Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты: Желтоқсанда жанған алау

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы туралы түсінік беріп, Отаншылдыққа, патриотизмге тәрбиелеу. Елін, жерін сүюге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы,

Жаңаөзен қаласы,

18 орта мектеп

Бастауыш сыпып мұғалімі

Еркеғұлова Айжан Жаулыбайқызы

Cабақтың тақырыбы: Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларда жануарлар тіршілігі жайлы түсінік қалыптастыру, жануардың тіршілігін сақтау-табиғаттың өзі қалыптастырған бейімділік екенін түсіндіру.

Дамытушылығы: қосымша деректер арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, сөздік қорларын байыту, шығармашылық ізденіске бағыт беру.

Тәрбиелігі: жануарлар арасындағы қамқорлықты негізге ала отырып, сыйластыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Түрі: дамытпалы сабақ

Әдісі: ой шақыру, ой қозғау, топтастыру, сұрақ-жауап, түсіндіру т. б.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, жануарлар суреті, сызбалар, тест тапсырмалары.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері, қазақ тілі, математика

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Кезекші жауабы.

  2. Сабаққа даярлау: Әрбір адам-туысым, досым, жұрағат,

Әрбір сабақ-үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісің-тірлік, тірек, адамдық,

Әрбір сөзің-шындық, бірлік, адалдық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1. Сабақ басталғанға дейін бәріне бірдей көріну үшін балалардың салған суреттерін іліп қою. Мұғалім бір суретті таңдап алып, сол суреттің авторы не салғанын, не туралы оқығанын айтады. Осылайша 3-4 сурет талданады.

  1. Өткен сабақты бекіту: -Егер жануарлар көбеймесе, табиғатта не өзгеріс болар еді?

ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Кіріспе.

«Ой шақыру». Қайырымдылық деген не? (оқушылар жауабы тыңдалады)

«Топтастыру».

Достық

Жанашырлық қамқорлық

Қайырымдылық

Бауырмалдық көмек беру

Мейірімділік

-Қайырымдылық адамдардан басқа тағы нелердің арасында болады? (оқушылар жауабы)

-Жануарлар бір-біріне көмек көрсететін ертегілерді есімізге түсірейікші («Мысық, әтеш және түлкі», «Үйшік»)

-Олай болса, балалар, жануарлардың бір-біріне қалай көмек көрсететіні жайлы білетін боламыз. Ол үшін «Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы» тақырыбын оқиық.

2. Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс жасалады. Ол үшін мәтінді үш бөлікке бөліп, үш топ оқушыларына іштей оқу тапсырылады.

1-топ. Түлкі, іс-әрекеті.

2-топ. Арқар, суыр, шақшақайдың достығы.























3-топ. Риясыз көмек.

Слайдты пайдалана отырып әр топтан бір оқушы шығып, түсінігін айтады.

  1. Сөздік жұмыс. (Дәптермен жұмыс) Тұзақ-құс, аң ұстау үшін қылдан есіп жасалатын құрал;

Шақшақай-ақшыл, сұр торғай;

Риясыз-адал

  1. Суретпен жұмыс. А) Суыр, арқар және шақшақайдың бір-бірімен тығыз байланыста тіршілік етуі.

Ә) Адам мен жануарлар арасындағы қайырымдылық.

Б) Жануарларды қорғау- басты міндетіміз. Қазақстанның Қызыл кітабында қорғауға алынған жануарлар туралы айтып өту.

5. Деректер мен дәйектер. (слайдта)

Дельфин-сүтқоректі жануар, суда өмір сүреді. 30-40-тан үйір болып жүреді. Суға батқан адамға жәрдем береді. Бір дельфин Жаңа Зеландиядағы теңіз бұғазынан кемелердің өтуіне 30 жылдай көмектескен. Дельфин-достыққа құштар, ойыншыл жануар.

Қарлығаш-еңбеккер құс. Қарлығаш есімді қыздар көп. «Адам үй салуды қарлығаштан, өрмек тоқуды өрмекшіден үйренген» деп, Демократ айтып кеткен. «Қарлығаштың ұясын бұзған адамға қырық түрлі пәле жолығады» деген жорамал бар.

Аққу-көлдің көркі. Аққу жүрген көл таза. Қыз балалар сәнденіп, таза жүруді аққудан үйренген. Аққу туралы қандай қанатты сөздер бар? (Аққуды атпайды, киесі ұрады. Аққумен дос болсаң, жүрген жерің пәк болар.)

Арыстандар. Арыстанның адамға пайдалы жағы бар, ең алдымен олар хайуанаттардың ауру, әлсіздерін жейді. Сондықтан жұқпалы аурулар кең таралып кете алмайды. Қазір арыстанды аулауға тыйым салынған.

6.Шығармашылық тапсырма. Үш топтан үш оқушы шығып, үш түрлі геометриялық фигура таңдап алады. Ол фигураның артында салынған жануарды басқа оқушыларға сипаттап жасырады.

7. Сен білесің бе? (Мақал-мәтелдер)

-Достық, қайырымдылық, мейірімділік туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Біз деген-көмек,

Сіз деген-әдеп.


Қайырымсыз сұңқардан,

Қайырымды тұрымтай артық.


Қайыр қылсаң бүтін қыл.


Ел алғысын алсаң, елеулісі боларсың. Т.б.

ІҮ. Ой қорыту: -Сонымен біз бүгінгі сабақта не білдік? (адамдар ғана емес, жануарлар арасында қайырымдылық барын білдік)

-Енді дұрыс жауапты табыңдар: (тест)

1..Қанқыздың реңі қандай?

А) сақтандырғыш ә) бүркеніш б) қорғаныш


2.Үш дос жануарды ата:

А) түлкі, қоян, қасқыр

ә) аю, жолбарыс, борсық

б) суыр, арқар, шақшақай


  1. «Қайырымдылық» сөзіне мағыналас сөзді тап:

А) жауыздық ә) мейірімділік б) қатыгездік

«Жануарлар тіршілігі» бөлімі бойынша шолу жасау: (сұрақтар)

  1. Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайларды ата.

  2. Көзі жоқ өмірі жарық көрмейтін жануар.

  3. Шөлге төзімді жануарлар.

  4. Жыртқыштар қорегін қалай аулайды?

  5. Көбелектің реңі қандай?

  6. Аңдар неге жуынады?

  7. Бунақденелілер иісті қандай мүшесімен сезеді?

  8. Көбелек тамақтың дәмін қалай сезеді?

  9. Құстарға өз тұмсығының маңызы қандай?

  10. Өз ұрпағына қамқорлық жасамайтын жануарларды ата.(бунақденелілер, балықтар, бақалар)

Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалу, «Менің үй жануарларымен достығым» тақырыбына эссе жазу.

Сабақты аяқтау. Бағалау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.11.2018
418
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12