Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіз елім -Қазақстан"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіз елім -Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қ.А.Яссауи атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Shape1



Сыныбы: 2«Ә»

Мұғалімі: Налибаева Ж

2024 - 2025 оқу жылы



Тақырыбы: «Тәуелсіз елім - Қазақстан!»

Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып,желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: Жас ұрпақ бойына еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Қазақ елім,туды жастық дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын ағайын!

Тәуелсіздік құтты болсын,алыбым!

  • Құрметті қонақтар Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіліп отырған «Тәлеусіз елім – Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның,

Болашағы бірлікте.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындаймыз.

Мұғалім: Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама – қиын қыстау күндерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Сондықтан да желтоқсан бүкіл халықтық мереке. Осы жолда аға-апаларымыз көп күресті. Желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апаларыңды тани біліңдер.Олар: Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков.Сабира Мұхамеджанова және т.б. аға – әпкелеріміз бар. Желтоқсанда шейіт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.


Біз ата- бабамыздың аңсаған арманы орындалып, қазақ елінің Тәуелсіз Мемлекет атанып,көк туы желбіреген жұлдызды сәтін өз көзімізбен көруге жазылған ұрпақпыз.

Рахмет!

Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,

Бізге оны ешкім аяп бермеді.

Тәуелсіздік- Қайрат,Ләззат,Ерболдың

Тас көшеде, тас талқан боп өлгені.

Осы тәуелсіздікке жетуімізге өз үлесін қосқан батырларымызды мәңгі

жүрегімізде сақтаймыз.

«Ой ашар» сұрақ – жауап әдісі.
– Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
– Біздің Отанымыз -….
– Қандай Республикамыз?
– Біздің ана тіліміз қандай тіл?
– Елбасымыз кім?
– Балалар, біз қандай елміз?
– Қай жылы тәуелсіздік алдық?
– Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?
– Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды?
Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап шығайықшы.
( әнұран, көк байрақ, елтаңба)


Мұғалім: Тәуелсіздік дегенде көңілден жыр-шумақтар ағытылар. Ендеше балалардың тақпақтарын тыңдайық.

Диярбек:

Тәуелсіздік таңы атты,

Барлық әлем жаңарып.

Осы тұрған халқыма

Бейбітшілік орнады.

Аяна:

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Сайдур:

Он алтыншы желтоқсан ,

Тәуелсіздік алған күн .

Мерекеге ел тосқан,

Атамменен барған мын.

Айша:

Тәуелсіздік еліміз,

Мәңгі жасар жеріміз.

Тәуелсіздік жасаған ,

Аға ,әпкелеріміз.


  Аян: Елтаңбасы  елімнің,
                            Неткен  әйбат, әдемі!
                            Тұнығындай  көңілдің,
                            Ортада- аспан  әлемі.

Ибрахим:
      Құт, береке – шаңырақ,
                            Орын алған  ол  төрден.
                            Қанатты  қос  арғымақ,
                            Екі  жақтан  көмкерген.

Бағым:
           Анаң- күнің, жүрегің,
                             Әкең – өмір тірегің. 
                             Сен- бақытты  ұлансың,
                             Бәрі  саған  қуансын!


 Шамшод:    Көк  аспандай  көкпеңбек,
                             Қазақстан жалауы.
                             Көк  емес  ол тектен-тек,
                             Елдің ашық қабағы.

Гульназ:
        Тәуелсіздік  жолында,
                           Талай – талай тер тамған.
                             Билігім  өз  қолымда,
                             Еркіндігім – Елтаңбам.

Нұрәли:
            Аспанымдай мөлдірмін,
                             Жайлауымдай  жазықпын.
                             Өзенімдей  өршілмін,
                             Гүлдерімдей  нәзікпін.

Айша:
          Ақ  ниеті- алтын күн
                            Асқақ арман – қыраны.
                            Жалауы бұл- халқымның,
                             Мәртебесі, мақтаны.

Мұғалім: 16 - желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеде ел қуанып

Шаттанып ән салған күн.


Ән: Жаса Қазақстан әні. Бір топ топ балалардың орындауында

Көрініс:

Әже: Осы кезде қолында ұршығы бар әже ортаға щығады. Төрдегі көрпеше үстіне келіп отырып, ұршығын иреді.

Бала: қолында қамшысы бар бала ойнап жүгіріпкеліп, әжесінің жанына отырады.

Бала: Әже не істеп отырсыз?

Әже:Құлыным ұршық иіріп отырмын. Кел қасыма отыр ,күнімен ойнап шаршаған шығарсың.

Бала: Әже,Біз балабақшада «Тәуелсіздік» мерекесіне дайындалып жатырмыз.Мемлекеттік әнұранды айттық, тақпақтар жаттадық.Бізде «Тәуелсіздік»мерекесіне орай ертеңгілік өтпекші.

Әже: Жарайсың, құлыным! «Тәуелсіздік»күніне арнап қанша ән айтсаңда, артық емес.

Бала:Әже «Тәуелсіздік» деген не?

Әже: -Е-е-е құлыным «Тәуелсіздік» деген бұл үлкен әңгіме. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді.Қайсар,батыр аға-апалардың арқасында егеменді ел болдық.

Мұғалім: «Домбыра» биі орындайтындар: Қыздар тобы

 Мұғалім: Тарих парақтарына көз жүгіртетін болсақ, еліміздің бірлігін сақтаған Абылай хан атамызбен үш кемеңгер дүлділім өткен өмірден. Олар қазақта қара қылды қақ жарған Қазыбек би, Әйтеке би, Төле билер. Олай болса тарихқа көз жүгіртіп,көрініс тамашалаймыз.

Көрініс: Залға Қазыбек, Әйтеке, Төле билер кіріп, орындарына отырады. Осы кезде Абылай хан ортаға шығады.

Абылай хан : Уа,халқым, осынау қиын қыстау заманда ел басына жоңғар деген атпен қара бұлт төніп тұр. Осы жағдайда халықты біріктірер қариялар өздерің. Халқымыздың рухын көтеріп, өзімізді, елімізді ,жерімізді қорғайтын заман келді. Қандай ақыл кеңес бересіңдер?

Қазыбек би: - Әр руға шабандоздарымызды жіберейік,халыққа хабар айтсын.

Әйтеке би: - Жөн , ел ішінен қол жинауымыз керек. Айбарлы батырларымыздың басын біріктіріп қас жауымызға қарсы шығайық.

Төле би :-Бұдан былай қазақ Абылайдың туы астында жиналуы керек.

Билер: Ия, біз қазақ мал баққан елміз,ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Әже:-Міне құлыным, біздің ата-бабамыз аңсаған «Тәуелсіздік» біздің елге оңай жолмен келген жоқ. Ендеше құлыным сені балабақшаңа апарайын жүр кеттік.


Ойын: «Шаңырақ» Ойынды шартына қарай ойнайды.

Би: Ұлдар тобы

Ән: Көк тудың желбірегені

Қорытынды

Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Т – білдіреді теңдікті,

Ә - әдептілік, әлдікті.

У – уайымсыз уақытты,

Е – егемендік елдікті

Л – дейді лағып лепірме

С – сенімділік секілді ең,

І – ілтипат пен ізет қой,

З – зиялылық тілек қой.

Д – шақырады достыққа,

І – ілтипат пен ізет қой,

К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.


Мұғалім: Отаным Қазақстан –алтын бесік,

Мінекей ұлы жолға түсті келіп.

Ағайын, бар тілерім мен еліме.

Тұғырың мықты болсын Тәуелсіздік!


Хормен: Қазақстан!

Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі

Әнұранымен айбатты.



Осымен « Тәуелсіз елім - Қазақстан!» атты мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Мереке құтты болсын, көріскенше сау болыңдар!










































































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2025
203
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі