жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты "Ата-заңым айбыным"
01.09.20.ж
Жамбыл облысы.Мойынқұм ауданы.Мойынқұм ауылы. «Құлыншақ»балабақшасы.
Топ:Мектепалды даярлық топ.
Тәрбиеші: Иманбаева Бакыткуль Абзаловна.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Коммуникация» Оқу іс - әрекеті:«Сөйлеуді дамыту»
Тақырыбы: «Ата Заңым – айбыным» (Тәрбие сағаты).
Мақсаты: Балаларға еліміздің
рәміздерін қастерлеп, өз Отанын сүюге,халқымыздың әдет-ғұрпын,
салт- дәстүрін сақтап, Ата заңымызды құрметтеп,ұлтжандылыққа
,достыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту.
Қазақстанның келешегі екеніне көз
жеткізу.
Көрнекі
құралдар:Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың
суреті, мемлекеттік рәміздер.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ -
жауап, әнұран, ойын.
Блингвалды компонент:Елбасы-Президент, Ту-флаг,Елтаңба-герб,әнұран-гимн.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотиватциялық- қозғаушылық |
Тілек шеңбері: Тілек шеңбері арқылы балалар бір– біріне жылы лебіздерін білдіріп, жарқын көңіл – күй, достық сезім сыйлайды. |
Жарты шеңбер болып отырады.Бір– біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
|
Ұйымдастырушылық- ізденістік
|
- Балалар бүгінгі көңіл күйлерің қалай? -Ендеше балалар бір аптада неше күн бар? -Біз балабақшаға неше күн келеміз? -Ал неше күн демаламыз. -Бүгін аптаның кай күні? Жарайсыңдар балалар Ендеше балалар бүгін тәрбие сағатымыздың тақырыбы«Ата Заңым- айбыным» жайлы тәрбие сағатын өтеміз. Бәріміз орнымыздан тұрып әнұранымызды орындаймыз.
Балалар, біздің жеріміз орман, тау, көліміз өмір сүретін ортамыз бәрімізге ортақ, осыны ешқашан естеріңнен шығармаңдар. Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егемен мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991 жылы алды. Қазақстан Республикасы Конституциясы – Қазақстанның Ата заңы.Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Заңға бағыну тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Өз Отанын танып сүюі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы. 30 тамыз – мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталды. Елдігімнің – реңі,
-Балалар біз қай елде тұрамыз ? -Біз қай Республикада тұрамыз? - Қазақстанның елордасы қай қала? - Қазақстан Республикасының Елбасымыз кім?
Өз еліңнің Туын, Елтаңбасын және Әнұранның құрметтеу ол өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.
-Қатар шапқан қос тұлпар,
Өз еліңнің Туын, Елтанбасын және Әнұранның құрметтеу ол өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау. Отан туы
желбіреп,
Мемлекеттік ту ортасында отыз екі сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар. Ағаш сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген. Күн, арай, қыран және ою өрнек алтын түсті бейнеленген. -Балалар біздің Туымыздың түсі қандай? Онда нелер белгіленген? -Дұрыс айтасыңдар. Әнұраным - жан
ұраным,
Енді балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр Балалар, қане назар салып тындандар!Ойынның аты«Жоқ ,Иә» -Үлкенді силауымыз керек па? -Туымызды жерге тастауға болама? -Елтаңбамызды құреттеуіміз керек па? -Отанымызды сүйемізбе? -Жарайсыңдар балалар Отан Ата заңымыз туралы тақпақтарынды айтып беріңдерші?
Отаным менің-Қазақстан Атыңнан сенің айналам. Бас иіп саған өтемін , Жасай бер жаса Қазақстан. Ұлан байтақ жері бар, Пайдалы қазба кені бар. Тәуелсіз ел-Қазақстан Көркіне көркі жарасқан. Шалдықпадым, талмадым, Арманды арманға жалғадым. Конституция қорғаным, Атасы ол бар Заңның Халық қамын ойлаған Әділдігін жоймаған. Отызыншы тамызда Ата заңын тойлаған. -Жарайсыңдар балалар. -Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Ана тіліміздің мәртебесі көтеріле берсін.Конституция күні баршамызға құтты болсын! Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып «Ата Заңым – айбыным» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Қош сау болыңыздар. |
-Жақсы -7 күн -5 күн. -2 күн -Сейсенбі Бірге ән ұран орындайды. -Ту, Елтаңба, Елбасымызды.
-Қазақ елі -Қазақстан -Нұрсұлтан -Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев.
-Елтаңба
-Тудың түсі көк,шетінде ою бейнеленген.
-Ән ұран
Қызыға сұраққа жауап беріп ойнайды.
-Иә -Жоқ -Иә -Иә
Сезім
Мұзаффар
Аймира
Ерке |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
-Сұраққа жауап берген балалар мадақталады. |
Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Қайталайды: Конституция мерекесі екенін.
Түсінеді: Өз Отанын сүюді, қорғауды,
өзге ұлт өкілдерін құрметтеуді түсінеді.
Қолданады: Өзіміздің
әнұранымызды.

шағым қалдыра аласыз







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген