Ашық тәрбие сағаты: "Наурыз тойы-дәстүрлі мереке"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты: "Наурыз тойы-дәстүрлі мереке"

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз тойы туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Наурыз тойы-дәстүрлі мереке»

(Ашық тәрбие сағаты)

Мақсаты: Балаларға Ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру,салт-дәстүрді дәріптеу,ұлттық сана сезімін ояту.

Көрнекілігі: Ұлыстың ұлы күні туралы суреттер,теледидардан Наурыз айы туралы видеоролик.

Шаттық шеңбері:

Бақша біздің үйіміз,

Тату тәтті жүреміз

Баулып апа,ағамыз

Құстай қанат қағамыз.

Хор: «Наурыз»

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем.

-Көктем мезгілінің қай айы?

-Наурыз айы.

-Дұрыс айтасыңдар,балалар,қазір көктем мезгілінің Наурыз айы.

-Көктем мезгілі қандай айлардан тұрады?

-Наурыз,Сәуір,Мамыр.

-Наурыз айында болатын өзгерістерге тоқталайық.

-Күн жылиды,адамдар жылы киіне бастайды.Қар еріп,күн жылынады. Көктемде үлкендердің көмегімен аулада гүл егеміз,ағаштардың түптерін қопсытамыз.Көктем мезгілінің наурыз айы адамдардың асыға күтетін айларының бірі.Бұл айда Наурыз мерекесі болады.Бұл күні барлық адамдар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын деп тілектер айтады.

Балалар тақпақтары

Алина:

Армысыздар аңсаған дана халқым,

Сәлем беру ежелгі ата-салтым

Ұлыстың ұлы күні Наурызбенен,

Сіздерді құттықтаймыз шын жүректен.

Мүслім:

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша

Табиғат та тамаша

Тамылжып тұр жараса

Еркеназ:

Наурыз тойы әдемі,

Әжем еске түсіреді

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді

Ерзат:

Наурызбенен құттықтап,

Алыс-жақын қауышты

Көктемдегі жарқын сәт,

Көңілдерге ауысты

Сезім:

Малдар төлдеп,қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған

Жаңа жылдың сипаты

Молшылыққа аңыз боп,

Басталады наурыздан

Дидар:

Шуақ болып төгілер,

Жерге дән боп егілер

Наурыз тойын күтуде

Кіп-кішкене сәбилер

Асылым:

Наурыз тойым-наурыз тойым

Құтты болсын халайық!

Қане достар,қане достар

Шырқап әнге салайық

Әдемі:

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме

Байлық бақыт тілеймін

Бүкіл қазақ жеріне

Нұрай:

Бақта құстар сайрайды,

Жайнап көктем нұрымен

Жаңа дәстүр жырымен

Ел наурызды тойлайды.

Суретпен жұмыс.

-Балалар,қараңдаршы,адамдар Наурыз мерекесін қалай қарсы алып жатыр?

-Киіз үйлер тігіліп,мереке тойланып жатыр.Бірнеше ұлттық ойындар ойнатылып,қазақ халқының ұлттық тағамдарының бірі-наурыз көже пісіріліп жатыр.

-Балалар,наурыз көжені 7 түрлі тағамнан дайындайды екен.Бір-бірінің үйіне барып наурыз көже ішеді.

-Сүттен жасалған тағамдарды атайық.

-Құрт,ірімшік,қатық,қаймақ және т.б.

-Наурыз мерекесінде дастархан үстінде қандай ұлттық тағамдар болуы керек?

-Наурыз көже,бауырсақ,жеті нан.

Тағамдарды атап көрсету.

Жеке ән: «Наурыз келді ағайын!» (Алина)

Сонымен қатар,қазақтың әртүрлі салт-дәстүрлері де бар.Атап айтатын болсақ «тұсау кесер», «бесікке салар» т.б.

Наурыз мейрамында халық қуанып,ұлттық ойын түрлерін ойнап,көңіл көтерген.Соның ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», «Арқан тарту» т.б. ойындар. (теледидардан көрсету).

-Ал,балалар,ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап,күшімізді сынап көрейік! Екі командаға бөлініп,арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанда бірінші болып өзіне қарай тартады,сол команда жеңімпаз болып есептеледі.

Хор: «Салт-дәстүр»

Тәрбие сағатын қорытындылау.Мерекелік дастархан.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.06.2021
1484
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі