Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты Болашақ бүгіннен басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты : Оқушылардың болашаққа деген құштарлықтарын арттыру,көпшілік алдында өздерін еркін ұстау, білімді ,зейінді және алғыр болуға баулу арқылы қазіргі заман талабына сай,оқу мен тәрбиені ұштастырған, жан-жақты жетілген ұрпақ қалыптастыруға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып жетекшісі: Кереева Гулбаршын Халиковна Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:

Болашақ бүгіннен басталады.

Мақсаты : Оқушылардың болашаққа деген құштарлықтарын арттыру,көпшілік алдында өздерін еркін ұстау, білімді ,зейінді және алғыр болуға баулу арқылы қазіргі заман талабына сай,оқу мен тәрбиені ұштастырған, жан-жақты жетілген ұрпақ қалыптастыруға тәрбиелеу.

.

Түрі : дәстүрлі емес


Қолданатын әдіс-тәсілдері : сұрақ-жауап , топпен жұмыс,сахналау,пікірлесу


Көрнекілігі : интербелсенді тақта , слайдтар

Барысы :


1.Ұйымдастыру кезеңі.

-мемлекеттік гимн орындау.

-Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп , тәрбие сағатының мақсатымен,сайыс шарттарымен таныстырамын.

-ақпараттық шолу.


2.Негізгі кезеңі:


  1. Қайырлы күн,құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі «А»сыныбы оқушылары өткізгелі отырған «Болашақ бүгіннен басталады!»атты ашық тәрбие сағатына ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

( Көрініс: «Данышпан ата мен Тазша бала» )

2-жүргізуші: Білем деме,балам!

Білмейтінің көп шығар.

Бәрін білген адам-

Дүниеде жоқ шығар...


1-жүргізуші: Білім дегеніміз-күш!

Күш дегеніміз-білім.

Білімді болу дегеніміз не?

Білімді болу-бәрінен бұрын адам болу деген сөз . Дана атамыз Әбунасыр Әл-Фараби «Білімді болу дегеніміз - белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу»-деген екен. Білім-ол саған тоңғанда-киім,ашыққанда-тамақ,әлсірегенде-қуат!

Білім-ол қолдағы шырақ!


2-ЖҮРГІЗУШІ:

Оқушылар! Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Егеменді еліміздің балашағы-білімді ұрпақтың қолында» деп,бізге сенім артып отырған жоқ па! Олай болса,біздер елбасының сенімін ақтап, біліммен қаруланып,еліміздің өркендеуімізге үлес қосуымыз керек!Бүгінгі тәрбие сағатымыз соған арналған еңбектің бір тамшысы ғана деп білейік! Нұрлы жол-болашаққа бастар жол.

(қол шапалақтау)

(слайд көрсетіледі)

1-жүргізуші: Олай болса сабағымызды бастайық!


Бүгінгі сабағымыздың бірінші бөлімі : «СТУДИЯДА ҚОНАҚТАР»

Бүгінгі студия қонақтары:

-----Еліміздің премьер-министрі Маркез Темірлан

----Білім және ғылым министрі Ақбаева Әсем Мұратқызы,

-----Денсаулық сақтау министрі: Жардемхан Жанарыс ,

-----Спорт және туризм министрі: Асылбек Жәнібек,

---- Аудандық білім беру ісінің меңгерушісі:Шакирова Аяна ,


(Осы қонақтардың әңгімесі тыңдалады)



2-ЖҮРГІЗУШІ:

1.Келген құрметті қонақтарға алғысымызды айта отырып,өзіміздің өнеріміз бен білімімізді көрсету үшін екі топқа бөлініп, сайысқа түсеміз.Ал сіздерге әділқазы болуларыңызды өтінеміз.

(қағаз тарату)


1-жүргізуші:Таныс болыңыздар алдарыңызда «Зерде» тобы. Олардың сүйікті ісі бос уақыттарын тиімді пайдаланып , әдеби кітаптарды оқу , ән тыңдау , таза ауада дем алып , салауатты өмір салтын ұстану олардың ең басты мақсаты.


2-жүргізуші:Енді «Талант» тобына келетін болсақ әнші де биші де осы топта деп айтсақ қателеспейміз. Бос уақыттарында мерекелік кештерді ұйымдастыруды қалайды. Сонымен бірге «үздік оқушы» болу бұлардың арманы. Ендеше құрметті көрермендер біз барлығымыз екі топқа да тек сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастайық.

1-жүргізуші: 1.Болашаққа терең біліммен.


нұсқа-1 «Зерде» тобының сұрақтары

1.Еліміз өз тәуелсіздігін қашан алды? (1991ж, 16-желтоқсан,)

2.Қазақстан Республикасының Ата заңы Конституция қашан қабылданды ? (1993ж, кейін қайта қаралып 1995 жылы 30-тамызда)

3.Алғашқы Президент күні қашан мерекеленеді? (1 желтоқсанда)

4.Қазақстанда ЕХРО көрмесі қашан өтті? (2017 жылы)

5.Нұрсұлтан қаласының туған күні қашан?(6 шілде,1998 жыл)

6.Аңшы топ құстың ішінен біреуін атып алды, нешеуі қалды?(атып алған біреуі қалды)

7.Ең үлкен балықты ата? (акула)

8.Алматының брендіне айналған жеміс? (апорт)

9.Есік қаласынан табылған олжа? (Алтын адам)

10.Қызғалдақтың Отаны қай ел? (Қазақстан)


2-жүргізуші: нұсқа-2 «Талант» тобының сұрақтары



1.Алғаш Ұлттық теңгеміз қашан шықты? (1993 ж. 15 қараша, )

2.Өзін-өзі тану пәнінің негіін салушы кім? (Сара Алпысқызы Назарбаева)

3.Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер ? (егеменді )

4.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

5.Қазақты «оятқан» қайсар ақын кім? (Міржақып Дулатов)

6.Әлемдегі ең кішкентай құс? (КОЛИБРИ)

7.Столдың бір бұрышын кесіп тастағанда қанша бұрышы қалады? (5 бұрышы қалады )

8.Қазақстан туында бейнеленген жануар,ол қандай мағына береді? (бүркіт,еркіндік)

9.Қорғауға алынған шектеулі жер? (қорық)

10.Диханшылар мерекесі қалай аталады? (сабантой)

1-жүргізуші: 3.Болашаққа зор денсаулықпен...


(Әр топтан бір оқушыдан шығып денсаулыққа қатысты мақал-мәтел айтудан сайысқа түседі.)



2-жүргізуші: 4. .Сахнада қалайсың?.


(Бұл бөлімде 2 топ 2-3 минуттық көрініс көрсетеді.)


1-жүргізуші: 5.Болашаққа ән-жырмен...


(Әр топ музыкалық сәлем жолдайды)



2-жүргізуші: 3. Қорытынды кезеңі:


Сайыс нәтижелері шығрылып, тәрбие сағаты қорытындыланады:

-Данышпан ата мен Тазша баланың сөзі,

-Әділқазылар сөзі:

-Жүргізушілердің сөзі,

-Сынып жетекшісінің сөзі.

(Хор: «Мектеп гимні»)










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.05.2020
3911
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12