|
Күні:28.02.20ж
Сынып:
1В
|
Мектеп: №15 мектеп-
лицей
Мұғалімі: Сембекова
Н.Т
|
|
Сабақтың
тақырыбы
|
«Бір
отан -бір
отбасы»
|
|
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына
сілтеме)
|
1.1.9.
Елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың
арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу, Қазақстанға деген
патриоттық сезімін ояту.
|
|
Сабақтың
мақсаттары
|
Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт
өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қатынасын
нығайту, өзара достықты, бір отбасыдай бірлікте ынтымақтастықта
тұруы,Отанын құрметтеуге
тәрбиелеу.
|
|
Жетістік
критерийлері
|
Айтылған сөздер мен
сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай
алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені
түсінгенін көрсете алады.
|
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне деген
құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
|
Пәнаралық
байланыс
|
Өнер, ана тілі
сабағы
|
|
АКТ қолдану
дағдылары
|
таныстырылым.
|
|
Тілдік
құзыреттілік
|
Бірлік
ынтымақ
|
|
Сабақ
барысы
|
|
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған
іс-әрекет
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың
басы
Ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыру
5
минут
|
– Балалар, бір-біріміздің
қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп бір
біріміздің жақсы қасиеттерімізді айтамыз
Елім десе еміреніп арқалы
ақын, Халқым десе тілінен бал
таматын. Қош келдіңіз қадірлі
көрермендер, Көруге бүгінгі күн
салтанатын!
|
Шаттық
шеңбері
|
|
Сабақтың
ортасы
8
минут
|
№1
Балалар біз бірінші ашық
тәрбие сағатымызды бастамас бұрын видиоролик көріп
алайы
Мерекең құтты болсын, туған
өлкем, Гүлдене бер бұтақ жайып, өсіп
өркен! Бүгінгі күнің бізді
қуантады, Болашағың бұдан да болсын
көркем!
Біздің елде әр халықтың ұлы
бар, Кеудемізде бауырластық нұры
бар. Бейбіт күннің тату - тәтті
достарымыз, Көк байрақты мәңгі бірге
ұстармыз!
|
Таныстырылым, оқулықпен
жұмыс
|
|
Сергіту
сәті
1
минут
|
Видеоролик
|
Сергіту сәтіне арналған
жинақ
|
|
Қызықты
тапсырма
8
минут
Аяқталуы
16
минут
|
№2
Көрініс: «Қырғыз бен татар айтысы».
Татарға таңырқай қараған қырғыз татардан:
- Сенің ұлтың кім?
- Татар.
- Сен татар болсаң өз еліңе неге бармайсың?
- Менің өз елім – Қазақстан.
- Жоқ сен Татарстанда тұруың керек!
- О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанды өз Отаным
деп білемін.
- Сен өз еліңе қалайда кетуің керек?
- Ал сен қырғысың ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?
- Сен де өз еліңе
бар! (осылай дауласып жатқанда, қазақ жігіті
келеді)
- Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім
келеді.
- (Екеуі
қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе баруың керек
деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.
- О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін
мемлекет емес
пе? Мұнда қырғыз
да, татар де, орыс та тағы басқа тұра береді. Тұрғанда
тату-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса,
біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар
қолдарыңды! - Жарайды,
жарайды! (Келісіп
қолдарын салады). - (Бірге
қосылып) Біз
доспыз, біз әрқашан біргеміз
№3
«Біз бір отбасымыз» тақырыбында сурет
салу
№4
Мақал-мәтелдер
1.Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді;
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
2.Тозған қазды
Топтанған қарға алады.
3.Ынтымақ түбі –игілік,
4.Тірлік, тірлік түбі
– бірлік.
5.Ағайын тату болса – ат көп,
Абысын тату болса – ас көп.
6.Теңге – тиыннан,
Ынтымақ – ұйымнан.
7.Ынтымақ түбі — игілік.
8.Екі құзғын таласса,
9.Бір қарғаға жем болар.
10.Көнектен шошынған бие оңбас,
Көптен бөлінген үй оңбас.
|
|
|
Сабақтың
соңы
2
минут
|
Рухы күшті ел - алынбайтын қамал. Осындай
рухы күшті елдің ұрпағы болғанымыз - бәріміз үшін үлкен бақыт! Біз
ынтымағы жарасқан бір отбасымыз. Тәуелсіздіктің желбіреп тұрған
туын болашақта желпілдететін сауатты да саналы, белсенді де іскер,
елін сүйетін ұрпақ сіздерсіздер. Біздің бүгінгі күніміз қандай
мерейлі, мерекелі болса, ертеңіміз бұданда мерекелі, бұдан да
берекелі! Ұлтымыз көп болғанымен тіліміз ортақ үйіміз
бір.
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл –
күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы
бағалау.

|
Бас
бармақтар
|