Материалдар / Ашық тәрбие сағаты. Сазгер Әсет Бейсеуовті еске алу кешінен бағдарлама
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық тәрбие сағаты. Сазгер Әсет Бейсеуовті еске алу кешінен бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Кеш ұйымдастыратын мұғалімдерге және сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2020
2214
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қазақстанның маңдайына бiткен талантты ұлы, композитор, Қазақстанның халық артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әсет Бейсеуовтің «Сазгер Әсеттің әндері-өнер шыңында» атты ашық-тәрбие сағатына арналған музыкалық бағдарлама



Сахна. Әсет Бейсеуовтің мұражайында. Фанфар ойналады. Жүргізуші ортаға шығады.

«Сазгер Әсеттің әндері-өнер шыңында» атты ашық-тәрбие сағатының мақсаты:  Қазақ өнерін өркендеткен асыл азаматтардың рухына тағзым етіп, биік бейнесін, тау тұлғасын көрсету. Ел арасында туындылар­дың таны­малдығын, жұртшылықтың жүрегіне жол тапқан әндерінің ел аузынан түспей ерекше қуанышпен айтылып келе жатқаны оның құндылығын көрсету. Көңіліңізді көгершіндей көкке өрлететін бұл әсем әндерді жалынды жастарға жігер беру, санасына ой ұялата отырып, ынтымақ пен бірлікке баулу.

І жүргізуші.

Қазақстанның маңдайына бiткен талантты ұлы, композитор, Қазақстанның халық артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әсет Бейсеуовтің «Сазгер Әсеттің әндері-өнер шыңында» атты еске алу кешіне қош келдіңіздер!

Әсет Бейсеуов қазақ өнерiне өлшеусiз үлес қосты. «Әсет Бейсеуовтiң әндерi» деп аталатын өзiнiң мектебiн қалыптастырып кеттi. Бүгiнде қандай ән кешi болсын, мерекелi думанның көркiн, сөз жоқ, Әсеттiң әнi ашады. Әсет Бейсеуовтiң әндерiн орындаған талай таланттың бағы жанып, өнердегi тұсауы сәтiмен кесiлiп жатты. Оның ән­дерiнiң өмiршеңдiгi ең алдымен, халық­тық нақышта болғандығында, айтылатын ой, мазмұны бәрi айшықталып, кес­теленiп түсе қалатынында.

Ә. Бейсеуов қазақ эстрада музыкасының дамуына үлес қосты. Композитордың "Алмалы Алматым", "Гүлдер", "Шақырады көктем", "Мұңайма", "Алтыным", "Маралдым", т.б. туындылары қазақ ән өнерінің алтын қорына енді. Сондай-ақ, Бейсеуов бірнеше спектакльдерге (С.Балғабаевтың "Қыз жиырмаға келгенде", Ә.Тауасаровтың "Аса құрметті Икс"), кинофильмге ("Көртышқан мен қоян"), телефильмдерге ("Алдар көсе", "Жаздың соңғы күні", т.б.) музыка жазды. Көптеген ән жинақтары жарық көрді.


І жүргізуші.


  1. Әсет Бейсеуов мұражайын аралаймыз және әдеби-монтажда оқушылар мәнерлеп өлең оқиды.


1972 жылы Әсет Бейсеуов «Достарға арнап бір ән жазайын» деп ән шығаруға ниеттенеді. Жақын досы Досан Жанботаға сөзін жаз деп қолқа салады. Сазгер досының өтініші бойынша ән мәтінін жазғанша, Әсет Бейсеуов әуенін жазып қояды. Кейін достарын «Қазақконцертке» шақырып, сол жақтағы күйсандыққа отырып, жаңа әуенді тыңдатады. Ән көңілден шығып, оны тыңдармандар жоғары бағалайды. Сол тыңдармандардың арасында ақын Нұрсұлтан Әлімқұлов та бар екен. Әнді ұнатқан ол: «Рұқсат болса, ән мәтінін мен жазайын» деп өзі ықылас танытады. Ақын ағаның сөзін аяқ асты етпей, сазгер өз рұқсатын береді. Бұл әнді алғашқы болып ҚР халық әртісі Сара Тыныштығұлова орындаған екен.


  1. «Армандастар» әні. Хор. 9 «В» сынып оқушылары




І жүргізуші.


Ұшса егер құс-жаным сағым құшқан,

Ұшса ұшар, бесауат сабылыстан.

Кетсем егер, кетермін бұл жалғаннан,

Саған деген өртенген сағыныштан!


Арнау. «Әсет атама» Базарбаева Айгерим


І жүргізуші.


Ақын біткен үзілдіре жырлаған

Өрлі қалам, нәрлі қалам, нұр қалам.

Бүлкілдейді бұлбұл көмей бұлағың,

Аспаныңда, тастарың да тұнған ән.

Ән. Алтынбек «Алматым жүрегімде»


Ә. С. Е. Т. Ә - Әсет ән әлемінің әміршісі

С - Сырлы сазға сұлулық сыйлаған саз сұлтаны

Е - Еліктірер, емірентер, елдің елшісі

Т - Тамылжытар, тұғырлы таудай тұлға


Сабир, Бекзат, Акимбек, Еламан


І жүргізуші.

Теңіздей тербетіліп көл бетінде

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда ....9... сынып бишілері!


Би. Әсет Бейсеуовтің «Мұңайма» әніне


І жүргізуші.

Сүйемін, мен сізді шыныменен

Ыстық сезім, пəк жүрек, көңілменен

Сіз деп соққан бір жұдырық жүрегімде

Алаңдау бар, ұмыт болар, күдікпенен


Сіз десе жүрегім гүл болып ашылады

Махаббаттан қандай адам қаша алады?

Өң бойымда тұтанған бұл сезімдер,

Күннен күнге жанымды мазалады


Ән. «Туған жер» Орындайтын Базарбаева Айгерим



Ашық-тәрбие сағатының оқушыларға берер тағылымы, нәтижесі:


  • Әсет Бейсеуовтің өнегелі өмір жолымен таныстыру, насихаттау;

  • Әсет Бейсеуовтің рухына тағзым етіп, еске түсіріп отыру;

  • Қазақ өнерінде өзінің қайталанбас қолтаңбасын қалдырған сазгердің әсем әндерін әуелету;

  • Оқушыларды ынтымаққа, бірлікке шақыру;

  • Оқушыларды «Достық» деген қасиетті ұғымды қастерлеуге үйрету.
























Түн жамылып келеміз, айсыз ашық аспан

Төбемізде жұлдыздар үнсіз жымындасқан

Бара жатқан зымырап, байқалмайды уақыт

Бұл не деген қуаныш, бұл не деген бақыт!

 

Алматының гүл бағын аралаймыз ұзақ

Қиялменен кетеміз кейде алысқа ұзап

Күйге толы көңілдер, араластық биге

Қандай ыстық осы шақ, асықпа сен үйге

 

Алақанда алақан, күлімдейді көзің

Құшағымда қуаныш қасымда сен өзің

Бүгінгі күн тамаша, бүгін нұрлы бар маң

Бүгін, міне, қосылды арман менен арман






Армандастар


Сөзін  жазған: Нұрсұлтан Әлімқұлов

Әнін жазған: Әсет Бейсеуов


Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік,

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік.

Бәріміз де жазылмаған дастан едік,

Армандастар – құрдастар!


Қайырмасы:

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,

Бәріміз бір өмір жолын бастап едік.

Армандастар қайда?

Абзал достар қайда?

Замандастар, қарлығаштар қайда екен?


Арман қуған, қиял қуған кезің қайда?

Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда?

Сол алғашқы алаулаған сезім қайда?

Армандастар – құрдастар!


Қайырмасы:


Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,

Бәріміз бір өмір жолын бастап едік,

Армандастар қайда?

Абзал достар қайда?

Замандастар, қарлығаштар қайда екен?!



Бәрің, достар, әр тарапқа кеттіңдер ме?!

Әлде биік асулардан өттіңдер ме?!

Әлде игі армандарға жеттіңдер ме?!

Қайдасыңдар, құрдастар?!


Қайырмасы:


Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,

Бәріміз бір өмір жолын бастап едік,

Армандастар қайда?

Абзал достар қайда?

Замандастар, қарлығаштар қайда екен? 

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!