Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Ата-заңым айбыным"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата заңымызды құрметтеп,ұлтжандылыққа ,достыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі екеніне көз жеткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

01.09.20.ж


Жамбыл облысы.Мойынқұм ауданы.Мойынқұм ауылы. «Құлыншақ»балабақшасы.

Топ:Мектепалды даярлық топ.

Тәрбиеші: Иманбаева Бакыткуль Абзаловна.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Коммуникация» Оқу іс - әрекеті:«Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы: «Ата Заңым – айбыным» (Тәрбие сағаты).

Мақсаты: Балаларға  еліміздің рәміздерін қастерлеп, өз Отанын сүюге,халқымыздың әдет-ғұрпын, салт- дәстүрін сақтап, Ата  заңымызды құрметтеп,ұлтжандылыққа ,достыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі екеніне көз жеткізу.
Көрнекі құралдар:Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың суреті, мемлекеттік рәміздер.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әнұран, ойын.

Блингвалды компонент:Елбасы-Президент, Ту-флаг,Елтаңба-герб,әнұран-гимн.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Тілек шеңбері:

Тілек шеңбері арқылы балалар бір– біріне жылы лебіздерін білдіріп, жарқын көңіл – күй, достық сезім сыйлайды.

Жарты шеңбер болып отырады.Бір– біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық- ізденістік










- Балалар бүгінгі көңіл күйлерің қалай?

-Ендеше балалар  бір аптада неше күн бар?

-Біз балабақшаға неше күн келеміз?

-Ал неше күн демаламыз.

-Бүгін аптаның кай күні? Жарайсыңдар балалар Ендеше балалар бүгін тәрбие сағатымыздың тақырыбы«Ата Заңым- айбыным» жайлы тәрбие сағатын өтеміз. Бәріміз орнымыздан тұрып әнұранымызды орындаймыз.



Балалар, біздің жеріміз орман, тау, көліміз өмір сүретін ортамыз бәрімізге ортақ, осыны ешқашан естеріңнен шығармаңдар. Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егемен мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991 жылы алды. Қазақстан Республикасы Конституциясы – Қазақстанның Ата заңы.Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Заңға бағыну тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Өз Отанын танып сүюі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы. 30 тамыз – мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталды.

Елдігімнің – реңі,
Тендігімнің – тірегі,
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым – арай таңым!
Балаларға конституция кітабының суретін көрсетеді.


-Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздеріміз бар. Мемлекеттің барлық азаматтары - үлкендерде, балалар да мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс.

-Балалар біз қай елде тұрамыз ?

-Біз қай Республикада тұрамыз?

- Қазақстанның елордасы қай қала?

- Қазақстан Республикасының Елбасымыз кім?



Өз еліңнің Туын, Елтаңбасын және Әнұранның құрметтеу ол өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.

-Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай үстінде қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар.
Шарықтаған таза күн
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
-Балаларға елтаңбаны көрсетіп түсіндіреді.


- Балалар сендер мына жерден нені көріп тұрсындар?-

Өз еліңнің Туын, Елтанбасын және Әнұранның құрметтеу ол өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.

Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп,
Туған жердің туына.
-Балаларға туды көрсетіп түсіндіреді.

Мемлекеттік ту ортасында отыз екі сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында  қалықтаған  дала қыраны бар. Ағаш сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген. Күн, арай, қыран және ою өрнек алтын түсті бейнеленген.

-Балалар біздің Туымыздың түсі қандай? Онда нелер белгіленген?

-Дұрыс айтасыңдар.

Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі - бақи шырқалады,
Республика әнұраны.


-Өз еліңнің Туын, Елтаңбасын және Әнұранның құрметтеу ол өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.
Сергіту:

Енді балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр

Балалар, қане назар салып тындандар!Ойынның аты«Жоқ ,Иә»

-Үлкенді силауымыз керек па?

-Туымызды жерге тастауға болама?

-Елтаңбамызды құреттеуіміз керек па?

-Отанымызды сүйемізбе?

-Жарайсыңдар балалар

Отан Ата заңымыз туралы тақпақтарынды айтып беріңдерші?

Отаным менің-Қазақстан

Атыңнан сенің айналам.

Бас иіп саған өтемін ,

Жасай бер жаса Қазақстан.


Ұлан байтақ жері бар,

Пайдалы қазба кені бар.

Тәуелсіз ел-Қазақстан

Көркіне көркі жарасқан.


Шалдықпадым, талмадым,

Арманды арманға жалғадым.

Конституция қорғаным,

Атасы ол бар Заңның


Халық қамын ойлаған

Әділдігін жоймаған.

Отызыншы тамызда

Ата заңын тойлаған.

-Жарайсыңдар балалар.

-Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Ана тіліміздің мәртебесі көтеріле берсін.Конституция күні баршамызға құтты болсын! Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып «Ата Заңым – айбыным» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Қош сау болыңыздар.

-Жақсы


-7 күн


-5 күн.


-2 күн

-Сейсенбі




Бірге

ән ұран орындайды.

















-Ту, Елтаңба, Елбасымызды.






























-Қазақ елі

-Қазақстан

-Нұрсұлтан

-Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев.






























-Елтаңба























-Тудың түсі көк,шетінде ою бейнеленген.









-Ән ұран





















Қызыға сұраққа жауап беріп ойнайды.



-Иә

-Жоқ

-Иә

-Иә









Сезім



Мұзаффар



Аймира



Ерке


Рефлексиялық-түзетушілік

-Сұраққа жауап берген балалар мадақталады.

Сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: Конституция мерекесі екенін.

Түсінеді: Өз Отанын сүюді, қорғауды, өзге ұлт өкілдерін құрметтеуді түсінеді.
Қолданады: Өзіміздің әнұранымызды.














































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2021
1277
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12