жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты: "Менің Отаным -Қазақстан" 1 сынып
Тәрбие сағатының
тақырыбы: «Менің Отаным –
Қазақстан»
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің
рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге
үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып,
махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың
талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп
қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа,
атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге
тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс
жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын
дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы,
рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд,
Астанаға байланысты суреттер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие
беру.
Сабақтың барысы.
. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық (өзін-өзі тану пәнімен байланыстыру)
«Шаттық » шеңбер:
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой
Ал, кәнекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге,
Әнұран орындау.
Ашылуы:
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің
ұлағатты ұрпақтары.Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен
тәуелсіздік таңын аңсап келген. Иншалла олар көксеген арманға ХХ
ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда
өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке
мемлекетке айналдық. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан
Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді
танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. / слаид/
Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін
жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ,
әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды
мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі
мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы
елм
Құттықтау сөзі: мектеп директоры .Құрматова Галина Беркінқызына беріледі.
Оқушы. Біріншіге барамын Жангүлім
Адина,Мадина,Бақтықожа,Рахман, Ерген,
Тақпақтар оқу: Бүлдіршіндерге беріледі. /7 оқушы өлең оқиды/
Бірінші қыркүйек күнімен,
Аңқыған жұпары гүлімен.
Келіп ем, қарсы алды мектебім,
Сүйкімді қоңырау үнімен.
Келдік алғаш мектепке,
Білмейтін едік әріп те,
Оқып, бізді үйретер,
Ғылым анасы – Әліппе!
3 .Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз
Мен мектепке барамын,
Кілең бестік аламын.
Ата-анамды қуантып,
Шоқ жұлдыздай жанамын.
Бақытты балғын баламыз,
Өсті ой мен санамыз.
Әріп танып, сабақ оқып,
Білім нәрін аламыз.
Міне мен де ұлкен болдым,
Жасым толды алтыға.
Арқама сөмке асынып,
Мектепке барам асыға.
Қайсарлы Қазақстан ұланымыз,
Еліме лайық болу ұранымыз.
Қазақ қыздар гимназиясынан білім ап,
Білімнің биігіне шығамыз біз.
Бүлдіршіндер – ертеңгі ұландары,
Құтты болсын алғашқы қадамдары.
Құтты болсын, басталған оқу жылы,
Балалар, «Отан дегеніміз
не?»
1-оқушы: Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған-
туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын
атамекен.
Жангүлім, Мадина, Венера,Тамирис.
Отан туралы тақпақтар оқу: :
Отан деген- атамекен, Отан деген- туған жер.
Отан – деген
ана, пан,
Қазақстан-туған ел.
Отан- менің
ата-анам,
Отан -досым,
бауырым,
Отан -өлкем
астанам,
Отан- аудан,
ауылым.
Отанды біз
атамекен,
Деп аялап
атаймыз.
Өйткені оны мекен
еткен.
Бабамыз бен атамыз.
Отан –деген
атамекен,
Отан деген- туған
жер.
Отан- ана,
Отан –үлкен
Қазақстан
-туған ел.
Отан- атам,
Отан -әкем.
Осы сөзім қатемекен?!
Қате болса,
Неге біздер-
Дейміз оны Атамекен?!
Отан- әжем,
Отан
–анам!
Туған ел деп,
Туған жер
деп,
Ол бекерге
аталмаған.
: Атам, әжем, әкем, анам-
Төртеуіде Отан маған.
Төртеуіде ботам дейді,
Ер азамат атан дейді.
Мақтанамын Отанымен,
Отаныма ботамын мен.
Отан дейміз –от жаққан жерімізді,
Отан дейміз-
өсірген елімізді.
Отан дейміз –
туған жер, атамекен-
Биік тау, ориан,
тоғай, көлімізді.
Отан дейміз- кең
байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа
жол, жас қаланы,
Отанның шеті де
жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен
басталады.
Отан туралы мақал-мәтелер айту.
Балалар біздің ұлтымыз кім? Қазақ
Қай елде тұрамыз?Қазақстанда
Бас қаламыз қалай аталады. Астана.
Астанада қандай әдемі жерлері бар?
Тақпақ: оқу: Жансая
Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады ? Қазақстан Республикасы
Қазақстан қандай мемлекет?Егеменді, тәуелсіз мемлекет.
Республикасының мемлекеттік Рәміздеріне нелер жатады?
Ту ,елтаңба, әнұран.
ІІ. Қазақстан мемлекетінің
тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері- Елтаңбасы, Туы, Әнұраны
бар.
1-оқушы:Гүлнұр,Аян,Мирхан,Алина,Анель,Гүлім,
Нұрхан.Назира,Естур.Аяна.
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашан да
Биікке іліп қояды.
Туымызға жас туған
Бір қарамай өтпейді.
Сол көк тудың астында
Көгереміз көктейміз.
2- оқушы:
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай акстында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің, белгісі.
3-оқушы Өзіңдікі- елің де,
Өзіңдікі – жерің де.
Өзіңдікі- өзің еккен бақ,
Тәуелсіздік төрінде!
Елбасымыз кім? Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Балалар ендеше біздің президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құттықтау сөзін тындайық.
Слаид:
Тақпақтар оқу: Эмирьхан ,Гулзат,Анжар,Жангир,Фариза.
Келген қонақ:
Ән : Нұр аға. Венера
Ойын: «Шанырақ»
Ән: Көк тудың желбірегені.
ІІ. Жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.
Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық
көрсетеді.
Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай
көшбасшымыз бар біздің болашағымыз
айқын.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген