Тақырыбы:
«Дені
саудың – жаны сау».
Мақсаты:
Жас ұрпаққа адам денсаулығының басты
байлық екендігін түсіндіру. Денсаулық
негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану,
таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру.
Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы,
талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі
болуға тәрбиелеу.
Құрметті ұстаздар,
оқушылар қауымы! Бүгінгі «Дені саудың
– жаны сау».
сайысына қош келдіңіздер!
Біз,
бүкіл адамзатпен бірге үлкен тарихи
кезең ХХІ ғасырда өмір сүріп отырмыз.
Осы ғасырда өркениетті елдер қатарынан
орын аламыз десек, біздің халқымыз
салауатты қоғамда өмір сүруі
керек.
Елбасымыз
Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030»
стратегиясында
«Қазақстан азаматтарының денсаулығы,
білімі мен әлқуаты» тармағында
азаматтарымыздың өмірі соңына дейін
сау болуы ж/е жас ұрпақ дұрыс жетіліп,
өсуі үшін денсаулығын күтуі керек.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты
өмір салтын сақтаға арналады.
Әдісі
:
ойын түрінде
Топтарды таныстыру:
1
- топ – «Шымыр» тобы
2
- топ – «Сымбат» тобы
Өнерлеріңді
салыстырып, өздеріңді жарыстыратын,
қазылар алқасымен таныстырып қояйық
1.
Болатов Асхат Аманғалиұлы
2.
Мәңгі
бақи есте қалар, қызықты бір ойын
болсын,
Білімдірек шәкірт озар,
сұрақтары қиын болсын.
1.
Бәйге сайысы.
1.
Пайдалы тағамдар /айран, балық, ет,
өсімдік майы, сәбіз, пияз/.
2. Пайдасыз
тағамдар /фанта, бәліш, чипсы, шоколад,
кока – кола/.
3. Зиянды әдеттерді
атаңдар?/темекі шегу, қолды аузына
салу/.
4. Лондонда өткен олимпиадалық
ойындарда біздің құрама неше алтын,
неше күміс, неше қола жеңіп алды? /7 + 1
+5/
5. Қазақстанның әуесқой боксшысы,
Лондон Олимпиядасының чемпионы, алтын
жүлдегер кім?/Серік Сапиев/
6. Ауыр
атлетикадан екі дүркін Олимпиада
жеңімпазы атанған бірінші қазақстандық
кім?
7. Қазақ халқының ұлттық ойындарын
ата? /көкпар, қыз – қуу, асық ату,
аударыспақ/.
8. Қазақтың ұлттық тағамы
(бесбармақ)
ІІ.
«Кім жылдам» ойыны. / қарындашпен астын
сызу/
«Шымыр»
тобы Денсаулыққа пайдалы факторлар.
«Сымбат»
тобы – Денсаулыққа кері әсер ететін
факторлар.
Еңбек,
еріншек, күн, жалқаулық, су, ауа, арақ,
жеміс – жидек, насыбай, дұрыс дем алу,
үйірмелерге қатысу, спортпен айналыспау,
көп ұйықтау, ластық, дұрыс тамақтану,
тамақты асығып жеу, қолды сабындап жу,
дастарқан басында қисаймай түзу отыр,
тамақтанып отырғанда сөйлеу, қасықты
оң қолыңмен ұстау, күн тәртібін сақтамау,
тамақтанып отырып сөйлемеу, ащы мен
тұщы тағамдарды көп жеу. нан екі қолмен
үзіп жеу, тамақтан соң аузыңды шәю, жеміс
– жидектерді жумау, асқа бата беру.
ІІІ.
Үй
тапсырмасы. Жарнама. «Денсаулық – зор
байлық».
«Шымыр»
тобы:
Мынау айран. Бұл сүттен жасалады. Оның
денсаулыққа пайдасы зор. Спрайт ішкенше,
осы айранды сатып алып ішкен тиімді.
Әрі арзан, әрі дәмді.
«Сымбат»
тобы:
Мынау сиырдың сүтінен жасалған құрт,
оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті
қатайтады. Орбит алғанша, осы құртты
сатып алған тиімді.
«Шымыр»
тобы:
Мынау алма, кәмпит басқа да тәттілерді
жегенше жеміс – жидектерді же.
«Сымбат»
тобы:
бұл сабын. Бұл сабынның пайдасы денедегі
микробтарды жояды. Бетті, қолды күнде
жуып отыру керек.
«Шымыр»
тобы
- Денсаулықтың тағы бір дауасы – таза
ауа. Табиғат ананың адам ағзасының
жетілуіне тартар сыйы көп. Ауасыз өмір
сүру мүмкін емес. Сондықтан ауаның
ластанбауына өз үлесімізді қосайық.
«Сымбат»
тобы -
Денсаулық
мықты болуы үшін ми демалысы – ұйқының
орны ерекше. Адамға су, ауа, ас қалай
қажет болса, ұйқы да сондай қажет. Дені
сау бала тәулігіне10 сағат ұйықтауы
керек. Бала күн сайын белгілі бір мезгілде
ұйықтап, бір, бір мезгілде тұруы керек.
IV
. Ойын «Білек күрес».
Білек
күшін сынаймыз.
Кім епті екенің
сыныпта,
Күштілер бар біздерде
Төтеп
берер тығырықта деп, оқушылар білек
сынысады.
Біреуінің жүрегінің түгі
бар, біреуінің арқалап жүрген қоғамдық
жүгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі
бар, енді біреудің қатты істейтін миы
бар.
V.Тақырыпты
қорғау.
І
топ «Шымыр тобы. Ағзаға
пайдалы тағамдар
ІІ
топ «Сымбат» тобы Ағзаға
зиянды тағамдар
Қорытынды.
Марапаттау
Әділқазылар алқасы әр
топтың әділ бағаларын беріп, марапаттайды.
Кеш
соңында сынып өнерпаздарының концерттік
бағдарламасы