Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Баланың бас ұстазы ата-ана"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақты парасатты,ақылды,мейірімді жан-жақты азамат ретінде тәрбиелеудегі ата-ананың рөлін көрсету.Оқушылардың жек тұлға болып қалыптасуына ата-ана беретін тәрбиенің әдіс- тәсілдерін жетілдіру,қарым-қатынас орнату.Ата-аналарға оқытудағы жаналықтар туралы мәлімет беру.Ата-аналардың мектеппен тығыз байланысын орнату.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Баланың бас ұстазы ата-ана

Мақсаты:Жас ұрпақты парасатты,ақылды,мейірімді жна-жақты азамат ретінде тәрбиелеудегі ата-ананың рөлін көрсету.Оқушылардың жек тұлға болып қалыптасуына ата-ана беретін тәрбиенің әдіс- тәсілдерін жетілдіру,қарым-қатына орнату.Ата-аналарға оқытудағы жаналықтар туралы мәлімет беру.Ата-аналардыңмектеппен тығыз байланысын орнату.

Әдістері:пікір алмасу,сұрақ-жауап,ситуациялық тапсырмалар.

Күтілетін нәтиже: Ата-аналар балаларының парасатты,ақылды,мейірімді т.б. жағымды қасиеттерге ие болуына өздері әсер ететіндігін мойындайды.Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы жаңа заманға сай жан-жақты білімді тәрбиелі азамат қалыптасатындығын түсінеді.

Ресурстар:Интербелсенді тақта, слайдтар,стикерлер,

Тапсырмалар:

1.Сұрақ-жауап

2.Топқа бөлу

3.Постер құру,қорғау

4.Ой жинақтау

5. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы

6.Ситуациялық жағдай

7.Видео ролик

8.Балама ақ тілек

9.Рефлексия

Мұғалім:Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер!

Ата-ананың тілегі баласының жақсы адам болуы,еңбексүйгіштігі,оқу мен еңбектегі табыстары.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ салсақ «Адамның бақыты балада»деген екен. «Адам ұрпағымен мың жасайды»деген сөз тегін айтылмаса керек.Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ата-ана алдында нәзік те,қиын,қыр-сыры мол үлкен міндет тұр. Ол бала тәрбиесі.

1.Сұрақ-жауап

Құрметті ата аналар! Бәріміз айнала шеңбер жасап,орнымыздан тұрайық және әрбір ата-ананы «Бала үшін ата-ана кім?»деген сұраққа бір ауыз сөзбен жауап айтып шығуды сұраймын.

2.Топқа бөлу

Құрметті ата-аналар енді өлең шумақтары арқылы топқа бөлінеміз.

1 топ. «Атамекен» әні

2топ. «Ана туралы жыр» әні

3топ. «Өз елім» әні

3.Постер құру , қорғау

Құрметті ата-аналар,енді түрлі –түсті бояуларды пайдаланып,үлкен жүректің суретін салайық.(Ата-аналар постерге жүректің суретін бейнелейді). Енді алдарыңыздағы стикерлерге балаңыз ашуыңызға тигенде қандай сөздерді көп қолданасыз?

(Стикерлерді таратамын,соған ата-аналар сөздерді жазады)

-Енді осы стикерлерді алдарыңыздағы «Жүрекке»жапсырыныздар.

(Стикерлерді жүрек суретіне жапсырады)

4.Ой жинақтау.

Үш топқа тапсырма беріледі.Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

1топ.Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдай.

2топ.Балалардың теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.

3топ.Бала үшін мұғалім мен ата-ана арсында қандай байланыс болуы керек?

5. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы

1. Балаңыздың туған күні? 
2.Мұғалімінің толық аты - жөні? 
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді? 
4. Балаңыздың сүйікті асы қандай? 
5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді? 
6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді? 

7. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз? 
8. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі? 
9. Балаңыздың сүйікті мультфилімі қандай? 
10.Балаңыздың хоббиі жайлы не білесіз? 
(
Ата - аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді). 
6.Ситуациялық жағдай

Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

1.Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

2.Сіз мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды.Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

3.Кейбір ата-аналардың баласының іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың,сен істей алмайсың»,- деп айтып жататынын байқаймызБаланың іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

4.Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі,алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды,сіздің іс-әрекетіңіз?

5.Балаңыздың сабағы,тәртібі жайлы білгіңіз келіп,мектепке келіп тұрасыз.Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ,ашулы күймен қарсы алды.Сіздің әрекетіңіз?

6.Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар,тек сіздің балаңызда жоқ.Күнде «әпер» деп мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді.Сіз жұмыс істемейсіз,не істер едіңіз?

7.Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Сабағы қиындап кеткен соң,өздерің қадағалаңдар деп әкеп та стады.Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес,не істейсіз?

7.Видео ролик

Келесі бөлімімізде «Бала тілегі» атты бейнебаянды ұсынамыз.

Бала тілегі атты бенейбаяннан өрбитін сұрақтар.

Осы бейне баяннан қандай ойлар туындайды?

8.Балама ақ тілек

Құрметті ата-аналар талдың суретіне өз балаларыңызға арнаған тілектеріңізді жазып ілулеріңізді сұраймын.

Әлемге әйгілі шығыс ғұлама Әл-Фарабидің сөзімен айтсақ «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек,тәрбиесіз берілген білім адамзаттың хас жауы,ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»деген шығыс даналығын келтіре отырып,ой түйіндегім келеді.

9.Рефлексия

Бүгінгі жиналысымызға «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы рефлексия жасайық.Бүгінгі жиналыста өзіңізге ұнаған екі сәт, бір тілек немесе ұсыныс.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2018
7907
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11