Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Менің Отаным – Қазақстан"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты "Менің Отаным – Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды еліміздің тәуелсіздігі, өткен тарихы туралы іздендіру, білімдерін, өнерлерін шыңдау, патриоттық сезімге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
816
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан

Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: мақалдар, слайдтар, кітап көрмесі.

Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру: залды безендіру, оқушыларды хорға дайындау.

ІІ. Хор: «Сарыжайлау»

ІІІ. 1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын!

2-жүргізуші: Армысыздар, Мәңгілік Елдің ұлағатты ұстаздары мен ұландары, көпшілік қауым!

  1. жүргізуші: алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңге сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік еліміз мәңгілік болып ғасырлар бойы жасай берсін!

  2. жүргізуші: «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбындағы тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер!

IV. 1- жүргізуші:

Бабам іздеген ішінен бұлдыр сағымның,

Анам жаратқан азаттық деген қағыңмын.

Босатып бодан босағасының басқұрын,

Тәуелсіздігім, табалдырығыңа табындым.

Шаңырағымнан шуақтап енді ақ нұрым,

Тарқауын шешті тарих тағдырым.

Қағаннан қалған мың жылғы асыл мұратпын,

Әз баба сөзін жаһанға жазған жарғымын.

Абылай ханның ақтуы болған арманмын,

Шоқтығым Шоқай боп туған заңғармын.

Төс тосқан оққа Алашпын аңсап ақ таңын,

Тәбәрігімін тархандар менен тарланның.



2- жүргізуші:

Тәңірден басқа пешене пәрін сұраман,

Кеудемде ділім, көңілде күнім дін аман.

Қазақ дегеннің қандай екенін ұғындырды,

Нұрлы дүниенің назарын бұрып Нұраған!

Алтайым, Арқа, Жетісу, Сырым - ардағым,

Кенелсін бақыт, кеңейсін іргең, жан-жағың.

Арайы көктің, қанаты тектім - байрағым,

Баяның үшін жолыңа тәрік тән, жаным.

Отан! Бұл сөз әрбір дала перзентінің көкірегін кернеген мақтанышпен айтатын сөзі. Менің Отаным - Қазақстан. Қазақстан – байтақ елім. Осы сөзді естігенде көз алдымызда жазық дала, кілемде өрнектелген көк шалғын, айдын көлде қиқулаған аққу, қаз, үйіріле жусаған отар-отар қой, құлын-тай ойнақтаған үйір жылқы, еркін сайраған бозторғай үні елестейді.

Ия, біз байтақ еліміздің бақытты балаларымыз. Еліміздің еңсесін тіктеп, тәуелсіздігін тұғырлы еткеніне ширек ғасыр – 25 жыл толып отыр. Баршаңызға Тәуелсіздігіміздің торқалы тойы және жаңа оқу жылының басталуына құтты болсын айтамыз. Ақ түйенің қарны ақтарылған қуанышқа ата-баба салтымен шашу шашамыз. (Шашу шашылады)

V. 1- жүргізуші: алайда, біздің қыздардың шашуы жай шашу емес. Оны өздеріңіз де байқаған боларсыздар. Кейбіріңіздің конфеттеріңізден сандар шықты. Енді сол сан нөміріне сәйкес интертақтадан көрсетілген сұрақтарға жауап берсеңіздер. Сұрақтар еліміздің тарихы жайлы болмақ.

  1. Семей полигоны қашан жабылды? (1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды.)

  2. Тоқтар Әубәкіров ғарышқа қашан ұшты? (1991 жылы 2 қазанда Алаштың ақберені Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.)

  3. Н. Назарбаев ең алғаш қашан ҚР Президенті болып сайланды? (1991жылы 1желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.)

  4. Ата Заңымыз қашан қабылданды? (1995 жылы тамыздың 30-да референдумға ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бірауыздан қабылданды.)

  5. Қазақстан Республикасының Ұлттық теңгесі айналымға қашан енді? (1993 жылы карашаның 15-і күні Қазақстан Республикасьшың Ұлттық теңгесі айналымға енді.)

  6. Алматыдағы елордамыз қашан көшірілді? (1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылы «Астана» деген ат берілді.)

  7. Елімізде 2015 жылды қандай жыл деп атады? (2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланды.)

  8. Егемендік туралы декларацияға қашан қабылданды? (1990 жылды 25 қазанда Егемендік туралы декларацияға қол қойылды.)



VI. 2- жүргізуші: рахмет, ойынымызға белсенділікпен қатысқан барша көрермендерімізге алғыс білдіреміз. Ендеше, кешімізді әсем қыздарымыздың «Шашу» биімен жалғаймыз. (шашу биі биленеді)

VIII. 1-жүргізуші: Не сыйлайды, не береді келер күн,

Не де болса тірі тұрсам көрермін.

Желідегі құлынымын мен елдің,

Көгендегі қозысымын мен елдің.

2-жүргізуші: Не істемекпін алтын, гәуһар, жақұтты,

Оларды іздеп өткізбеймін уакытты.

Мен бақытсыз бола қойман сірә да,

Туған елім болса егер бақытты-дей отырып, кезекті достарымыздаң «Өткен шақ», «Осы шақ» және «Болашақ» деген айдармен топтастыру еңбектеріне береміз.

(Арап, Ұлпан, Балнұр слайдты қорғап шығады.)

IX. 1 – жүргізуші: Махаббатым! Жанымның куаты - әнім!

Әр мезгіл бейнеңді ұнатамын.

Мен түсімде ұшсамда қанат бітіп,

Саған сеніп ұшамын Ұлы Отаным!

2 – жүргізуші: Отанды сүю, оны сыртқы жаудан қорғау - әрбір азаматтың парызы, жалғанның жартысындай жасыл жазира даласын ғасырлар бойы шекарасына қамал- қорғандар салмай-ақ, Жалаңтөс батырлары жан пидалықпен қорғай білген ата-бабаларымыз қандай қаһарман. Кешімізді ақын ағаларымыздың өз Отандарына арналған махаббатқа толы жыр жолдарымен жалғаймыз.

Бақыт: Қ. Аманжолов «туған жер»

Нұрсұлу: М. Мақатаев «Қазақстан»

Мақсат: Б. Тәжібаев «Туған елім»

Аида:

Ғасыр:

X. 1 – жүргізуші: Сән берген Сарыарқадай гүл өңірге

Жайнаған Отанымның жүрегінде.

Астанам - бақ ошағым,түп қазығым,

Айналған бар қазақтың тірегіне.

2 – жүргізуші: Астана – ғылым мен білімнің, мәдениеттің ошағы. Астана – ғашықтар мекені. «Астана – махабатым менің» әніне вальс биін тамашалаңыздар.

(Төрт жұп вальс билейді)

XI. 1 – жүргізуші: Қазақстан –сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан – бұл азат ел танысыңдар.

Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,

Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.

Сахнада көрініс: «Шетелдік азаматтардың Қазақстан жайлы пікірлері»

(жігіттердің көрінісі)

XII. 1-жүргізуші: Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді алашты ешкімнің

Қорлығына бермейміз.

Өлер жерден кеттік біз,

Жасайды Алаш, өлмейміз.

Жасасын Алаш, жасасын!

2 – жүргізуші: Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!

Жас ұландар, берік ұста туыңды

Жарқыратып туған елдің таңбасын.

Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату-тәтті бірлік болсын қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын

Қиындықты көп көрген ел екенбіз

Жылдан жылға дамыған берекеміз

Тойымыз тойға ұласып, шаттанайық

Халайық құтты болсын мерекеміз!

Хор: «Өз елім»

XIII. 1-жүргізуші: Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді”- деген Н. Назарбаевтың сөзімен ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

2-жүргізуші: Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда

Үлкен болып қалу үшін ғаламда

Үлкен арман керек екен адамға. Армандарыңыз орындалып, мақсаттарыңызға жете беріңіздер. Келесі кездескенше аман болыңыздар!

Бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылау үшін сөз ретін мектебіміздің директоры Ләзиза Тағайқызына ұсынамыз.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!