Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Жайна менің тәуелсіз ел Қазақстан" 2сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жайна менің тәуелсіз ел Қазақстан" тәрбие сағаты оқушылардың патриоттық тәрбие береді. 1986жылы болған оқиғаны біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың жоспары

Күні / Дата / Date:

Сынып / Класс / Class: 2

Сабақтың тақырыбы: «Жайна мәңгі тәуелсіз ел Қазақстан!»

Мақсаты/Цель/Aim

Білімділік – . Тәуелсіздік құрбандары,жалпы тәуелсіздік туралы мағлұмат беру. Жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді,осы тәуелсіздікке жету жолында талай қиыншылықтырдын өткенімізді бала ойына ұғындыру.

Дамытушылық – Оқушылардың дүниетанымын, еркін сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік –Оқушыларға патриоттық тәрбие беру,балаларды туған жерін, Отанын қастерлеп,сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,Қазақстан картасы,Н.Ә.Назарбаевтың суреті, Тәуелсіздік күніне арналған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,

Әдістері: сұрақ-жауап,түсіндіру



Сабақ барысы / Ход занятия / Course of the lesson:

І. Ұйымдастыру бөлімі

-Сәлеметсіздер ме,оқушылар!Қалдарың қалай?Көңіл-күйлерін жақсы ма?

Психологиялық дайындық.

«Күлімде ,күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!»

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.


ІІ.Негізгі бөлім

Сұрақ-жауап

-Балалар терезеге қарайықшы,қазір қандай жыл мезгілі?(Қыс)

-Ал,осы қыс мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болады?(аяз,қар,боран,жел)

-Бұл қыстың жаман жақтары,бірақ қыстың жақсы жақтары да бар,солай ма?

-Яғни,қыс мезгілінде көптеген мерекелер тойланады.Қанеки,қандай мерекелер бар?Кім айтады?(президент күні,жаңа жыл,тәуелсіздік күні)

-Дұрыс айтасыңдар.Сонымен біздің бүгінгі сабағымыз 16 желтоқсан-Тәуелсіздік мерекесіне арналмақ.(презентация)Яғни,біздің бүгінгі тақырыбымыз «Жайна мәңгі тәуелсіз ел Қазақстан!» деп аталады.


-Балалар, «тәуелсіз ел» дегенді қалай түсінесіңдер?(ешкімге тәуелді емес,еркін ел)

-Ия,дұрыс айтасыңдар.Біздің еліміз де осындай тәуелсіз елдіердің бірі болып келеді.

-Ал,Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алғанын білесіңдер ме?(балалардың жауабын тыңдау)

-1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Бірақ балалар біз осы тәуелсіздікке жету үшін,біздің халқымыз көптеген ауыр жағдайларды басынан кешірген екен.Қазір бұл туралы бізге мына оқушылар баяндап айтады.

- Қайраттай қайсар ұлдардың

Жанымен келген еркіндік

Жазира мен Ляззаттың

Арымен келген еркіндік


- Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан


- Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерін мәңгілік сақталады.

-Тамаша балалар.Сонымен біздің еліміздің намысын қорғап,тәуелсіздік үшін күрескен жандар кім екен?( Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев) (презентацияда суреттері)

-Дұрыс айтасыңдар балалар.Осы адамдар 1986 ж алаңға шығып,біздің еліміздің намысын қорғаған болатын.

-Сонымен балалар,Қайрат Рысқұлбеков туралы не білесіңдер?

Қайрат Рысқұлбеков 1966-жылы 13-наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында малшы әулетінде дүниеге келді. 986-жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның бас тізгіні қайдағы біреуге тапсырылуына бейбіт наразылық білдірген жастар мен студенттерге қосылып, Орталық алаңға шығып, шеруге қатысты.

-Ал,Ләззат Аснова жайлы не білеміз?

Ләззат Асанова 1970 жылы 27 шілдеде Алматы обл. Панфилов ауданында дүниеге келді. Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. лматыда 1986 ж 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан.

Сондықтан да балалар қанша жыл өтсе де, біз оларды ешқашан ұмытпай,қастерлеп,құрметтеуіміз керек.Солай ма? 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына биыл 22 жыл толды.Яғни,біздің еліміз тәуелсіздік мерекесін 22 рет тойлап жатыр.Біз де оны атап өтеміз.Соған байланысты біздің Қостанай қаламызда қандай шаралар ұйымдастырылуда?(концерттер,конкурстар т.б)

Суретпен жұмыс.

-Балалар,тәуелсіздік туралы мол мәлімет алдық солай ма?Енді осы алған білімдеріңді іс жүзінде көрсетулерің керек.Қазір сендер тәуелсіздік тақырыбына сурет саласыңдар.Суреттерің әдемі,таза ұқыпты болсын.

Регламент 7 минут. Көрме ұйымдастыру.

-Балалар,тамаша.Салған суреттерің өте жақсы екен.Осы суреттер арқылы өз елдеріңді қаншалықты жақсы көретіңдерін көрініп тұр.

Сергіту сәті


-Сонымен оқушылар,біз сабақ бойы еліміз Қазақстан,тәуелсіздік туралы сөйлесіп жатырмыз.Солай ғой?Ал,осы Қазақстан елімізді,тәуелсіз елімізді басқарып отырған адам кім?(президент)

-Ал біздің президентіміз кім?(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

-Бәрекелді,дұрыс айтасыңдар.Біз тәуелсіздік алғаннан кейін бізді осындай дәрежеге жеткізген,елімізге басшылық етіп отырған-президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.(презентацияда сурет)

Яғни,президент-president

-Сонымен президент туралы тағы не білеміз?(оқушылардың пікірін тыңдау)

-Тамаша,ал президентіміз сайлаған жаңа астанамыз қандай қала?(Астана)(презентацияда суреті)

Яғни,астана-столица-capital

-Ал,астананың қандай ең тамаша деген жерлерін білесіңдер?сендер Астанада болдыңдар ма?



Картамен жұмыс

-Қазақстанның жері ұлан байтақ, кең. Дүние жүзінде жер көлемі жөнінен 9 – орында. Ал Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (Т М Д) елдері ішінде жер көлемі жөнінен Ресейден кейінгі 2 - орында. Қазақстан Ресеймен, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, шығысында Қытаймен шектеседі. Республикада 10 000 – нан аса өзен, көл бар.

-Балалар,Қазақстанның қандай ең ірі деген өзендері мен көлдерін білесіңдер?

-Ең ірі өзендер: Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария, ең ірі көлдер Балқаш, Алакөл, Зайсан.

-Ал,Қостанай облысында қандай ірі өзенді білесіңдер?(Тобыл,Обаған)

-Жарайсыңдар,балалар.Қазақстанның қаншалықты байтақ екенін,қаншалықты бай екенін енді көрдіңдер ме?


-Жақсы,балалар.Көп нәрсені біледі екенсіңдер. « Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан»- деп Н. Ә. Назарбаев айтқандай сендер «Отан» туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

-Бәрекелді оқушылар.Мақалдарды өте көп біледі екенсіңдер.


Қорытынды бөлім.

Рефлексия әдісі

-Сонымен,балалар,біз бүгінгі сабақта не жайлы айттық?

-Қандай жаңа мәліметті алдық?

-Балалар,мен сендерді келе жатқан осынау ұлы мейраммен құттықтай отыра ,

Тәуелсіз 22 жыл туыңды биік ұстадың,
Көтерді халық уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!-деп бүгінгі сабағымды аяқтаймын.

Сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.01.2018
1014
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12