Ашық тәрбие сағаты «Елбасымыз - еліміздің ұлт көшбасшысы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты «Елбасымыз - еліміздің ұлт көшбасшысы»

Материал туралы қысқаша түсінік
1- желтоқсан президент күніне арналған ашық тәрбие сағатының дайындамасы. мұғалімдер мен тәрбиешілерге өте қажет материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Елбасымыз - еліміздің ұлт көшбасшысы»

Мақсаты: Жас ұрпаққа Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.

Міндеті: Елімізге еңсе тіктеп, мемлекетімізді мығымдап берген халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту, үлгі алу. Нұрсұлтан Әбішұлының өмір жолынан мағлұмат алу.

Көрнекіліктер: Слайд, Елбасы туралы видеоролик

Ұймдастыру.

(Ашық тәрбие сағатының мақсат міндеттері туралы хабарлау )

Кіріспе:

Тәрбиеші: Елімізге еңсе тіктеп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін еңбектеген бала мен еңкейген кәрі де мойындауда десек артық емес.

Ал біздің міндет жеткіншектерге Қазақ халқының Тұңғыш Президенті Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүйуге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу, шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Бүгінгі тәрбие сағатында оқушыларды екі топқа бөлу арқылы оқушылардың бір – бірімен ұжымдаса ауызбіршілікпен, бірлесе жұмыс жасауларын ұйымдастыру.

1-топ «Болашақ»

2-топ «Қыран»

1- кезең «Елбасы оқушы көзімен ...»

2- кезең «Жырым саған арналады, Елбасы!»

3- кезең «Суреттер сөйлейді»

4- кезең «Асыл тасты сұрақтар».

5- кезең «Ой жүйірік»

6 - кезең «Қорытынды»

Барысы:

Аманат: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Елбасымыз - еліміздің ұлт көшбасшысы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Мөлдір:

Бар әлемге шын танылдық міне біз,

Елін сүйген елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан – Нұрсұлтан,

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасыны құрметтейтін ерекше

Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

Аманат:

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,

Қазақ елін мойындауда дос таңдап.

Елбасының еңбегімен нұрлана

Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,

Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.

Мерекеңіз құтты болсын көпшілік

Елбасының құрметіне жиылған!

Мөлдір: Ән көңілдің ажары демекші, Рамазан мен Әлібектің орындауында «Мен қазақпын» әнін қабыл алыңыздар!

Аманат: Қазақстан Республикасының тұңғыш көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, сезінбеу мүмкін емес еді.

Мөлдір: Біз бүгін ұлтымыздың абыройына айналған Президентіміз үшін мақтана аламыз. Қазақтың құлан жортса тұяғы тозатын, қыран ұшса қанаты талатын ұлан байтақ жері бар, сол жері мен елін егемен ел етіп, әлемге танытқан Елбасымыз. Олай болса Елбасымыз туралы видеороликке азар аударайық.

Аманат: Көрсетілен видеороликтен қандай мағлұмат алдық кім айтады?

Мөлдір: Өте жақсы. Ендеше тәрбие сағатымыздың бірінші кезең «Елбасы оқушы көзімен» ҚР –ның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысына сипаттама берейік.


Дариға: Н.Ә Назарбаев - тарих толғатып туған ғасырдың тұлғасы, елінің жанын ұғатын, халқын замана көпірінен аман өткізіп келе жатқан қамқоршы.

Әлібек: еліміздің дарынды ұйымдастырушысы, көреген басшысы, нарықтық экономиканың терең білгірі;

Ахад: Елбасымыз жұртты сендіре де, иландыра да алатын , «Өз елім менің - өзегім» дейтін азамат, тумысынан кие дарыған қайраткер;

Руслан: Елбасы Н. Назарбаев – әлем мойындаған, жаһанға атағы жеткен , жер жаһанға сөзі өтіп, айтқанын істетіп отырған бүгінгі заман лидері

Алмас: Н.Ә Назарбаев табанды күрескер, гуманист, туған халқының Бәйтерегі, Көсемі, Кемеңгері.

Гүлім: Нұрсұлтан Назарбаев – елінің аманатын арқалаған тірегі, алтын діңгегі, қалың елдің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы, елінің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары;

Джени: Қорыққанға қорған, тарыққанға пана, зарыққанға сана бола білген өз елінің шын перезенті, алдағыны болжай білетін , ертеңгісін де оза ойлай білетін халық көсемі;


Аманат:

Әр сөздің астарында осы арада,

Ағайын, ой жіберіп жете қара.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында,

Тұлғасы Елбасының жеке дара.

Мөлдір:

Өмірдің судай асып өзегімен,

Келеді Президенттер кезегімен.

«Елбасы Назарбаев» егіз ұғым

Жасайды мәңгі бірге өз елімен!


Тәрбие сағатымыздың екінші кезең «Жырым саған арналады, Елбасы!» яғни бұл тарауда екі топқа Елбасына арналған арнау беріледі. Тапсырма арнауды мәнелеп оқу және арнаудағы асты сызылып ерекшеленген сөздерді тақтаға шығып орыс, ағылшын, латын тілінде жазу және оқу.

«Болашақ» тобы

Нұрәлем: Елбасына арнау

Елдігім мен теңдігім бүгін таңда

Оңайлықпен келген жоқ ол расында

Желбіресе туымыз аспан көкте

Ел ағасы Нұр ағаның арқасында.


Ақын болып тілімді ұштайын мен

Нұр ағаңның игі істерін жырлайын мен

Халықтың қалаулысын бүгін таңда

Айтудан ешқашан тынбайын мен.


Сұрапыл сол бір жылды еске алсақ,

Құрбан болды қаншама қыршын қазақ,

Қазақ халқы теңселіп кетті - ау шіркін,

Сол бір жыл біздер үшін үлкен азап.


Таққа келді қазақтың жас баласы,

Өзі дара, өзі дана , ел баласы,

Қазақтың біткен екен маңдайына,

Қарапайым Нұр ағадай бір баласы.


Азаттықта, бостандықта елім менің,

Алғысым көп Нұр аға сізге менің,

Біз сияқты жастардың ертеңі деп,

Ойластырған бар елінің ертеңін.


Мәңгі жаса Нұрсұлтан мәңгі жаса!

Ақ батасын халық берер әрқашанда,

Өзің айтқан Мәңгілік ел атауы,

Сөнбейді ешқашан өзің барда.

«Қыран» тобы

Ерсін: Елбасына арнау


Жырласаң, жақсылықты жырла, тілім!

Жақсыға ашылады көңіл гүлім!

Кешегі Абылайлар ізін басқан

Елбасыға арналар бүгін жырым.


Үшқоңыр баурайының белінде өскен,

Әбіштей әкесі әділ өмір кешкен.

Нұр – аға халық үшін жасар істің

Бәрін де бесенеден біліп өскен.


Жас елдің желбіретіп туын көкке,

Жанарын жас Нұрсұлтан тіккен өрге.

Сол сәттен қазақ деген ұлы елдің

Бақыты мамыражай шөккен көкте.


Далаға қала салды. Қарыштатты.

Өйткені, елсіл ер ғой намыс қатты!

Солшылдық саясатты жою үшін

Көненің жамандығын жаныштатты.


Қазақта Абай деген ақын адам,

Даналық даңғылында хәкім адам!

Абайды сүйіп өскен, әлем білген

Елбасы – өз еліне жақын адам!


Аманат: Өте жақсы, енді әрі қарай тапсырманы орындайық тақтада ілінген қағазға асты сызылған сөздерді орыс, ағылшын, латын тілінде жазамыз.

Мөлдір: Жақсы. Ал енді үшінші бөлімді бастамас бұрын партаның үстіндегі сан жазылған сары, көк түстегі қағаздардан бір – бірден аламыз.

Аманат:

Ендігі кезекте тәрбие сағатымыздың үшінші кезеңі «Суреттер сөйлейді». Экранға назар аударайық. Өздеріңіз көріп тұрғандай сары , көк түстегі сандар жазылған ұяшықтар шықты,енді қолдарыңыздарғы сан жазылған қағаздың түсі мен саны арқылы ұяшық таңдаймыз.

Мөлдір: Олай болса үшінші кезеңімізді бастайымыз. Экранда көрсетілген ұяшықтарда суреттер жасырылған. Өздеріңізге түскен сурет туралы білетіндеріңізі ортаға саласыздар.

Амант: Үшінші кезең сіздерге ұнады ма?

Мөлдір: Тамаша. Тәрбие сағатымыздың төртінші кезеңі «Асыл тасты сұрақтар» деп аталады.

Аманат: Экранға назар аударамыз. Ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап береміз. Кім бастайды?

1.Нұрсұлтан Назарбаевтың неше немере, шөберелері бар? 

Жауабы:Нұрсұлтан Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.

2.Қай жылы тұңғыш рет ҚР- да  жалпыхалықтық  сайлауы өтті?

Жауабы:1991 жылы 1-желтоқсанда тұңғыш рет ҚР- да  жалпыхалықтық  сайлауы өтті.

3. Н.Ә. Назарбаев неше жасында Қазақстан үкіметін  басқарған?

Жауабы:Н.Ә.Назарбаев 44 жасында Қазақстан үкіметін  басқарған.

4.1967 жылы Елбасы қандай оқу орнын аяқтады ?

Жауабы: 1967 жылы Елбасы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғарғы техникалық оқу орнын бітірді.

5.Елбасының өмір жолына арналған киноэпопея қалай аталады?

Жауабы:Елбасының өмір жолына арналған киноэпопеясы «Елбасы жолы» деп аталады.

6. Нұрсұлтан Назарбаев 1973 -1977 жылдар аралығында қандай қызмет атқарды?

Жауабы:Нұрсұлтан Назарбаев 1973 -1977 жылдар аралығында Қарағанды металлургия комбинаты партия комитетінің хатшысы қызметін атқарды.

Мөлдір: Жарайсыңдар. Тапқыр екендеріңізді көрсеттіңіздер.

Аманат: Мөлдір біздің сыныбымызда жез таңдай әншілер мен мың бұралған бишілер де бар қандай тамаша!

Мөлдір: Ия дұрыс айтасың Аманат. Мен осы сыныпта оқитынымды мақтанышпен айта аламын.

Аманат: Өте дұрыс айтасың. Менде мақтан етемін. Әрі қарай тәрбие сағатымыздың соңғы кезеңі «Ой жүйрік» . Бұл кезеңде берілген әріптерден өздеріңіздің ұрандарыңызды ойлап табасыздар. Мысалы Л -лайықты, К-керемет деген сияқты. Олай болса бастаймыз.

Біз

Н - ағыз

Ұ -лы

Р- еспубликамыздың

С – үйікті

Ұ -лағатты

Л - айықты

Т - апқыр

А- замат

Н –ышанымыз

Біз

Ә - лемдік

Б -рлікке

І - лгері

Ш -ыңдалған

Ұ -лтқа

Л-айықты

Ы – нтымақпыз

Мөлдір: Керемет.

Аманат: өте жақсы

Қорытынды: Тәрбиеші: Құрметті оқушылар бүгінгі біздің «Елбасымыз - еліміздің ұлт көшбасшысы» атты ашық тәрбие сағатымызда соңына келіп жетті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы біраз мағлұматтар алдық, өз ойымызды ортаға салдық енді осы тәрбие сағатымызды Білемін. Білдім. Білгім келеді. кесте арқылы қорытындыласақ.

БІЛЕМІН

БІЛДІМ

БІЛГІМ КЕЛЕДІ





Мөлдір: Біз бүгін ұлтымыздың абыройына, киесіне айналған Елбасымыз үшін мақтана алатын халықпыз. Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның символына айналған адам. Елбасының осыншама жасап жатқан жасампаз еңбегі баянды болсын. Дені сау, ел –жұрты аман болсын.


Аманат: Айтқаның келсін Мөлдір. Есейген еліміз, еңселі еріміз аман болсын. Талай халықаралық жобаларды табыспен жүзеге асырып келе жатқан Қазақстанымыз ендігі жерде нұры тасып, абыройы аса берсін!


Мөлдір: Осымен, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды, қош сау болыңыздар. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
857
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі