Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіз елдің ұлымын" 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіз елдің ұлымын" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік туралы өткізілген бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұлымын»
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Отан байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз – Қазақстанды өркендетуге баулу. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Тәрбиелілігі: Туған жерін, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, Қазақтан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту, елтаңба, әнұран. Н.Ә. Назарбаевтың портреті, Астана суреттері, оқушылар шығармашылығы, желтоқсан құрбандарының суреттері, шырақ, көк жалаушалар, шарлар.
Тәрбие сағатының ұраны: “Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан” Н.Ә.Назарбаев
Барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар!


2-жүргізуші: Армысыздар, оқушылар!

1-жүргізуші:Батырлыққа уызынан жаралған,

Ер төркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар

Болмаған, деп- Әнұран ?!

2-жүргізуші:Сынып қатар түзеп тік тұрайық!Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалсын!


1-жүргізуші: Тарихтың ойлы-қырлы белестерінде халықтың жүрегінде сақталып, жадында қалған, қоғамдық дамуға айрықша әсер етіп, ұлттық сана-сезімге қозғау салған тәуелсіздік күні құтты болсын!

2-жүргізуші: Еркіндікке, бостандыққа үн қосқан,
Гүрілінен қақ айырылған түнгі аспан.
Қазағымның әні болған, жыры болған,
Жастар үні – он алтыншы желтоқсан.



1-жүргізуші: Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да – Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

2-жүргізуші: Елінің еркіндігі, бостандығы үшін күрескен желтоқсан құрбандарының рухына, ерлігіне арнап 1 минут үнсіздік жариялаймыз.

/Сынып оқушылары Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске түсіреді/

Мөлдір:Мұхтар Шаханов «Желтоқсан»

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...

Желтоқсанда ызғырықтан тiтiркенiп көк пен бел,

Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,

Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,

Жатты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер...

Алаң шетiн қоршап тұрған шыршаларға ала көк,

Жас бүлдiршiн, сезiмiңдi жанар етiп қарап өт.

Сол арадан сатқындық та елестейдi қара бет,

Қара беттiң көбi бүгiн дара тұлға, дара бет.

Жас бүлдiршiн, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,

Заманыңның жеңiсi мен жеңiлiсiн санап өт.

Мирас:

Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,

Ал бiреулер намысы жоқ, жiгер, қауқар, қары жоқ

Кемсiтпекшi "желтоқсанның жалаң аяқтары" деп.

Жоқ!!! Кешегi сын сағатта көкiрегiнде жанып от,

Тұрған солар аяз сорған қызыл беттiң ары боп,

Дәуiрiнiң тауығына шашылмаған тары боп.

Тiрлiктегi әр iсiңнiң жаңғырығы болады,

Бұл табиғи жасырын заң өзгерiссiз қалады,

Сол заңға сай сенi бақыт не сор iздеп табады. ...

Дүниенi дүр сiлкiнткен жас толқынның саналы

Даңқын ешкiм, ешкiм бүркей алмас.

Оны да еске салады,

Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.

1-жүргізуші: «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым - желтоқсан» дегендей, жетпіс жыл бойы қыл
бұрауға маталған қазақ тар жол, тайғақ кешуден өтті. Қазақтың басы бірігіп, бір жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақытты күн сол еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді.

2-жүргізуші: - Ия, бостандық, теңдік, тәуелсіздікте өз бетімен келген жоқ. Желтоқсан – елімнің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін болған күрес.
Есігі ашық, төрі кең,
Жылап өттік жытқыр өмір өрінен.
Жетер енді, желпінейік, қарайық,
Мына өмірге егемендік көзімен.


Гаухар:
Тәуелсіздік – жыр-әнім.
Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр-әнім,
Ел іргесі берік болсын – ұраным.
Тәуелсіздік - өзіңді еркін сезіну,
Салт-дәстүрім – қолдан түспес құралым.
Тәуелсіздік! Не деп оны түсіндік?
Тәуелсіздік, ар-ожданың кісілік,
Адамға адам жолдас, бауыр туыс боп,
Ел жұртыңның алма құнын түсіріп!

Ержан:
Тәуелсіздік! Менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным,
Тәуелсіздік, сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік, ақ батасы атаның.
Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр-әнім,
Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным,
Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным!

1-жүргізуші: Ендігі кезекте сыныбымыздың әнші ұлдарының орындауында «Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар

1-жүргізуші: Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз деп жырлаған кім екенін білемісің, Нұртас?

2-жүргізуші: Әрине, білемін. Ол - Қаз дауысты Қазбек би.


1-жүргізуші: Ия, осылай деп тебіренген, Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын. Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға, мінеки бүгінде 32 жыл толғалы отыр. Тәуелсіздік ұғымы «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп аз ғана уақыттың ішінде елімізді шартарапқа танытты.



Албина:

Еркіндігім.

Қасиеттім.

Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Кеше сенің келбетіңді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің.

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік, қош келдің!



Асылбек :

Өзегімді өртке ораған қоғамда,

Өз үйіме өзім өгей болам ба?!

Алшаң басып жүре алмаса алты алаш

Азаттығым!

Қадірің де жоқ онда! ...

Саған жету қиын болса қаншалық,

Сақтап тұру қиынырақ одан да!

Алла берген азаттықтың әр сәті-

Аманат қой Маған, Саған Оған да!



Нұрбибі:

Саясатқа сермей алмай семсерді,

Езгі күнге тері қылдым еңсемді!

Желтоқсанда жалын атып жастығым,

Құрсау болған темір қоғам теңселді!

Есте даңқы қыршындардың қалды ма,

Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?

Уа, еркіндік, Құның немен өлшеңді!?



Салауат:

Уа, еркіндік! Құның немен өлшенді?!

Сені көксеп Боздақтарым өлсе өлді!

Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,

Ең шуақты, Ең шырайлы, Ең шерлі!

Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-

Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!

1- жүргізіші:- Нұртас, сенің алдыңа қойған мақсатың бар ма?


2-жүргізуші: - Әрине, бар. Менің алға қойған мақсатым: өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.

1-жүргізуші: Ал
,Президентіміздің мемлекет алдына қойған мақсаты қандай екен?


2-жүргізуші: «Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық - біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қолдадық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік»
Қазақстан Республикасының Президент жолдауынан



Жанель:

ТӘУЕЛСІЗДІК ТУРАЛЫ

 Сен де арманда едің ау, мен де арманда, 
 Сол арманға қол жетті, арман бар ма!
 Өзімізді өзіміз таба алмастан,
 Адасқанбыз, сан тарап ормандарда.

 Аспан түсіп туымыз желбіреді,
 Шықты және теңгеміз – ел біледі.
 Әнұран да, Елтаңба - өзімдікі,
 Қара аспанды қай саяқ төндіреді?!

Әбдірахман
Тәуелсіздік болмаса ұғар ма едік, 
 Тоқтар менен Талғаттар шығар ма еді?
 Абай әнін ғарыштан қазақ айтып,
 Әлем шырғап, қосылып тұрар ма еді!

 Тәуелсіз ел қанатын жаяр алар ма ед,
 Бұратана бұтамды саялар ма ед?
 Тұрарлары тіріліп, Сұлтанбектей,
 Ардақтылар архивтен оянар ма ед?!



Әсемгүл:
Тарихтың белгілі енді алдамасы,
 Оңтүстік – достық, бірлік жалдамасы.
 Үш жүздің басын бұрын қосқан болса,
 Тұранды қосты бүгін – Ордабасы!

 Енді кімнің қаламыз жүлдесінен, 
 Тандырмады таңданып кімді есінен –
 Кең маңдайы жарқырап – Назарбаев,
 Сөйлеген жер жүзі – мінбесінен!


 Қантөгізсіз дербестік алған едік,
 Тәуелсіздік жемісін сау көрелік.
 Ауыр боп тұр, мұнан да қиын болған,
 Қынжылмайық, халайық, тәубе дейік!


1-жүргізуші: Ендеше, Нұртас, ең басты бақытымыз тәуелсіздік жылдарының 30жыл
дан аса жеткен жетістіктер шежіресіне ой жібере отырып, мына отырған сыныптастарымыздың өз Отаны Қазақстан туралы не білетіндіктерін тексерейік

2-жүргізуші: Ендеше кезекті «Кім көп біледі?» айдарына берейік

Сұрақтар қою



Абылай:

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын. .
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!


Жамила: Тәуелсіздік!
Тәуелсізбін, мен бүгін,
Келді, міне, азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен елдігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!


Нұржан: Өзіңдікі-елің де,
Өзіңдікі – жерің де.
Өзіңді өзің еткен бақ,
Тәуелсіздік төріңде.

Аягөз:

Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың, жұлдыздардың жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!


Бекнұр:

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш!


Барлығы хормен: Егемендік елдікті аңсаған,
Тәуелсіз біз жас ұлан!

  1. Жүргізуші. Алдарыңызда Арай мен Нұртастың орындауында «Тәуелсіз-ел ұраны» әні






«Жауына табынбаған,

От болып жалындаған...»



Азаттық қоныс қылған,

Елінде бақыт тұнған.



Қыраны еркін самғап,

Аспанда қалықтаған.



Желбіреп жалаулары

Иені жоқ даласында

Әнұраны шарықтаған.



Бәріне құшақ ашып,

Ешкімді жатсынбаған.



Көңілі ашық қашанда,

Бар елмен туыс болған.



Дұшпаны тұрса күліп,

Қиып түсер қылыш болған.



Дәстүрін ұмытпаған,

Ұлыларын ұлықтаған.



Зымзия харамдарды,

Жанына жуытпаған.



Қадалған жерден қан алып,

Өліспей беріспеген.



«Көздерінде от ойнар»

Ұлдары батыр кілең.



Қисынынан сөз табар

Өр халқы ақын кілең.



Осындай бар ма ел десе,

Ойланбастан айтар ем

Қазақстаным бұл менің! 

2-жүргізуші: Біздер тәуелсіз қазақ елінің ұрпағымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық!


1-жүргізуші: Ия, Нұртас, дұрыс айтасың! Өз Отаныңның патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңе ұялату. Ол - өз Отаның мен жеріңе деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет. Ел Президенті өз сөзінде: «Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық.Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы. Лайым бетімізден жарылқасын!Үлкен жолдың үстінде бізді ата – бабаларымыздың аруағы желеп – жебеп жүре көрсін!» деген болатын.


1-жүргізуші:- Ендеше, тәуелсіздік күніне арнап елімізге біз де тілек тілейік. Мен еліме Қазақстанның бүкіл әлем алдында абыройы асқақтап, еліміз көркейе берсін дегім келеді. Сен қандай тілек айтар едің, Нұртас?


2-жүргізуші: Мен еліміздің бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы болсын деп тілегім келеді.



1-жүргізуші: Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ. Нұрсұлтан ағамыз елімізде бірді бір бала оқымай қалмауы керектігін басты назарға алды.


2-жүргізуші: Егер де сен өз еліңнің отаншыл перзенті болсаң,


1-жүргізуші: Егер сен тәуелсіз елдің тірегі болғың келсе,


2-жүргізуші: Егер ертең өз тағдырыңды өз қолыңа алғың келсе,


1-жүргізуші: Қазірден бастап жақсы оқып, үлкен жетістіктерге жетуге тырыс!»



Арай:
Қазақстан тәуелсіз ел, қанатын жайған әлемге,

Ақ боз аты оза шауып, жаңғырған аты әлемде.

Өткен күндер келмеске кетті, тарихта қана айтылып

Жанарларын мұң шалмай, ұлың мен қызың күлуде.

Нәсібін Алла қазағыма аямастан беруде,

Көктен де жерден байлығындағы төгуде.

Рамазан

Қарыштап, дамып бар елге болдық төре де,

Азаттықтың ақ сұңқарлары қазағымның көгінде,

30 жылдан аса уақыт қалықтап ұшты бұл күнде!

Тәуелсіздік тойларыңыз құтты болсын ендеше!



2-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй –деп Абай атамыз айтқандай кезекті келген қонақтарымызға арнап қонақкәде салтына берейік.Еркем-ай әнін қабыл алыңыздар!

Арай мен Рамазан күй тартады.



2-жүргізуші. «Қазақ биін» қабыл алыңыздар!



2-жүргізуші: Міне, бүгінгі тәрбие сағатымыз да өз мәресіне жетті. Туған еліміз Қазақстанды сүйіп, мақтан етейік!


1-жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздік мерекесі тағы да құтты болсын! Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!

Екеуі бірге: Тәуелсіздігіміз ұзағынан жарылқасын!



Хор: «Атамекен» әні



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
988
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі