Материалдар / Ашық тәрбие сағаты. "Тәуелсіз-Қазақстан"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты. "Тәуелсіз-Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақтың мақсаты-тәрбиеленушілерді патриоттық сезімге, еліне деген сүйіспеншілік орнату. Тәуелсіздігіміз оңай жолмен келмегенін түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2023
245
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

16 желтоқсан–Тәуелсіздік күні

Тақырыбы : «Тәуелсіз-Қазақстан»

Тәрбие сағатының мақсаты: Еліміздің тарихы болып келе жатқан

Тәуелсіздік мерекесі туралы түсінік беру.

Тәуелсіздің келу тарихы мен қырандары

туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Өз елінің өшпес даңқы шыққан тарихы мен

ата-баба салт дәстүрінің ұлт нышаны болып

саналатыны туралы ұғым қалыптастыру.

Тәрбиелілігі: Тәрбиеленушілерді достыққа,

адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Тәуелсіздік тарихы туралы біледі.

Патриоттық тәрбие қалыптасады. Ұлтжанды

болуға тырысады.

Тәрбие сағатының әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойындар, суреттер.

Тәрбие сағатының барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Жүргізуші: Армысыздар ардақты ұстаздар, тәрбиеленушілер, құрметті қонақтар! Сіздерді ғасырлар бойғы халқымыздың асыл мұраты- азаматтығымызды әперген айтулы мерекеміз «Тәуелсіздік» күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жүргізуші: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
- Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәрбиеленушілер Қазақстан туралы өлеңдер оқып, жақсы мақал-мәтелдер айту,елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.

Ынтымақ пен бірлік боп сыйластықтар,
Қазақ елі жарқырап, жайнай берсін.
Әнұраны шырқалып бар әлемде,
Көңілде күй тербелеп, ойнай берсін.

Хор: Әнұран.

«Ой ашар» сұрақ - жауап әдісі

Жүргізуші: Кәне балалар Отан деген не?

Адамның туып өскен жері, туған-туысқандары, біз тұратын атамекен.

Жүргізуші:Балалар біздің отанымыз қалай аталады? -Біздің отанымыз Қазақстан.

Жүргізуші:Еліміздің бас қаласы қалай аталады? -Біздің бас қаламыз Астана.

Жүргізуші: Біздің Президентіміз кім?

Жүргізуші: Қай жылы тәуелсіздік алдық?
Жүргізуші: - Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?
Жүргізуші: - Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды?
Жүргізуші: Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап шығайықшы.( әнұран, көк байрақ, елтаңба)


Жүргізуші: ТУ
Желбіре туым, желбіре,
Әлемге жетсін шуағың.
Өзіңді ұстап қолыма,
Қасқайып төрде тұрамын.

ҚР Мемлекеттік туының авторы- суретші Шакен Ниязбеков
Жүргізуші: Елтаңба
Алтын қанат көмкерген.
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бине сен қыран,
Жай бине емес ұғып ал.
Көгілдір түс аясы.
Бейбіт дала елесі.
Шаңырық жұрт панасы,
Уықтан күн сәулесі.
Аңызға ұшқыр төзімді,
Пырақ халық арманы.
Жоғары да түсер көз,
Бас бармақты жұмуға.
Ал, Қазақстан деген сөз.
Таныс барлық ұл, қызға.
Маған, саған қымбатты
Ел таңбасы ол – Елтаңба.
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары-

Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов
Жүргізуші: Әнұран

Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай,
Теңгеміз бар тайға таңба басқандай.
Көк байрағым көкте биік желбіреп,
Бірлікке шақырып бізді жатқандай.

ҚР Мемлекеттік Әнұранның авторлары:-

сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсултан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов


Жүргізуші: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Жүргізуші: 1986 жылы 16 - желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

Балалар «Ғажайып қоржын» ойынын ойнап жіберейік. Ол үшін сендерге мақал-мәтелдің жалғасын табасыңдар...

1. Отан-от ............................

2. Отансыз адам-..........................

3. Отан үшін еңбек етсең-.......................

4. Біздің Отанымыз-.............

5. Досың көп болса-....................

Жүргізуші: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 32 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Тәрбиеленушілер біздің елімізде көп ұлт өкілдері тұрады,кәне соларды атап айтайықшы: орыстар, өзбектер, қырғыздар, татарлар, немістер.

Иә балалар дұрыс айтасыңдар әр түрлі көп ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тұрады екенбіз. Тәрбиеленушілер кәнекей әр ұлт өкілдері бір шаңырақ астында қалай тұратынын киіз үй құрып көрсетейік.

Кәне, кәне тұрайық,

Сол қолымды көтердім

Киіз үй біз құрайық.

Уықты мен көтердім.

Оң қолымды көтердім,

Киіз үйді тұрғыздық,

Уықты мен көтердім

Жұмысты біз тындырдық..

Жүргізуші: Теңге.
Шыныменен Алла рахым берді ме?
Қазғымның көз жасын ол көрді ме?
Мәңгілікке жасай берсін теңгеміз.
Қолды жаймас, кезегіне келді ме?
1993 жыл 15-қарашада ұлттық валюта теңгеміз айналымға енді.

Көк туым көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам әлемге танылды анық.

Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,

Арманым ата заңым қабылданып. Конституциямыз 1995 жыл 30 тамызда қабылданды. Ол 9-тараудан, 98-бабтан тұрады.

Жүргізуші: Балалар рахмет. Балалар енді осы рәміздерімізге байланысты «Пазл» ойынын ойнайық. Тәрбиеленушілерді мадақтау

Жүргізуші: Енді кезекте тәрбиеленушілеріміздің ыстық-ықыластарына кезек берейік. Тәуелсіздік күні туралы тақпақтарымызды айтып жіберейік.

Іңкәр: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Айсұлтан: Қуанышың, шаттығың сарқылмасын,
Азаттықтың ақ таңы күлім қағып.
Егеменді еліміз мәңгі болсын,
Тәуелсіздік тұғыры жымың қағып.

Нұрасыл: Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Алуа: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Жансая: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Қорытынды: Тәуелсіздік жайлы не білеміз? «ДОДЕКАЭДР» ойынын ойнап жіберейік.

Байтақ дала жерім менің

Арта берсін даңқың сенің

Көк байрағың желбіресін

Егеменді елім менің – дей отырып,

Құрметті қонақтар, тәрбиеленушілер осымен Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз-Қазақстан» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!