Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Аттандық бала шақтан болашаққа"4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған бастауышпен қоштасу ашық тәрбие сағатының әзірлемесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Аттандық бала шақтан болашаққа»

(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)

Мақсаты:

Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу. 
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты ұстаздар, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.

Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат.

Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -

дегендей, бұл да бір қуанышты күн.

1-жүргізуші: 

Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын..

2-жүргізуші: Бүгінгі «Аттандық бала шақтан болашаққа!» ертеңгілігіне қош келіпсіздер.

1-жүргізуші: Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.

2 жүргізуші: - Бүгін біз сауатымызды ашып, білім, негізін қалаған , алғашқы қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен солымызды танытқан ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.

1 жүргізуші: Тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріңіздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Аттандық бала шақтан болашаққа» атты қоштасу мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер! 
Мұғалім:

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда, 
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда. 
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық, 
4 сынып түлектерін ортамызға. 
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады. )

Ерқасым :   Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
                 Жирендік, ажыраттық жамандықты.
                 Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
                  Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты. 


Әділжан : Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
                Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай !
                Мейірлене қарап қойып біздерге 
                 Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.


Дария : Нұр құйған санасына зейіндінің 
                      Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
                      Дарыттың адамдықты шәкіртіңе ,
                      Дамыттың дарын отын бейімдінің

Айсәуле :  Бастауышым – бал бұлағым ,
                  Алдым сенен балдың дәмін.
                  Әріп танып, білім алып
                  Рахметімді жаудырамын

І жүргізуші: 

Армысың сен , алтын ұя мектебім 
Саған айтар жыр- алғысым көп менің 
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!

ІІ жүргізуші : 

Бала шаққа болашақты жырлатып, 
 Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
 Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты !

дей отырып ұлдардың орындауындағы «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.
Слайд: «Мектептегі мерекелер».

1-жүргізуші: 

Айдында аққудай сылаңдаған

Біреулер күй, біреулер жыр арнаған

2-жүргізуші: 

Шықсын енді ортаға биші қыздар

Тал шыбықтай иіліп мың бұралған.

Би:

І-жүргізуші: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.

ІІ-жүргізуші: 

Дұрыс айтасың:

Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек.

Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға, - деп айтуында терең ой жатыр.

І-жүргізуші: Олай болса, келесі өлең жолдарын ұстаздарымызға арнаймыз.

Елжас :

Ұстазым ! Ұстазым өзің едің асқақ әнім
                      Басталған ақ батаңнан жас талабым.
                      Ұғындым ұлылықтың , даналықтың
                       Ұстаздың ұлағатынан басталарын.  
Азамат : Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
                  Бар асылын бізге жиып, мол береді.
                  Қанатымен су себелеп асыл жан
                  Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді. 

Орал : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз ,
                       Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
                        Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
                        Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Рахман : Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
                   Ақылға келе алмадық ерте көніп.
                    Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,
                    Мектептің ережесін үйрендік біз.

Мухемед : Бастауышым – балбұлағым ,
                       Лаулап жанған шам шырағым.
                        Өзің берген біліміңмен ,
                        Самғап ұшар тау қыраның.

Бәрі :         Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
                    Мың алғыс мына отты жүректерден !
І жүргізуші:

Сонымен қатар үлкен алғысымызды ата-әжелеріміз бен ата-аналарымызға білдіргіміз келіп отыр. Біздің өміріміздегі асыл жандар ол - Сіздер.

ІІ-жүргізуші: Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.

1-жүргізуші: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.

2-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі әнді өздеріңізге арнаймыз.

Ән «Әке ана»

1-жүргізуші: Ата-аналар атынан сөз кезегі ...............................................

..............................................................................................................беріледі.

(ата-аналардың ыстық лебіздері)

І жүргізуші:

Мың бұрала билейтін, 
Биді жақсы көретін. 
ұлдарымыз бар біздің - деп ортаға биші ұлдарымыз шақырайық.

Би «Джентельмендер»

1 жүргізуші:

Құрметті қонақтар, біздің қоштасу кешімізге болашақ 1 сынып оқушылары да келіп отыр. Болашақ оқушыларға сөз берейік.

Тақпақ

1.

2.

2 жүргізуші: Бүлдіршіндерге бастауыш сыныптың кілтін ұсынамыз

« »:

І-жүргізуші:

Ғылымды терең меңгеріп,

Үмітті сендер ақтаңдар

Мектепті үздік бітіріп,

Ұстаздың болшы мақтаны!

ІІ- жүргізуші:

Шығыңдар білім шыңына,

Аманат осы сендерге

Болыңдар үздік тағы да

Оқуда және еңбекте

( Бір оқушы кілт тапсырады )

ІІ жүргізуші:

Достар, осы бізді болашаққа не бастайды?

1 жүргізуші: 

Ата- ананың ақылы

Болашаққа деген сенім

Ұстаздың көрсеткен жолы

2 жүргізуші: Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән – мағына жатыр десеңізші!

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да бәрі –бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Хор: Ұстазым

І жүргізуші: Достар, біз бастауышпен қоштасып тұрмыз. Алғашқы ұстаздарымызбен қоштастық.

ІІ жүргізуші: Иә, бізді болашақта не күтіп тұр екен? Қандай асулар бар алда?

1 жүргізуші:

Оқу білім, ізденіс жолдары. Жаңа ұстаздар күтіп тұр.

ІІ жүргізуші: 

Бастауышым – бал бұлағым, 
Алдым сенен балдың дәмін. 
Әріп танып , білім алып, 
Рахметімді жаудырамын. 
І жүргізуші: 

Өтті сенде қызық шағым

Бастауышым балбұлағым

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын

Қоштасу вальсі

2 жүргізуші: Оқушыларымызға ақ жол тілей отырып, орта буынға шығарып саламыз.

хормен Қош бол, балғын балалық

Қош бол, сүйікті бастауышым !

1-Жүргізуші: Сөз кезегін мектеп басшысы Базылов Тасболат Қуаныш ұлы, және оқу ісінің меңгерушісі Құлжанбекова Бикамал Нұроллаевна, тәрбие ісінің меңгерушісі: Рахыметжан Ақмарка мұғалімге сөз береміз.

І жүргізуші: Осымен «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!



























Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты ұстаздар, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.

Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат.

Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -

дегендей, бұл да бір қуанышты күн.






































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
530
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12