400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты: "Қазағымның мақтанышы!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә Назарбаевтың өмір жолын бастауыш сыныпқа түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:............... Т.І.Ж.О Қ.Баймуханбетов

Күні: 21.11.2018 ж

Тақырыбы: «Қазағымның мақтанышы!»

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты

Мақсаты:

1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, шарлар, суреттер, буклет



Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады;

Шаттық шеңбері;

«Миға шабуыл» оқушыларға сұрақтар қойылады:

-Балалар, 1 желтоқсан қандай мерекелі күн?

«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні»

- Біздің президентіміз кім?
- Н. Ә. Назарбаев
- Қазақстан Республикасында Президент сайлауы қай жылдан басталды?
- 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлауда 98,7% дауыспен Н. Ә. Назарбаев сайланды.

-Құрметті оқушылар!1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Қазағымның мақтанышы!


Кіріспе.
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты
білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта
амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.



Негізгі кезең:

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
(Қ.Аманжолов)


1-слайд

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
(Мұғалімнің толықтыруы және суреттер көрсету)
2-слайд1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.


Мұғалім: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев туралы біз тағы не білеміз және не айта алар едік?

1.Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

2. Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

3.  Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

4.Туды ұстап тура жолға түсіріп, 
Жас Отанның өмірін де түсініп, 
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, 
Бір керемет жасады-ау кісілік!

5. Тәуелсіз қазақ елім,

Бақ қонған ғажап елім.

Нұрсұлтан Назарбаев

Артамыз сізге сенім.

6. Елім деп, жерім деген,

Адымдап сенімменен.

Халқымның көшбасшысы

Еңбектен ерінбеген.

7. Президент ең алғашқы,

Қырандай самғап ұшты.

Жұртымның көшін бастап,

Елімнің үмітін ақтап.



Ойын: «Тез ойла!».Оқушылар «Елбасы» деген сөздің әрбір әріптеріне сөз құрап жазады.



8. Әлемнің алды болу

Ол үшін асыл арман

Үлгі боп келешекке

Балаға,ересекке

Президент даңқымызды

Көтерер келешекте

9. Халқымның көшбасшысы

Жастарға ол сенеді

Уәдені біз сақтаймыз

Біз жастар құр жатпаймыз

Үмітін елбасының

Шынында біз ақтаймыз

10. Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші, Атамыз.

11.Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат  талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей тұлғасын.

12. Отан деген-әр адамның жүрегі,

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім-мақтанышым, тірегім.

13 Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.

Сіз –басшы, халқың-қосшы бола бергей,

Жарасып келе жатыр әніміз де.



Ойын: «Кім жылдам!».Бұл ойынның шарты бойынша үш оқушы шығып, сұрақтарға тез-тез жауап беру арқылы, қадам жасайды

Қорытынды:


Интерактивті тақтамен жұмыс
Ой қозғау. Болашаққа саяхат «Егер де мен………»
Президент болсам….
Оқушылардың ой-пікірін тыңдау.
Президент дипломдары, ордендері, атақтары туралы айтып өту
Аса мәртебелі құрмет атақтардың бәрі Елбасының мемлекет басқарудағы іскерлігіне, әлемде бейбітшілік пен ынтымақтастықты жақсартудағы зор еңбегіне, үлкен саясаткерлігіне көрсетілген құрмет.



Ән: «Көк тудың желбірегені»















 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
687
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі