Ашық тәрбие сағаты "Нан - дастархан байлығы" 3 класс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Нан - дастархан байлығы" 3 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Нан-дастархан байлығы»

Мақсаты: Нанның дастарханға келетін жолы мен оған дейінгі еңбегі туралы түсіндіру.

Еңбек адамдарын сыйлау білуге, қасиетті тағамымызды, яғни нанды қастерлеуге үйрету.

Көрнекілігі: суреттер,  мақал – мәтелдер,слайд, тыйым сөздер.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Күзде не жинаймыз?

Астық, егін жинаймыз.

Бидайдан адам өміріне ең қажетті тағам не алынады?

Нан.

Нан түйіршік нәрі, нан дастарханға оңайлықпен келмейді.

 

Бүгінгі сабақтта нан дастарханымызға қалай келетіні туралы әңгімелесеміз, түсіндіреміз.

     -  Қазақта «Ас атасы -нан» деген сөз бар, яғни дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып, танымай тұрып – ақ оған нан ұстауды, нан баспауды, ата – анасы үйретеді. Нан қасиетті екен. Оның құрамында адамның бойына нәр беретін, қуат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар.

Үйге келген кез келген адамға асығыс болса да , өзге тағамнан емес, наннан ауыз тиіп шығады. Адамдардың арасындағы ынтымақ,  бірлік, бір – біріне деген жақсы қарым –қатынас, ауызбіршілік дастарханның үстіне қойған нан арқылы нығая түседі, яғни өзіне нан ауыз тигізген үйге қазақ жамандық тілемеген. Қазақтың бір күн дәм тартқан жерге «қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан келіп шыққан. Қазақстанда нанның 200-ден астам түрі бар. Енді осы нан дастарханға қалай келеді, сол туралы әңгімелейміз

1-слайд.

1.Енді осы нан дастарханға қалай келеді? Сол туралы әңгімелесейікші.

Жердің жыртуы

Суару

Бидай себуі

Бидайдың пісуі

Піскен бидайды жинау

Диірменге апару

Ұнның диірменнен шығуы

Ұнның наубайханаға келуі

Нанның пісуі

Нанды халыққа сату

Нанның дастарханға келуі

 

2-слайд:Нанның жасалу жолы: ұн, ашытқы, тұз, су – барлығын қосып, жақсылап илейді. Табаға салып, бармақпен басады. Қалыпқа салып, пісірген нан әлдеқайда дәмді құнарлы болады.

3-слайд:Жұмбақтар:
5.Алға жайып тұз дәмін
Келтіреді үй сәнін
Ол халқымның ақ жаны
Жақсы дәстүр маржаны
Кең пейілде арайлы
Осы жерден тарайды. Бұл не? (дастархан)                                                                                   

  Беттескен қос табақ
Ортасында бас табақ
Көзбен шоққа ораса,
Дәм піседі тамаша. Бұл не? (тары)

4-слайд:Сергіту сәті

Бидай жерге отырды,

Жасыл түске айналды.

Бидай желмен қимылдап,

Жауын болып жауылды

 

5- слайд «Дастархан басындағы дәстүрлер»
1. Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, берекесі» деп қасиет тұтады.
2. Сонымен бірге дастархан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген адамға дәм таттыруға, той – тамашаға, ас – су беруге жайылады.
3. Ас ішу кезінде сылпылдатпай, тәртіппен тамақтану, қасықты оң қолда ұстау, түзу отыру, тазалық сақтау рәсімдері орындалады.
4. Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады.
5. Той дастархан, той үлгі
Бай дастархан жайылды.
Атап –атап ас қойдық
Атаға деп бас қойдық.
6.Су құйдым да құманмен
Қолына мен әкемнің

6-слайд«Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар»
1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
2. Тамақты жатып ішуге болмайды.
 
3.Ас үстінен аттама
Астан үлкен емессің
4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.
5.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды

Нан туралы біз де жақсы тақпақтар біледі екенбіз.

 

 

Тақпақтар.

1.Оқушы. Ей балалар,балалар

Болмаңдар сірә нанға тар

Өмірдің алтын арқауы

Бар қасиет нанда бар

2.Оқушы.

Дәм патшасы аппақ нан,

Дастарханның басында

Үмітіндей ақталған

Мен де отырам қасында.

3.Оқушы

 Нанды баспа балам,

Ол өйткені ол тағам.

Теріңменен тапсаң тәтті,

Деді атам маған.

4.Оқушы. Нан қоқымын шашпаңдар!

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

5.Оқушы.

 Көктемде егін егетін,

Күзде жиып теретін.

Біздің дала – бай дала,

Алтын астық айнала.

 

- Балалар, нан неден алынады?
- Бидайдан
- Бидай астық тұқымдасына жататынын білесіңдер ме?

 

7-слайд:Нанға байланысты мақал – мәтелдер оқытылып түсіндіріледі.

Ас атасы – нан.

Нан – тамақтың атасы.

Ынтымақ – көптің батасы.

Нан – береке бастауы

Нан – күш қуат көзі

Нан – дастархан сәні

Қоныс көркі – там,

Дастархан көркі – нан.

 7.Нан – астың басы,

Тәртіп -  істің басы.

 

 8-слайд:Тыйым сөздерді түсіндіру.

Нанды баспа.

Нанды шашпа.

Нанды артқа қаратып қойма

Нанды бір қолыңмен үзіп жеме.

 

Оқушыларға нанның суретін салғызу.

 

Балалар, біз бүгін нанның дастарханға қалай келетінімен таныстық, бірнеше адамдардың еңбегі арқылы біздің алдымызға жетеді.

 

9-слайд:Ұлағатты сөздер
1.Дүниеде байлықтың түрі көп. Солардың ішіндегі ең негізгісі–осы нан байлығы. (Ғабиден Мұстафин)

2. “Егер менен әлемдегі ең асыл не?”дей қалса, бөгелместен “Нан” деп жауап берер едім. Себебі, нан әлемнің жарығы күннен нұр алады, адамға күннің нұрын құяды.Оның өмірін күндей жарқыратады. (Ыбырай Жақаев)

10-слайд:7.Қорытынды

Нан қиқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар!-дей келе бүгінгі «Нан дастархан байлығы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.01.2019
1605
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі