Тақырыбы:
«Жол тәртібін сақтайық!»
Мақсаты: -
Оқушыларға жол ережесі мен қауіпсіздікті сақтауға
үйрету;
- Қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге баулу;
- Жол белгілерін тани білу және дағдыларын қалыптастыру;
- Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жол
белгілерінің суреттері, нақыл сөздер, кітаптар, слайдтар,
плакаттар.
Ұйымдастыру
кезеңі:
Тәрбиеші:
Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта жүре алатын жас ұланбыз!
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Сабағымыз басталады сәлемменен!Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі «Жол тәртібін сақтайық!» атты тәрбие сағатымызды бастауға
рұқсат
етіңіздер!
Жүргізуші:
Жоспар
1. Кіріспе
2. Топтарды таныстыру
3. Белгілер сөйлейді
4. Сұрақ - жауап
5. Жұмбақтар шешу
6. Қорытынды
Жүргізуші:
Шуақты күндеріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Тәрбиеші:
Бүгінгі тәрбие сағатымызға оқушылар екі топқа бөлініп, қатысып
отыр. Бұл топтар жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол
белгілерін анықтап, сіздерді жолда жүру ережелерімен
таныстырады.
Сонымен сіздердің алдарыңызда «Бағдаршам» тобы және
«Жол
белгілері» тобы.
Жүргізуші: Ал енді келесі кзекті «Бағдаршам» тобына берейік.Өз топтарын таныстырсын.
«Бағдаршам» тобы
Ұраны: «Тоқта!, Сақтан!, Жол ашық!
Жүрме жолға таласып»
Жүргізуші:
«Бағдаршам»
тобы өз
топтарының шығу тарихынан баяндайды.
1–оқушы:
Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапты, білесіңдер ме?
Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан
адамның аты тарихта сақталмаған.
2-оқушы:
Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер-механигі
Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына
бағдаршам орнатты.
3-оқушы:
1914жылы Американың үлкен қалаларында электрлі бағдаршамдар пайда
болды. Олар тек екі түсті: қызыл және жасыл болатын.
4-оқушы:
1918 жылдан бастап үш түс қолданылатын болды. Олар: қызыл, сары
және жасыл түстер.
5-оқушы:
Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласының Кузнецк
көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.
6-оқушы:
Бүгінгі таңда бағдаршамды электронды жүйемен басқарады.
Бағдаршамдар Қазақстанның барлық қалаларында, сондай-ақ Әйтеке би
кентінің кейбір көшелерінде де бар.
Жүргізуші: Ал енді келесі
кезекті «Жол белгілері» тобына
берейік.
«Жол белгілері» тобы
Ұраны: «Үйрен таппай тыным бір,
Белгілердің тілін біл»
Жүргізуші: «Жол белгілері» тобы өз
топтарының шығу тарихынан баяндайды.
1-оқушы:
Көшелер мен жолда жүру ережелерін сақтауға сонау ат-арба, пәуеске
кезінде талпыныс жасалған.
2-оқушы:
1683 жылы Ресейде патшалар Иоанн және Петр Алексеевичтердің жеке
Жарлығы басылды. Онда атты божымен басқаруға тыйым салынды.
3-оқушы:
1730 жылы Жаңа Указ басылып, аттар жүгенделіп, тәртіп бұзбай жүру
керек болды.
4-оқушы:
1742 жылы кімде-кім тәртіп бұзатын болса,жазаланатын болды.
5-оқушы:
1812 жылы Жаңа ереже қабылданды. Оң жақты қозғалыс, жылдамдықты
шектеу, номерлік белгілер қойылды.
6-оқушы:
1968 жылы Венада халықаралық конференцияда «Жолда жүру» туралы
конвенция қабылданды. Осы құжат негізінде жолда жүру ережесі
жасалып, 1973 жылы күшіне енді.
Жүргізуші:
Келесі
кезең «Белгілер сөйлейді»топтар шартты белгілерімен
таныстырады.Бірінші
болып «Бағдаршам» тобы.
1-оқушы
Мен
көзімді ашқанда,
Ешқашанда баспа алға.
Орыңда тұр, қозғалма,
Ереже бұл «Сен, тоқта!»
2-оқушы
Мен
көзімді ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жүруге әлі болмайды,
Дайындықты сақтайды.
3-оқушы
Мен
көзімді ашқанда,
Көліктер саған тоқтайды.
Ережені білген жандар
Өтуге еш қорықпайды.
4-оқушы
Көрегенмін, қырағымын,
Үш көзім бар, үш сыншым.
Сақтап халық өмірін
Тәртіпті мен орнаттым.
Жүргізуші: Келесі
кезекте «Жол белгілері» тобы.
1-оқушы
«Ескерту» белгісі
Өзі қызыл үшбұрышты ескерту белгісі мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.
Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да,a
Жолы болып, сәтсіздікте ешқашан да қалмаған.
2-оқушы.
«Тыйым салу» белгісі
Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын
Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адам.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың?
3-оқушы
«Нұсқау» белгісі
Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,
Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
4-оқушы
«Көрсеткіш» белгісі
Баратын сапардың жақынын, қашығын,
Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым.
Жүргізуші: Келесі
кезең Сұрақ-жауап кезеңі.
Бағдаршам тобына
1. Бағдаршам деген не? /жол қозғалысын реттейтін автоматты жүйеге
қосылған үш көзді қондырғы/
2. Бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өтеміз? /алдымен сол жағымызға
қараймыз,жолдың ортасына жеткесін сол жағымызға қараймыз/
3. Велосипедті көшеде неше жастан бастап тебуге болады? /он төрт
жастан бастап болады/
4. Көлік күтетін жер қалай аталады? /аялдама/
5. Көліктің бұрылатынын қалай білеміз? /поворотник
жағады/
Жүргізуші: келесі
«Жол белгілері» тобына
1. Бағдаршам сөзінің орысшасы қалай? /светофор/
2. Тротуар дегеніміз не? /жаяу жүргіншілерге арналған жол/
3. Жол белгілерінің неше түрі бар? /126 түрі бар/
4. Бағдаршамның қызыл жарығы жанып тұрғанда кімдерге тоқтамай өтуге
рұқсат етіледі? / 01 – өрт машинасына, 02 – полиция машинасына, 03
– жедел жәрдемге/
5. Көшеде жолдың қай жағымен жүру керек? /оң қол жағыңмен жүру
керек/
Жүргізуші: Келесі кезең жұмбақ шешу
кезеңі.Бірінші «Бағдаршам»
тобына
Ұзын терек,
Саясы жоқ /жол/
Бір жолда екеуі жарысады,
Бір-бірінен оза алмай алысады /темір жол/
Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ: «Тоқта!» «Жүр!» – дейді.
/Бағдаршам/
«Жол белгілері» тобына
Бір көзім: кідір дейді,
Бір көзім: жүгір дейді,
Бір көзім: абайла дейді
Қарап ал маңайға дейді. /Бағдаршам
Аяғы домалақ,
Адамсыз ол жүрмейді. /машина/
Көліктің қаншасын жанымнан өткердім,
Іргеден басталып алысқа жеткіздім /жол/
Қорытынды:Біз бүгін жолда жүру
ережесімен, бағдаршам белгілері мен жол белгілерін үйрендік.
Айналайын, абайла!
Жан-жағыңа қарайла!
Жолда жүру ережесін
Есте сақта қалайда.
Осымен «Жол тәртібін сақтайық!» тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош
сау болыңыздар!!!
№2 мектеп-интернаты
«Жол тәртібін
сақтайық!»
/ашық тәрбие
сағаты/
Дайындаған: Мылтықбек Ұ.С
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты Жол тәртібін сақтайық

шағым қалдыра аласыз