Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "МЕНІҢ ОТБАСЫМ" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға отбасындағы салт-дәстүр туралы тісінік беріп, үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Мұғалім: Шакенова Медина Еренгаиповна

Тақырыбы: Ұлттық салт-дәстүрлер, «МЕНІҢ ОТБАСЫМ»


Мақсаты: Оқушыларға отбасындағы салт-дәстүр туралы тісінік беріп, үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулу.

Күтілетін нәтиже: - оқушыларда салт-дәстүр туралы ұғым қалыптасады, үлкенді кұрметтеу, сыйлау сабақтастығы қалыптасады.

Сабақ барысы:

  1. Амандасу(үш тілде)

Амандасу салтымыз,

Оқып біліп жатырмыз.

Келген қонақ сіздерге,

Сәлем бердік жалпымыз

  1. Психологияляқ ахуал:

Бір үйде біз нешеуміз,

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым – атам,

Балаң үйрек – әжем,

Ортаң терек – анам,

Шылдыр шүмек – ағам

Титтей бөбек – мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз – бесеуміз.


  1. Топқа бөлу:

Қандай отбасыларын білсіздер? Отбасы құндылықтарын атайды.


1 топ- Мейірімді отбасы

2 топ- Өнерлі отбасы

3 топ- Тату отбасы

4 топ – Өнегелі отбасы


Топ ережесін атады.


  1. Қызығушылықты ояту: «Жұмбақты жасыру»


Атаңның баласы
Кей кезде таласып,
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге?
Ол кім? (Әкең)


Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (ана)

Ата мен әженің шаттығы болады,

Әке мен ананың асыл-жол бұлағы!

Әкесінің ұрпағын жалғастырып,

Өз тағдырын құрады! (бала)

Онда әкем-шешем тұрады,

Ата-әжем, бауырым,

Бәрі бірге қосылып,

Бір ұғымды құрады. (отбасы)

  1. Тапсырма: Мақал-мәтел


І топ – Әке туралы мақал-мәтел айтады:


1.Әке балаға сыншы.


2.Әкеден — ақыл, анадан — мейір. 

3.Әкеден безген ұл болмас, анадан безген қыз болмас.

4.Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең.

5.Әкелі бала жаужүрек,  Әкесіз бала сұмжүрек.


6.Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.


7.Әкенің қадірін балалы болғанда білерсің.

ІІ топ – Ана туралы мақал-мәтел айтады:


1.Ананың ізін қыз басар, әкенің ізін ұл басар.


2.Анасын сүйгеннің баласын сүй.

 

3. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.


 4.Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды.


5.Ана ақылы ант, сөзі бал. 

6.Анасы бардың панасы бар,

7.Ана алдында — құрмет,
  Ата алдында — қызмет.



ІІІ топ – Бала туралы мақал-мәтел айтады:


1.Ер бала ата-анаға таяу, Қыз бала үйге жаққан бояу. 

 

2.Баланың ұяты әкеге, Қыздың ұяты шешеге.


3.Баланың өскен бесігі, кең дүниенің есігі.


4.Балалы үйдің ұрлығы жатпас.


5.Жалғыз түйе бақырауық, жалғыз бала жылауық.


6.Әдепті бала арлы бала, Әдепсіз бала сорлы бала.


7.Бала жетіге жеткенше жерден таяқ жейді.

ІҮ топ – Отбасы туралы мақал-мәтел айтады:


1.Отан отбасынан басталады.

 

2.«Сіз», «біз» - деген жылы сөз, ағайынға жарасар.


3.Апам үйі – ақ жайлау.


4.Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.

 

5.Атасыз үй – батасыз, анасыз үй – панасыз.

 

6.Жақсы ата – орман, жақсы бала қорған.

 

7.Баланың бас ұстазы – ата-анасы


  1. Тапсырма: Постер құру (әке, ана, бала, отбасысың бейнесі)


Сергіту сәті: Қара жорға биі


  1. Тапсырма:Эссе

І топ- «Әкем- мақтанышым»

ІІ топ- «Анам – ақылшым»

ІІІ топ- «Бала-бақытым»

ІҮ топ – «Отбасым - берекем»



Кері байланыс:

Топтағы шежіре ағашына

Сабақта жақсы түсімдім - жасыл жапрақ

Жартылай түсіндім - сары жапрақ

Түсінбедім - жызыл жапырақ жапсырады.

Топ басшысы әкеп тақтаға іледі.

Бата

Тума бауы берік болсын,

Сұлу күндей көрік болсын.

Әкесі мен анасына

Тек жақсылық беріп болсын.

Арманға биік шыға берсін,

Көп сөздерге сынап ерсін.

Өз елінің ұлы болып

Ата салтын ұға берсін.

Дені сау болсын, ауырмасын,

Жарқын жүріп қауым барсын.

«Қазақ ұлы» деген аттан

Өмір бойы айырмасын.



Қортындылау:

«Салт-дәстүрі қазақтың – сарқылмайтын кенмен тең»

Әдет-ғұрып – қоғамдық жосық ережелерін дәстүрлі түрде белгілейтін көпшілік мақұлдаған тәртіп.

Дәстүр – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өтетін, өткен ұрпақтардан қалған мұра.

Салт-дәстүр – тұрмыста дәстүрлер көрініс тауып, әдет- ғұрыппен белгіленген әрекеттер.

Міне, қоштасатын да сәт жетті. Отбасы – ұшқан ұя, жылылықтың, жылулықтың мекені. Отбасы атауының мәніне тереңірек үңілер болсақ, от деген сөздің үлкен маңызы, мәні бар екенін сеземіз. Сондықтан да оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болсын. Отбасынндағы адамдарды құрметтеп, сыйлайық.
















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.10.2020
3298
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12