400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Мектебім, мақтанышым Мамания!"

Материал туралы қысқаша түсінік
қашықтықтан өтілген сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мектебім, мақтанышым Мамания!

Мақсаты: Оқушыларға Мамания мектебінің тарихы туралы мағлұмат беру. Туған елдің тарихын құрметтеуге, өз елін сүюге тәрбиелеу.

Кіріспе сөз: Бүгінгі өтіп отырған тәрбие сағатымызда Жетісу жеріндегі ең алғаш білім ордасы Мамания мектебі туралы айтылмақ. Жетісу өңірінде осыдан бір ғасыр бұрын іргесі қаланып, білімнің шаңырағын жаққан Мамания мектебінің ашылғанына 100 жылдан асты. Бұл мектепте сауат ашқан қазақтың қара домалақтарының қатарында ұлтымыздың зиялы қайраткерлеріде оқыған.

Видео көрініс. (Мамания тарихы туралы)

Негізгі бөлім.

1 – оқушы. Жетісуда Мамановтардың бой көтеруі ХІХ ғасырдың соңғы ширегі, сауда капиталының сол өңірде күшейе бастаған кезеңі. Мамановтардың шаруашылығында басты сала болған және олардың байып, қазақ арасындағы атағы жайылуына негіз болған да сол сауда. Сол Мамановтар ішінен ескінің ездік мінездерінен жиренетін, жаңаны жан-тәнімен жақтайтын, замана ескегінің бағытын сезіне білетін адамдар да шықты. Соның бірі – Маманның кенже ұлы Есенқұл болды.

2 – оқушы. Есенқұлдың халық игілігіне арналған алғашқы қадамы «Қарағаш» мектебі еді.Заманында бұл мектептің ашылуына екі түрлі жағдай себеп болған екен бірінші жағдай Маман балалары уақытысында қазақ зиялылармен жиі араласып тұрған Мұхамеджан Тынышбаев, Ғазиз Мұсағалиев, Отыншы Әлжанов, Мұхамеджан Сералин, ағайынды Сырттановтар Маман үйіне жиі келіп тұрған. Екіншіден, Есенғұл Маманов Мекккеге барған сапарында Ыстанбулда оқып, еліне қайтып келе жатқан татар жігіті Файзырахман Жиһандарұлымен кездесіп, танысып, жолдас болады. Есенғұл оған «Ғалия» медресесі сияқты мектеп ашқысы келетінін айтып, мұғалім болуға шақырады. Файзырахман ұсынысты қабыл алады.

3 – оқушы. Жас қажы үйге келген соң ағайын - туыстарымен ақылдасып, жаңа мектепті салуға кіріседі. Семейден қызыл кірпіш, Өскеменнен қарағай, Омбыдан темір қаңалтыр алдырады. Сөйтіп 1899 жылы Қарағаш елді мекенінде үш кластық діни мектеп дүниеге келеді. Мектепті сол кездегі білім орындарының қатарынан қалдырмау үшін 1902 жылы Есенқұлдың өзі Уфа қаласына әдейілеп барып, медресе «Ғалия» сықылды татар мектептерінің құрылыс жобасын және орыс тілімен дүние тану сабақтарын беретін мұғалімдер жалдап әкелген.Сөйтіп мектептің құрылыс материалдарын жинаудан бастап мектептің оқу бағдарламасы мен түрлі ішкі ережелерін белгілеу, оған балалар тартуға дейінгі алуан түрлі ауырда игілікті жұмыстарды Есенқұл атқарды.

4 – оқушы.1899 жылы бас қосқан мәслихатта Матай ру басылары жаңаша мектеп ашудан бас тартып, орысша оқыған балалар мұсылман дінінен шығып кетеді деп кертартпалыққа салынғанда, «мектепті Матай ру басылары керек қылмағанымен, Маман ұрпақтары керек қылады» деп өздерінің ауыл-аймағын бұл игілікті іске күштеп көндірген де Есенқұл.

5 – оқушы.«Қарағаш» мектебінің алғашқы диекторы Мұстақым Малдыбаев оның зайыбы қазақтың атақты әншісі Майра Уәлиқызы болған.

6 – оқушы. Қарағаш

Атамекен, бесігім Қарағашым.

Тәрбие, білім алып көзімді аштым.

Ордасы ердің білімнің, тәрбиенің,

Білімге қанат қаққан талай жастың.

Жетісудағы әйгілі «Мамания»

Оқыған мектебі еді Ілиястың.

Құрметті Мамания аруағың,

Сен көтерген білімнің шаңырағын

Мақтаныш, салтанат қып айтамыз біз,

Өтсе де қанша дүние қанша ағым.

Жетісудың сәулелі жұлдызындай,

Білімнің жағып едің шам – шырағын,

Бұл күнде ордаң да жоқ, орның да жоқ,

Аңсаймын, есіме алып сағынамын.

Тарихта бір сөз қалмай өшесің бе,

Ұрпақтардан келеді жөн сұрағым.

Мамания мектебін бітіріп шыққан атақты түлектер:

7 – оқушы. Біләл Сүлеев

Ілияс Жансүгіров

Кедесұлы Бейсенбай

Маманұлы Ыбырайым

Берсүгірұлы Сұлтанбек

Құсмолдаұлы Баянды.

Үркінбайұлы Еркінбек

Уәлиұлы Берікқұл

.Аға буыннан бірауыз сөз

8 – оқушы. Қазақ елінің көшбасшылары, елдің рухани атасы болған, халқына егемендік әперуді, сана- сезімін оятуды, ел қатарына жеткізуді арман еткен, ел қатарына жеткізуді арман еткен, сол үшін құрбан болған арыстарымыз – Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы, Жақып Ақбаев және олардың рухани ізбасарларының ұланғайыр қазақтың даласында игілікті істің нышаны білінсе, оларды насихаттап, копшілікке үлгі етіп, олардың әрекеттерін қолдап, әділ бағасын айтып, марапаттап отырған.

9 – оқушы. 1. Ахмет Байтұрсынұлы:Қазақ байларының қалыбын істемей тұрған Мамановтар көрінеді. Медресесінде оқып жүрген балалардан зеректерін таңдап алып, жылына 300 сом ақша расход кесіп, орысша-мұсылманша болсын оқу оқып қайтуға жібереді. «Орысша оқушылар», «Қазақ» газеті, 1913 ж №26,15 тамыз

10 – оқушы. 2 Міржақып Дулатұлы: ...Анда –санда Қапалдағы Мамановтардың жақсы істері құлаққа шалынып қалады. Мұқтаж оқушылар мен шетте оқып жүрген студенттерге жәрдем,степендия беріп тұрады. Екен... «Оқушылардың жәрдем жамиғаты» «Қазақ» газеті, 1913, №174, 16 наурыз.

11 – оқушы. 3 Мұхамеджан Сералин: «Былтырғы жылы Жетісу елінің атақты байларынан Есенқұл Маманов жақсы роман жазған адамға бәйге жариялады. Құдайға шүкір, біздің қазақ арасындағы ғылымның, білімнің қадірін білуші, дәулетін ғылым жолына жұмсаушы байларымыз бар екен». «Қазақ» газеті, 1915 №117

12 – оқушы. 4 Шерхан Мұртаза: ... «Маманияны»жұрттың бәрі біле бермес. Әсіресе, кейінгі буын. Бұл өлкеде Маман деген бай өткен екен. Осыдан жүз жыл бұрын сол бай мектеп салдырыпты. Қазақ байлар аз болған. Бірақ оларды қазір кім біледі? Өтті – кетті . Мыңғырған малды, байлықты о дүниеге ала кеткен жоқ. Ешкім олардың басына алтыннан ескерткіш соққан жоқ. Ал, Маман байдың аты қайта тірілді. Бізде қазір байлар бар ма? Бар ғой. Бар болса, мектеп салдырғаны бар ма? Естімедім. Оқымадым. «Егемен Қазақстан», 11 мамыр, 1999 жыл.

13 – оқушы. 1937 жылы Қарағаш мектебі сол жерден Ақсу қыстағына көшіріліп, 1951 жылдан бастап оған тұңғыш рет қазақтан шыққан ағартушы Ы. Алтынсарин есімі берілді.

14 – оқушы. Мектебімізге өткен 1998 жылында Алматы облысы әкімінің шешімі бойынша Ақсу ауылдық округіне қарасты Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепке бұрынғы атауы «Мамания» қайтарылып берілді.

Жүргізуші:1999 жылы Мамания мектебінің 100 жылдық мерей тойы тойланды. Сол тойдың куәгерлері арамызда отыр. Сол кісілерге сөз береміз.

«Мектебім» әні хормен

15 - Оқушы.

Мамания білімнің шамшырағы

Өркениет ошағы тамшылары

Ердің елге қолдауы, қамқорлығы

Қайырымы, мейірім, жаншуағы.

16-Оқушы.

Мамания – инабат әдептілік,

Таңданады бүгінде әлем біліп

Тәрбиелі, тәлімді зиялылық

Азаматтық, перзенттікәдет-ғұрып.

17-Оқушы.

Мамания рухани қазынамыз

Түлегіміз жемісті бағынанбыз

Өнегесін, өрнегін, рухын сүйген

Ұрпағымыз үлгісі дарыған біз.

18-Оқушы:

Үлгің бар Мамандардай, халқым,мақтан,

Қазақтың рухы мықты әлімсақтан,

Сақтаған сары дала – жарты әлемді

Балалар белін шешпей, түспей аттан

19-оқушы.

Өмірдің мәнін тапқан кеңшіліктен,

Сүйеген бірін-бірі елшілікпен

Күйбкңді тіршіліктен рухы биік,

Тегі оның – қасиетті ер түріктен.

Мінеки, «Мамания» сыры осы,

Демеңіз бұл айтылған жырды тосын,

Егемен ел төріне Маман шықсын,

Ортаңа оралғаны құтты болсын!

Мамандардың аңсаған азат күнін,

Көріп отыр бақытты қазақ бүгін,

Тарихи еншісіне қолы жеткен,

Құтты болсын рухани азаттығың!

Жүргізуші: -Иә, балалар! Біздің мектебіміздің тарихы тереңде жатқанын бәріңіз байқадыңыздар. Сол тарихты жалғастырып, мектептің дамуына ат салысып жүрген ұстаздар мен оқушыларымыз. Күннен күнге көбейіп келеді. Атап айтсақ....

Енді назарларыңызға тақырыпқа сай жасалған кітап көрмесін ұсынамын.

(көрмемен таныстыру)



Ақсу ауданы. Ақсу ауылы

«Мамания орта мектебі, МДШО» КММ

Кітапханашы Мұқашева Марал Бияхметқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
2030
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі