоқ бүркіт түлкі алмайды». Сол сияқты, аңшы да жылы киініп, бүркітке қажетті жабдықтарының бәрін сайлап алады. Негізінен саятқа қар жауған күні, таңмен ерте аттанады. Жауған қарға дала аңынан басқа бөгде жануардың ізі түспей тұрғанда кәнігі аңшылар жер шолып, бағытын айқандап алады.
4-кезең. Бұл кезеңде «Салт-дәстүрім қазынам»
Қазақта «Алты жыл аш болсаң
да, атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Осы кезеңіміздің сұрағы
ата-баба дәстүрі мен салты, жөн-жоралғысы
туралы.
10. Жақын туыстың баласы үйге қонаққа келгенде сый ретінде берілетін мал беру салты қалай аталады? /Көгентүп немесе көгендік/
10. Тұлым дегеніміз не?
Тұлым қою (ғұрып). –Баланың (ұл, қызды) кішкентай кезінде шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны «тұлым» деп атайды. Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады және ол сәбиге лайықты ғұрып.
10. Асар дегеніміз не?
/Жастар отау тіккенде, үй салғанда ауыл адамдарының көмекке келуі./
20. Тымаққа салу мағынасын түсіндір.
/ Шала дүниеге келген сәбиді бесікке салуға келмейді деп тымаққа салған./
20. «Қалау» деген не?
/ Біреудің жақсы затына, малына, мүлкіне көңілі кеткен адам сол үйге барып қалау қалайды. Дәстүр бойынша үй иесі қалаушы адамға қонақасы беріп, қалғанын орындап қайтаруға тиісті./
20. Үт дегеніміз не?
/ Саңылау ,тесіктен үйге түскен күн сәулесінің тозаңдануын қазақ «үт кірді» деп есептейді. «Үт кірді, үйге құт кірді» деген қазақ мәтелінде үлкен мән/
30. "Бүйрек" салт-дәстүрлерінің мәнін ашыңыз.
/ Жақын, таныс, көрші адамдар соғымнан кейін бір-бірінің балаларына әдейі арнап бүйрек араластырып сыбаға береді. Бұл балаларыды жақындастырып, туыстықты нығайтады деп білген./
30. «Сонар» деген не?
/ Қыстың күні алғашқы қар түскенде жүрген аңның ізі тайға таңба басқандай анық көрініп жатады. Аңшылар бұл күні аңға шығады да, ізіне түскен аңды соғып алады /
30. "Есекке теріс мінгізу" дәстүрін түсіңдіріңіз.
/Балалары ұрлық жасап, тәртіп бұзған жағдайда берілетін жаза. Тәртіп бұзған баланы қара есекке теріс мінгізіп, бетіне күйе жағып, мойнына құм іліп ауыл арасын аралатқан./
5 кезең: Сергіту сәті «Адасқан әріптер» сайысы. Сіздерге үш конверт беріледі.Сол конферттегі әріптер арқылы, сіздер салт-дәстүрімізге қатысты сөздер құруларыңыз керек.
Байғазы, көрімдік, сүйінші
6-кезең: «Ырымдар мен тыйымдар»
Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдарының орны ерекше. Бұл ырым-тыйымдарды, наным сенімдерді кейде халықтың ұзақ жылғы тәжірибесінен шыққан түсінігіне, кейде қарапайым әдеп қағидаларына жатқызуға болады. Мысалы, адамзаттың алтын бесігі - табиғатқа байланысты: құмырсқаның илеуін бұзба, суға түкірме, көкті жұлма, ысырапшылдыққа жол берме, т.с.с.
1. Жолаушыға қайда барасың деп
сұрамайды (жолаушының жолы болмай қалады
дейді, сондықтан, «жол болсын» деп
сұрайды.)
2. Балаға құйымшақ
жегізбейді (бала ұшқалақ, жеңілтек,
сабырсыз болады дейді)
3. Әлдеқайда біреу қайтыс
болды деп жаңсақ айтса неге жориды?
(ұзақ өмір сүреді деп
жориды)
4. Ауылға атпен шауып келуге
болмайды (қаралы хабар жеткізгенде
немесе ауылға жау шапқанда шауып кіреді)
5. Жақын адамға мысық, ит,
пышақ немесе басқа да қару
сыйламайды (араздасып қалады дейді)
6. Аң-құс балалағанда,
төлдегенде, балапан өргенде аңға
шықпайды (табиғатты аялау, жан-жануар
басының көбеюін қадағалау, обалына қалмау)
7. Ішінде суы, тамағы бар
ыдыстың бетін ашық қалдырмау
(тазалық жағынан шөп-шалам,
шіркей түсіп кетеді және жын-шайтан жалап кетеді дейді)
8. Жас балаға, қызға кәрі
жілік ұстатпайды (ер бала бойдақ жүріп қалады,
қыз бала оң жақ босағада отырып қалады дейді.)
9. Ымырт түсе үй тазалама,
қоқыс шығарма (үйдің ырысы
кетеді)
Сайысымздың ұпайын білу үшін сөз кезегін қазылар алқасына берейік.
Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты – заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүрлерімізді көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымыз өнім беріп, тамырын тереңге жайған алма ағашымен байланыстырдым. Сол себепті әрбір жас ұрпақ өсіп, тамыры берік орналасу үшін ата-бабаларымыздың жолын қуып, жоралғысын жасауды парыз ұрпақтық борыш деп білуіміз керек. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.
Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда құрметті оқушылар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ашық тәрбие сағаты" Асыл қазына"

шағым қалдыра аласыз