Материалдар / Ашық тәрбие сағаты: "Салт дәстүр - асыл қазына" 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты: "Салт дәстүр - асыл қазына" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Маусым 2018
3631
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы: 5г

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Салт дәстүр – асыл қазына»

Мақсаты:

Оқушылардың халық дәстүрі туралы ұғымдарын кеңейту. Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру; Тәрбиелік мәні бар салт –дәстүрлерді бойына сіңіру.

Күтілетін нәтижелер:

Халық дәстүрінің маңыздылығы туралы түсінеді. Халық дәстүрінің мәнін түсініп, оны қадірлеп, бағалай білу дағдылары қалыптасады. Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзара пікір алмасып, ортақ тұжырымға келеді. Тақырып бойынша өз ойларын айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады.

Сабақтың түрі: танымдық

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пікірлесу;

Көрнекілігі: салт–дәстүрге байланысты суреттер, мақал – мәтелдер , даналардан шыққан сөз, презентация

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын құру, психологиялық көңіл-күй қалыптастыру.

«Сөз тапқанға қолқа жоқ»  ойыны

Қазақ халқы – сөзге шешен халық. Қай кезде де сөз құдіретін түсініп, оны қастерлеп отырған. Сөзге шешен халқымыз әр кезде тапқыр сөзбен сөз тауып кеткен. Осындай даналық пен даралықтың дәнін бойларына сіңірген оқушыларымыз келесі бөлімде өздерінің сөзге тапқыр, тілге шешен екендіктерін дәлелдейді.

(Мұнда топтар қоржыннан әр түрлі әріптері бар асықты таңдап алады да, берілген 2 минуттың ішінде қойылған сұрақтарға таңдап алған әріптермен жауап беруі тиіс.)

1-топқа сұрақ:

Сен үшін ең құрметті не?

Мектеп саған не береді?

Ұялғанда не істейсің?

Сіз үшін байлық не?

Кім сұлу?

Қандай мақал білесіз?

Сөйлей-сөйлей кім боласың?

Бақшада не өседі?

Қиындықты қалай жеңесіз?

Қандай салт дәстүрді білесіз?

Неден қорқасың?

2-топқа сұрақ:

Кімге сенбейсіз?

Кімнің қамын ойлайсың?

Әке көрген не істер?

Үлкенді қалай сыйлайсың?

Арыс өзенінде не көп?

Қазақ ұғымында ұл бала қандай бала?

Кітап саған не береді?

Тіл не үшін керек?

Сен кімсің?

Ең биік не?

Қандай салт-дәстүрді білесіз?

Қандай аспапта ойнайсың?

3 топқа сұрақ:

Қандай мақал-мәтел білесің?

Ең кіші не?

Базарда не бар?

Қиындықты қалай жеңесің?

Ұлдардың ұлысы кім?

Қандай ақын-жазушыны білесің?

Қол не үшін керек?

Сіз үшін байлық не?

Ең жақын не?

Көре-көре кім боласың?

Өмірлік мақсатың не?

Не іздеп жүрсің?


II. Кіріспе. Қызығушылықты ояту.

Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу- әрқайсысымыздың борышымыз. «Сәлем -сөздің анасы, сөз- сарасы» . Қазақ халқының ұғымы бойынша сәлем беру- тәрбиелік пен адамгершілік белгісі.«Ауылдан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал келіп сәлем береді» дегендей сәлем беру қалыптасқан ұлттық дәстүріміз.

Ой-шақыру: Балалар, атадан балаға мұра болып қалатын үйді не деп атайды?

Қарашаңырақ (дәстүр, ұғым) атадан балаға мұра болып қалған үй «киелі үй» деп саналады. Оны ел, ағайын - туыстары « қарашаңырақ» деп құрмет тұтады.

Алтын орда,білім мекені біздің қасиетті қарашаңырағымызда ұлттық салт-дәстүрге байланысты өтетін «Салт – дәстүр - асыл қазына » атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

«Миға шабуыл» әдісі:

«Менің дастарханым» әнін тыңдату.

Сабақтың тақырыбын ашу, мақсатын айқындау.

  • Балалар қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады,

  • Біз қазақ халқының тұрмысы, салт – дәстүрі туралы әңгімелесеміз.

ДАСТАРҚАН
Дастарқан – қазақ салтында пейілдің, ықыластың, жомарттықтың белгісін танытатын, үй иесінің ниетін көрсететін берекесі. Қазақ дәстүрі бойынша әр адам қолынан келгенше барын пейілмен дастарқанға арнап, ықыласын сездіруге тырысады. Дала түлегі қазақтар қай мезгілде болса да үйіне түскен кез келген жолаушыны жатсынбайды. Ашық-жарқын қабақпен қабылдайды. Ықылас білдіріп, төрге шығарады. Содан кейін дастарқан жайылады. Жолаушы тамақтанып, сергігеннен кейін барып, үй иесі жөн сұрап, хал-жайын, бағыт-бағдарын, шаруа жайын ұғады. Бұл да ежелгі салт. Тіпті танымайтын адамды да «Қырықтың бірі – Қыдыр» деп, құт санайды. Халықтың осынау кеңпейілділігін салт ретінде берік сақтауы да ұрпақ үшін дәстүр жалғасы болып қалыптасқан.


(Интерактивті тақтадан «қазақтың дәстүрлері» атты презентация көрсету)


III. Негізгі бөлім.

  1. Мағынаны ашу.

Мұғалім сөзі: “Қазақ халқы салт - дәстүрге өте бай ел. Бұл - оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Біздің халқымыз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт -дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым-тыйыммен тәрбиелеп, аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отаншылдық , ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер де осы жол арқылы дарыған.

Дәстүрдің де жақсы-жаманы болады. Жаманы жолшыбай қалып қояды, жақсысы ғасырдан ғасырға кете барады. Қазақ дәстүрі ата-ананы, үлкенді сыйлауға баулиды. Үлкенге сәлем беру, жол беру, алдынан көлденең кесіп өтпеу, қонақты қарсы алу, төрге шығару, жақсы қабақпен аттандырып салу, жолдас-жораға қайырымды болу сияқты дәстүрлер өмір бойы ескірмейді. Халықтық жақсы дәстүрлерді ешбір ұлы адам аттаған емес, әрбір жас дәстүрді қорғаушы, орындаушы әрі дамытушы болғай-ақ.

Қазақ ұлтында дүниеге келген сәбиге байланысты қандай дәстүрлерді білесіңдер?

Балалар жауабы: Қазақ халқының «Ат қою» ғұрпы.

Мұғалім: Дұрыс. Міне, жаңа өздерің атап өткен салт-дәстүрлердің қатарында «Ат қою» ғұрпы да бар. Видео көрсету. Әрбір оқушы өзінің есімін кім қойғанын, мағынасы жөнінде ой бөліседі.

Постер дайындау:
(Оқушылар әр дәстүрлерді тауып атайды. Мәліметтер береді.)

1топ:
Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.
Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады. 40-күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.

2топ:
Есімін атау (ат қою) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.
Бесікке салу
 – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларын алып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесік ті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Осы жерде жиналған аналар бесік жыр ларын айтады.
3 топ:
Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен жүргізеді.
Баланы атқа мінгізу салты  баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиын шылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.Балаға ер – тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды. Бұл ер баланың азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.

«Ата салтың-ұлттық қалпың»

Бұл бөлімде үш топ бір-біріне көрініс арқылы сұрақ қояды. Топ мүшелерінің бейнелеп көрсеткен салт-дәстүр көріністерін келесі топ қалай аталатындығы оның мән мағынасын түсіндіруі қажет.

1-топтың көрінісі

Қақпанда түлкі жатады. Тымақ киген екі адам келе жатып қақпандағы түлкіні көреді.

Мынау түлкі ғой.

Ия, қақпанға түсіп қалыпты. Осы маңдағы аңшылардың қойған қақпаны ғой.

Алсақ қалай болады?

Алсақ алайық. Бірақ ырымын жасап, қақпанға ақша салып кетейік.


Сұрақ: Бұл бейнеленген көріністегі салт қалай аталады мәні неде?

Жауабы: Бұл – «баутағар» деп аталады. Қақпандағы олжаны немесе аңнан келе жатқан аңшы байлаған олжаны, яғни аңды алған адам аңшыға алғыс ретінде ақша немесе бір затты ұсынуы керек «баутағар» бермеген адамның малы шығынға ұшырайды деген сенім болған.



2-топтың көрінісі

Кілем үстінде тымақ киген ақсақал отыр. Бір кезде жанына жас жігіт келеді.

Жас жігіт: - Ассалаумағалейкум?

Ақсақал: - Уағалекум! Оу, жиен келіп қалдың ба? Мал басы, ошақ қасы аман ба?

Жас жігіт:  Аманбыз, нағашы

Ақсақал: — Иә, әңгімеңді айта отыр. Ел аман, жұрт тынышта не жүріс?

Жас жігіт: — Баяғы сол қырық серкештің жыры ғой бітпей жүрген.

Ақсақал: — Жиеннің қырық серкешін бермеске болмас. Әуелі төргі үйге барып, тынығып ал, қырық серкеш мәселесін содан соң жайластырамыз.

Жас жігіт:  Жақсы, нағашы. Өзімнің айтпағым да осы еді. Жүріңіз.


Сұрақ: Бұл бейнеленген көріністегі салт қалай аталады мәні неде?

Жауабы:  Қыздан туған бала «жиен» деп аталады. Халық дәстүрі бойынша жиен нағашы ларынан қалаған затын алуға тиіс. Мұны «жиенқұрық» деп атайды. Халық жөнді ренжітпей «жиен назасы жаман» деп еркелетіп ұстаған.



3-топтың көрінісі

Ауыл жастары кездесіп қалады.

Қанат: - Ассалаумағалейкум?

Дәулет: - Уағалекум! Оу, Қалай қыстан амансыңдар ма?

Қанат:  Ия, аман. Ертең Аяттың үйінде бас қосамыз.

Дәулет: - Не себепті?

Аяулым: - Себебі, үйдегі үлкендер жолаушылап кетеді екен. Аят жалғыз өзі қалады.

Қанат: - Бәріміз бас қосып, ойын-сауық өткізейік. Әңгіме дүкен құрайық.

Дәулет: - Жарайды онда бәріне хабар берейік. Жүріңдер.


Сұрақ: Бұл бейнеленген көріністегі әдет-ғұрып қалай аталады мәні неде?

Жауабы: Үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде қалған жастар өздері бас қосып, ойын-сауық өткізіп, әңгіме дүкен құрады. Әртүрлі дәмді тағамдар жасайды.



  1. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар»


1.Ұяда............., ұшқанда ...................
(Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.)
2)Ата............, бала ..................... .
(Ата- бәйтерек, бала жапырақ.)
3)Ер......... , ез .................. .
(Ер бір өледі, ез мың өледі.
4)Өле ................. , бөле ...................
(Өле жегенше , бөле же.)
5)Таяқ ............... , сөз ................
(Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.)
6)Мал .............. , жер ...................
(Мал баққандікі, жер жыртқандікі. )
7)Тентектің ақылы ...................
(Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.
8).................. сүйіндіреді, .................. күйіндіреді.
(Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.)
9)Мысық................., тышқан....................
(Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.


«Менің түйгенім»

(Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша білгендерін жинақтап тірек сызба құрастырады)

Мұғалім оқушылардың халықтың өмір тәжірибесі, халық даналығы, салт-дәстүрлері оның маңызы туралы білімдерін жинақтап, ортаға салуы үшін олармен әңгімелесу жүргізеді. Әңгімелесу кезінде оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады:
• Халықтың өмір тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа қалайша жетіп отырған?
• “Салт-дәстүр”деген сөзді қалай түсінесіңдер?
• Халықтық дәстүрден қандай өнеге-үлгі алуға болады?
• Өзің үшін маңызы бар халқымыздың игі дәстүрлері туралы айтып беріңдер.

Салт-дәстүрді неліктен халықтың асыл қазынасы дейміз?


Қорытынды

Ата – бабамыздан келе жатқан салт – дәстүрімізді үйреніп, халқымыздың рухани байлығын бойымызға сіңіру, ұлтымыздың  дәстүрлерінен  үлгі алуымыз  қажет. « Өткенді білмей келешекті білу мүмкін емес. Бұрынғының парқын білгендер ғана бүгінгінің нарқын ұғады» -  деген  болатын  атақты жазушы  Ғ. Мүсірепов.

Жаңбыр менен жер көгерер

Батаменен  ел көгерер,

- дегендей үлкендердің, ұлағатты адамдардың берген батасы тарихта ұрпақтан – ұрпаққа  үлгі болған.

Бата беру. 

Әлемді жарық ет 
Ұл- қызды түгел білімді ет 
Ақылдары ассын! 
Ықыластары тассын! Шаңыраққа иірілсін! 
Достары көп болсын!  Әумин!   

Ән: «Шілдехана. Бесік той» орындайты: Төлеген Елдана, Сәлімгерей Бекзат






































Хаттама №1


Орал қаласы А.Тайманов атындағы № 34 мектеп – гимнащиясының 5 «г» сыныбында «Қайырымдылық қоры» акциясы аясында көмек көрсеткен ата – аналар хаттамасы


07 ақпан 2018 жыл

Қатысқаны: 5 ата – ана


Күн тәртібінде:

1. Оқушылардың бойындағы сезімталдық, қамқорлық, жаңашырлық сезімдерін дамытуға ықпал ету мақсатында ата – аналар өз еріктерімен көмек қолын созу.


Өз еріктерімен ақшалай көмек берген ата – аналар:

1. Сануова Карашаш Сәлімгерейқызы – 5000 теңге;

2. Қожаниязова Гулнар Набиевна – 1000 теңге.


Жалпы көмек қоры: 6000 теңге.

Ұсыныстар: Мектеп оқушыларының бойында қайырымдылық қасиетін дарытуда ата – ана тарапынан үлгі болу күшейтілсін.


Ата – аналар жиналысының төрайымы: Утегенова А.Т.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!