400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты: "Кең байтақ еліме саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды өз Отанын сүюге, туған халқының асыл мұрасын қастерлейтін парасатты,ұлтжанды ,бәсекеге қабілетті, өз құқын білетін адамгершілігі мол саналы азамат болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

С.Аманжолов атындағы орта мектебі

Жанарова Тамара Мамытқызы

Кең байтақ еліме саяхат

(Тәрбие сағаты)

Мақсаты:оқушыларды өз Отанын сүюге, туған халқының асыл мұрасын қастерлейтін парасатты,ұлтжанды ,бәсекеге қабілетті, өз құқын білетін адамгершілігі мол саналы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері,билердің, батырлардың суреттері,интерактивті тақта,кеспе қағаздар.

Ұйымдастыру.

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні)

Мұғалім:Құрметті оқушылар,бүгінгі сынып сағатымыз ерекше маңызды.Бүгін біз еліміздің тарихына,географиялық ерекшелігіне,жетістігіне тоқталамыз. Қазақстан Еуропа және Азия континенттерінің түйісінде орналасқан.Еуропаға Қазақстан аумағының 15 пайызы,ал Азияға 85 пайызы кіреді.Еуропа-Азия субконтинентінің географиялық орталығы Қазақстанда жатыр.Қазақстан шығысында ҚХР-мен 1460 шақырым,оңтүстік батысында Қырғызстанмен 980 шақырым,Түркіменстанмен 380 шақырым,Өзбекстанмен 2300 шақырым және Ресей Федерациясымен 6477 шақырым шекаралас.Әзербайжан және Иранман 1730 шақырым теңіз шекаралары бар.Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 9-ыншы орында,яғни Ресей,Канада,Қытай сияқты әлемнің аса ірі мемлекеттерінің бірінші ондығына кіреді.Халқының саны 17 млн асты.

(Картадан Қазақстанның шекарасы,халық саны туралы слайд көрсетіледі)

«Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ,сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке»деп Төле би бабамыз айтқандай тәуелсіздік алып,егеменді ел атандық.Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын,өз ата мекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек.ананың ақ сүтіне ,уызына жарыған адам қашан да отаншыл,ұлтжанды болмақ.Әркімнің өз тіліне деген құрметін өз анасына ,өз ұлтына,өз Отанына деген құрмет деп білу керек.

1-оқушы:Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орманы,тауы,өзені,көлі бар.

Қазағымның жерін,елін қорғайтын

Жас жеткіншек ұланы бар,елі бар.

Міне өсындай егеменді еліміз,

Кең жазира ,ұлан-байтақ жеріміз,

Туған елін,туған жерін сүйетін,

Біз қазақтың ұланымыз,еріміз.

2-оқушы:Сен неткен,Отан Анам,ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағының бақыты үшін,

Жайнай бер,ұлы Отан ,қазақ елім!

3-оқушы: Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман жасыл жайлау ,көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан елім менің!

(Елтаңба,Ту,Әнұран слайдтан көрсетіледі)

4-оқушы:Қазақстан Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген.шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған.Оны аңыз-әңгімелердегі пырақтардың қанаты көмкеріп тұр.елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз орналасқан.Ал төменгі жағында

«Қазақстан»деген жазу бар.Қазақстан Мемлекеттік Елтаңбасының реңдік бейнесі екі түсті:алтын және көгілдір түс.

5-оқушы:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы-тік төртбұрышты көгілдір мата.Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген.Оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі алтын түсті бояумен берілген.матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар.Тудың ені бір метр,ұзындығы екі метр.

6-оқушы:1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда егемендік құқықты негізге ала отырып ата заңымызды қабылдадық.

7-оқушы: «Бірлік бар жерде тірлік бар»дейді дана халқымыз.ел бірлігі мен иішкі саяси тұрақтылықты нығайтқаннан кейін біз алыс-жақын көршілерімізбен өзара сыйластық пен татулыққа негізделген қарым-қатынас орнатып,мемлекеттік шекара мәселесін біржолата және түпкілікті шештік.Бұл біздің әлем алдындағы беделімізді бұрынғыданда биіктете түсті.

8-оқушы:Астана- қазақтың үшінші мыңжылдығында ,ХХІ ғасырға шашырымай,шалдықпай жеткен ұлт екендігіміздің айғағы.

9-оқушы: Астанам-бағы биік асқарымсың,

Астанам-мәңгі жарық аспанымсың.

Астанам-пейіш қала,ел арманы,

Астанам қайда жүрсем мақтанышым.

10-оқушы: Алтыншы шілде-Астана күні,

Жадыңнан,шырақ,тастама мұны.

Жаңа шаңырақ көтеріп биік,

Жаңа дәуірге Бастама күні.

Ән

11-оқушы: Күндерін кешкен әлемнің жарық,

Құшады келіп елімді бақыт.

Құстай боп ұшып жеттім ғой саған

Туған жерімнің сәлемін алып.

12-оқушы: Астана-бар қазақтың айбарысың,

Арқада бой көтерген жас қаласы.

Көшірген Астананы орталыққа

Елбасы Нұрсұлтанның бастамасы.

13-оқушы: Еңку де еңку жер шалып,Есілге қонған Елордам,

Ертеңгі келер ұрпаққа шұғылаңды шаш сен алдан.

Сарыарқаның төсінде самала шаhар сәйгүлік,

Қанатын алып Күнменен барады ару Айға ұрып...

Ән

14-оқушы: Астана арқылы жаңа Қазақстан өзінің жаңа отауын тікті.Оның болмысына бүкіл қазақ елінің рухы сыйып тұр.Мұны қаланың әрбір көшесінен ,әрбір бұрышынан көруге болады.Көкке шаншылған «Бәйтерек»,Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аспанға көтерген алып киелі ағаш-бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған ұлы мақсат көрінісі.

15-оқушы:Астанам-шапағаттың шуағындай,

Астанам-махаббаттың тұрағындай.

Астанам-періштелер мекенісің,

Астанам-Қазақстан тұмарындай.

(Ән(хор))

«Кім көп біледі?» ойыны.(Слайд көрсетіледі)

1.Үш биді ата(Төле би ,Әйтеке би,Қазыбек би)

2.Қазақтың ұлы ақыны (Абай)

3.Ең алғаш мектеп ашқан ұстаз(Ыбырай)

4.Бес арысты ата(Шәкәрім,Ахмет,Міржақып,Мағжан,Жүсіпбек)

5.Тұңғыш қазақ ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)

6.Тұңғыш қазақ ғалымы (Шоқан)

7.Әлемге «Абай жолы»арқылы қазақ халқын танытқан жазушы(Әуезов)

8.«Отырар»дастанының авторы (Шаханов)

9.ХХ ғасыр ақыны атанған ақын(Мұқағали)

10.Қазақстан Мемлекеттік әнұранының сөзін жазған ақын(Нәжімеденов)

11.Қазақстанның жер көлемі бойынша қаншасыншы орында?(9)

12.Қазақстан Республикасының Ата заңы қашан қабылданды?(1995ж 30 тамыз)

13.ҚР Мемлекеттік Туының авторы (Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков)

14.Тәуелсіздігімізді алуға үлес қосқан желтоқсандық батырларды ата(Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова)

15.Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?(1991 жылы 16 желтоқсан)

Қорытынды сөз:Оқушылар!Біз бүгін Отанымыз Қазақстан туралы,еліміздің рәміздері,соның ішінде қасиетті көк байрағымыз бен Елтаңбамызды,Әнұранымызды өз жанымыздай қастерлеу,оған зор құрметпен қарап,тұмардай сақтау-бәріміздің абыройлы міндетіміз екенін білдік.Әсіресе еліміздің ертеңгі болашағы сендер үшін бұдан асқан мақтаныш пен міндет болмауы керек.Еліміздің тәуелсіздігі найзаның ұшымен ,білектің күшімен келді. Бұл күреске толы жолда қаншама азаматтарымыз опат болды. Кешегі алаштықтарға, желтоқсандық батырларымызға құрметпен қарауымыз керек.Қайда жүрсеңдер де,қандай мамандық иесі болсаңдар да Отанымыз Қазақ елін мақтан тұтуларың керек.Сендердің араларыңнан әлемді аузына қарататын Абайлар,Мұхтарлар,Қаныш Сәтпаев сияқты ақын,жазушы,ғалым шығатынына мен сенемін.Ол үшін тынбай еңбек ету керек,оқу керек.Қазақ болып туылғандарыңды,бойларыңда қазақ деген халықтың қаны ағып тұрғанын ,қазақ тілінде сөйлейтіндеріңді мақтан тұтуларың керек.













Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Таусүгір орта мектебі









«Кең байтақ еліме саяхат»

(Тәрбие сағаты)













5 «А»-сыныбы

Сынып жетекшісі Жанарова Т.М.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
30 сәуір
2825
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі