Ашық тәрбие сағаты "Наурыз тойы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Наурыз тойы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық тәрбие сағаты:«Наурыз тойы»



Ақтөбе облысы,Темір ауданы,

Шұбарқұдық кенті

6 Шұбарқұдық негізгі орта мектебінің

бастауыш класс мұғалімі Г.Ербатырова






Сабақ мақсаты: Қазақтың салт-дәстүрін жаңғырта отырып,ата-баба салтын сақтау,құрметтеуге тәрбиелеу.Халқымыздың ұлттық мәдениетін дамыту,табиғатпен үндестікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Нақыл сөздер жазылған плакаттар,гүлдер,бұрыш,шарлар,кітапшалар,музыкалық

орталық.


Кіріспе: Жаңа өмірдің қайта басталатын күн есебінің басы,көктемнің көш басшысы.Қанатына маржан тағып қараторғай жеткенде көктемнің алғашқы жаңбыры себелейді.Сіресіп жатқан қар еріп,көл-көсір су болып ағады.

Өзенге қатқан мұз бұзылып,сықырлаған сең жүреді.Бірте-бірте жер қарайып,жан-жануар жадырайды.Жер әлемді жайнатып,әнші құстарды сайратып,Наурыз тойын тойлатып Ұлыстың ұлы күні келді.Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарқанға елімнің,

Береке,ырыс сыйлашы.

Ата-бабам тойлаған,

Наурызым,армысың!

Ортаға ақ кимешек киген әже шығып:

Шашу,шашу шашайық,

Ән думанға басайық.

Наурыз келді далама,

Жаңа жыл келді қалама,-деп шашу шашады.

Музыка ойнап тұрады.Сахнаға екі оқушы шығып:

1-оқушы:

Қыс өтіп,қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп.

Шаруаның кенелген,

Мейрамы ежелден.

Құтты болсын – Наурыз!

2-оқушы:

Көктем келді алақай,

Тұрма қарап балақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Қане достар тұрмайық.

Ән: «Наурыз» Әні: Б.Есдәулетова,Өлеңі: М.Сарынова.

Вальс.

3-оқушы:

Бабам сені қастерлеп,арман етті өзіңді,

Ұлы тойым сөйлейін,арнап саған сөзімді.

Шуағыңды төкші бір,бар тіршілік оянсын,

Асқар тауым,кең дала шұғылаңа боянсын.




4-оқушы:

Малдар төлдеп,қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған.

Жаңа жылдың сипаты,

Молшылыққа аңыз боп,

Басталыпты Наурыздан.

5-оқушы:

Наурыз- шыр айналған жылдың басы,

Адамның өлшенеді өмір жасы.

Қазақтың пейіліне жарасады,

Әр үйде дастарқанға толған асы.

6-оқушы:

Наурыз парсы тілінде «Жаңа күн» деген сөз.Яғни,бұл күн-біздің ата-бабаларымыз,арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы.

7-оқушы:

Жыл басының аты Ұлыс екенінің дәлелі мынау: «Ұлыс күні қазан толса,ол жылы ақ мол болар.Ұлы кісіден бата алса,сонда олжалы болар».

8-оқушы:

Наурызнама.Тәу ету рәсімі.Ұлыстың ұлы күні Күн-Ана дүниеге өзінің сәулесін,нұрын,құтын қүяды.Ол нұр,құтын көкжиектен көтерілген бастапқы алғашқы екі сағат мерзімде ерекше қасиетті мол ырысты болады деп есептеледі.Сондықтан Ұлыстың ұлы күні атқан таңды,шыққан күнді маңдайын тосып қарсы алған. Әйелдер шығып келе жатқан Күнге тәу етіп,иіліп сәлем береді.«Армысың,қайырымды Күн-Ана!»,«Қайырымды Күн-ана,құт дарыт,жарылқа!» деген сөздер айтылады.

9-оқушы:

Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті.Ол күні қар не жаңбыр жауса «Нұр жауады»,«Туар жыл жақсы болады» деп қуанған.Наурыз айында жауған қар «ақша қар» деп аталады.Осыған орай сұлу қызға айтыла-тын «Наурыздың ақша қарындай» деген теңеу бар.

10-оқушы:

Амандасу.Ер адамдар қос қолдасып,төс соқтырады,ал әйелдер болса құшақтасады.

Көрініс: «Құшақтасып көрісу»

- Амансыз ба? Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барса,жол болсын!

  • Ұлыс бақты болсын,

  • Төрт түлік ақты болсын!

Ән: «Наурыз біздің жаңа жыл» Өлеңі мен әні: Ж.Қалжанова.

11-оқушы:

Күн мен түн теңеледі,

Жер шуаққа кенеледі.

Қуанышта ел енді,

Наурыз келді салтымыз.

«Көгерсін»- деп халқымыз,

Көшеге тал егеді.

12-оқушы:

Кәрі қыстың зәрі сынып,

Басылғанда дауылы сәл-

Отырғызған нәлі шыбық

Сенің атың -Наурызтал

Табиғатпен байланыс күн Анаға деген тағзымнан көрінеді. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. "Бұлақ көрсең, көзін аш!", "Бір тал ексең, он тал ек!", деген сөз осыдан шыққан болу керек.

Көрініс: «Күн мен түн».

Күн: Сәулесі мол Күнмін.

Түн: Жұлдызы көп Түнмін.

Бірге:

Бүгін біздер бірдей боп,

Теңелеміз біз бүгін.

Түн: Ал ертең, күн ұзақ.

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Бірге:

Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек,шырақ.


Би: «Қазақ биі».

13-оқушы:

Мұсылман ұғымы бойынша Наурыздың 21-күні түнгі үште аспаннан түсетін Қыдыр ата.Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен.Қыдыр бабаны қарсы алған.Осы түні әр адам қандай ой арман ойласа,ол жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен.

14-оқушы:

Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы-Наурыз көже.Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады.Оның мәні жаңа жылда тойымшылдық,молшылық,мәнді де дәмді,татымды өмір болсын деген ырымды,

тілекті паш ету.Наурыз тойындағы тағамдарда ,көбінесе ақ жағы басым болады. Өйткені,бұл кезде төрт түлік төлдеп,ақ молайған кез.Сондықтан да тойшылар бір –біріне «ақ мол болсын», «сауар көбейсін» деп тілек айтады.

15-оқушы:

Ашық болсын қос қабақ,

Таспен атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та,

Бүгін төрде бас қонақ.

16-оқушы:

Арпа,бидай,тары бар.

Қатық,малта,ағы бар.

Ішілетін, жейтіннің,

Бұл көжеде бәрі бар.

17-оқушы:

Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

Ашылды да кебеже,

Дәм әзірлеу басталды.

Әжем наурыз көжеге,

Жеті түрлі ас салды.

Бидай,күріш,тары бар.

Ащы құрты тағы бар.

Көже-елдің ырзығы,

Бұл көжеде бәрі бар.


Мақал-мәтелдер айту.

Ас-  адамның арқауы.

Ас атасы –нан.

                 

Асты көрсең, қадыр тұт,

Досты көрсең, қыдыр тұт.

 

Нан бар жерде – жан бар. 

 

Бұқтырып қойған көженің қоюы мен суы  бір,

 Берекелі  ауылдың ойыны мен дауы бір.                    

  Ән: «Қазақы дастарқаным».

Наурыз рәсімдері:

Наурыздың өзіне тән салт-дәстүрлері,рәсімдері болған.Мысалы,мынадай:

1.Қыздар,келіндер қыс бойы іс тігеді,оны әжелерге көрсетеді,әжелер наурыз көже береді.

2.Балалар,қыздар жаңа киімдеріне байғазы,көрімдік сұрайды,үлкендер байғазы береді.

3.Өкпелеп жүрген бір-біріне реніші бар ағайын-туғанды бұл күні басқа жұрт татуластырады.

Ұлттық ойындар.

1.«Асық ойыны».

1.Наурыз көже қалай жасалады?

2.Ескіше жыл аттарын ретімен ата.

3.Төрт түлікті ата.

4.Сүттен жасалатын тағамдарды ата.

5.Жылқының сүті қалай аталады?

6.Жеті атаны ата.

2.Күш сынасу(білектесу)

Наурыз мейрамына байланысты аңыз әңгімелер көп. Біз енді соның кең тараған кейбіріне ғана тоқталсақ:

* Парсы патшасы Жәмшіт аңға шыққанында тартқан садағы аңға тимей, жартасты жалап өтіп, содан от ұшқыны пайда болып, жердегі саман шөпті тұтатып, от жағылады. Осылайша от пайда болып, ирандықтар оны киелі санап, өшірмей, ұдайы жағып, оған табынатын болыпты. Сол от пайда болған шақ – Наурыз күні екен...

* Түрік қағанатының патшасы Илхан соғыста жеңіліп, жау оны бала-шағасымен бірге қырып тастайды. Жалғыз-ақ, кенже ұлы Қаян мен жиені Тұқыз құтылып, әйелде-рімен жан сауғалап, тау қоршаған бір алқапқа барып жасырынады. Олар бұл жерге Ергенеқон деп ат қояды. Біраз уақыттан соң бұлардың ұрпақтары ол жаққа сыймай кетеді. Тек сол жерден сыртқа шығатын жол табылмайды. Сонда бір темір ұстасы тау қуысында темір кені барын, соны отпен балқыту арқылы сыртқа шығатын жол салуға болатынын айтады. Ақыры солай жасалып, халық сыртқа шығады. Бұл наурыз күні көрінеді... 

Отамалы көкек айының он бірінде кіріп, он жетісінде шығады. Желсіз, борансыз өтпейді. Қыстың ең соңғы зәрі сонда. Отамалы деп атанғаны бір байдың Отамалы деген қойшысы болған екен. Сол бақыр күн қайырады екен-ау! Көкектің суығы басталған уақытта, әлгі қойды жайылысқа шығармайық, боран болады. Қойдың қыстан титықтап шыққан кезі, малыңнан айрыласың десе, байы бір діні қатты кәпір екен. Сен тоғышарлық қып алдап отырсың деп, Отамалыны сабап-сабап қойды жайылысқа шығартады. Сол күні, құдай көрсетпесін, бір қатты боран басталып, тақ үш күн, үш түн соғып, бар қой ығып кетіп қырылыпты да, қойдан қалмаймын деп, Отамалы бақыр да үсіп өліпті. Көкектің суығы - «отамалы» атанғаны содан дейді.

Әжелер: «Саумалық» әнін орындайды.Жаңа жыл туып,алғашқы күн күркіреп,көк дүркірегенде ел ішінде саумалық айту дәстүрі бар.

Саумалық,саумалық,

Қан тауының көк құсы,

Ұйқыдан көзін ашты ма?

Балалар: Ашты,ашты.

Әжелер:

Саумалық,саумалық,

Самарқанның көк тасы,

Еріді ме,көрдің бе?

Балалар:Көрдік,көрдік.

Әжелер:

Жаңа жыл,жарылқа,

Ескі жыл, есірке,

Саумалық,саумалық!

Саумалық,саумалық!

Ән: «Бала тілегі».

Ортаға Қызыр ата бата береді:

Армысыңдар,жәмағат!(қолын жайып)

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсақ жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын!

Көйлектерің көк болсын!

Қайғы-уайым жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин!

Ішілетін,жейтіннің,

Бұл көжеде бәрі бар.

Ошақта шоқ көп әлі,

Астың ауыр обалы.

Астан үлкен ешкім жоқ,

Қазан аузы жоғары.

-деп үлкендерді,балаларды Наурыз көжеге шақырамыз. «Наурыз көжені тойып ішсең,жыл бойы тоқ жүресің» деген ырым сөз бар.


Зерделі жеті сөз:

1.Наурыз.

2.Ұлыс.

3.Наурызнама.

4.Наурыздың ақша қарындай.

5.Күн мен түн.

6.Наурызтал.

7.Қыдыр баба.

Үш әңгіме:

1.Отамалы

2.Саумалық.

3.Наурыз күні.

Бір тілек:

Бата.







































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
675
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі