Ашық тәрбие сағаты "Отбасы-бақыт мекенім" 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Отбасы-бақыт мекенім" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1) «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету; 2) отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту; 3) отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО ББ «Ақ ниет» мектеп-интернаты» КММ

Тақырыбы:

Отбасы– бақыт

мекеніт





(ашық тәрбие сағаты 9-10-11 сынып)







Өткізген: Чанваева А.Т.









2022-2023 оқу жылы





Күні:

Тақырыбы: «Отбасы – бақыт мекенім»

Мақсаты: 1) «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету; 2) отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту; 3) отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

Міндеттері: Отбасы Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып,оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушыларда ата-анаға деген құрмет артады,

  • Сыйластық пен адамгершілік қасиеттері артады,

  • Отбасым қарым-қатынасы жақсарады, жанашырлыққа тәрбиеленеді,

  • Бойларында мақтаныш сезімі артып, бауырмалдыққа үйренеді,

Кіші Отаны ғана емес, еліне, жеріне деген жауапкершілік сезімдері молаяды.

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: Компьютерде слайд,

презентациялар, жүрекше

Әдістері :Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, «Ой толғау» «Тілек шамы» әдістері,

Тапсырмалар:Топтық, жұптық тапсырмалар.

Эпиграфтар:Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата – анасы

Халық даналығы

Сабақ барысы:

1.Шаттық шеңбер

2.Ойланайық ,пікірлесейік

3. «Мен отбасыммен мақтанамын» (презентация)

4. Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығу

5. Сұрақ-жауап, ата-аналармен

6. «Отбасылық құндылық ағашы» (шығармашылық жұмыс)

7. Жүректен-жүрекке. Тілек шамы .Жылы лебіз білдіру

Кіріспе . Отбасым - менің жүрегім
Отбасым - менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім – дегендей, «Отбасы бақыт -мекенім» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу - біздің борышымыз. 

Балалар біздер қазіргі таңда осы сыныпта кішігірім отбасымыз, осы отбасының бақытты екендігін білдіру мақсатында шаттық шеңберін құрып, бір – бірімізді жылы лебізбен таныстырып өтейік

1.Шаттық шеңбері: Оқушылар қолындағы жүректі бір – біріне атының бас әрпінен басталатын жылы сөздермен атап жалғастырады.

2. Ойланайық, пікірлесейік

«Отбасы» сөзіне ассоциация құрғызу «Отау», «отағасы», «отау иесі» деген ұғымдарды қалай түсінесіз? •

Отбасы негізі неде деп ойлайсыз?

3. «Мен өз отбасымен мақтанамын». Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата - анасы. Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Қазір әр оқушы өз отбасы турады презентацияларын таныстырады.

4. (Сергіту сәті) Көзге арналған жаттығу

5. Сұрақ-жауап: Отбасының қоғам мен мемлекет тіпті, күллі адамзат алдындағы орны тым бөлек. «Отан –от басынан басталады», «Отбасы– шағын мемлекет» деген сөздер де бекер айтылмаса керек. Ата-аналарға сұрақ : Сіздің үйде отбасы мүшелерінің орны қандай, соларға лайықты көңіл аударып жүрміз бе? Ата-аналардың өз отбасы мүшелері туралы сөз алуы.

Оқушылар тыңдайды.







6.Шығармашылық жұмыс:

«Отбасылық құндылық ағашы» Нұсқау: Ағаштың суреті ілінеді. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Осы ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына ең негізгі отбасылық құндылықтарды орналастыру керек. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата-ананың сөзі заң
11. Ата-ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет
20. Көп бала

9. Жүректен-жүрекке. Жылы лебіз білдіру.

Қорытындылау :Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерлеріңізбен бөлісіп, айта алмай қалған ойларыңыз болса осы жерде айтып кетулеріңізге болады.























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2023
2106
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі