Тақырыбы: «Тәуелсіздіктің ақ
таңы»
Мақсаты:
Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз
жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін,
әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлем-дік деңгейге
жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып
түсіндіру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына,
туған жеріне деген сүйіспеншілігін
арттыру.
Көрнекілігі: нақыл
сөздер,плакаттар,буклеттер,музыкалық
жабдық,слайд.
Мұғалім:
Мақсатымыз: туып өскен жеріміз
Қазақстан Республикасын құрметтей, еліміздің Рәміздерін қастерлей,
отан – отбасынан, туған жерден басталатынын түсіне
білейік.
Мұғалім сөзі: Шарықта, шарла көкті көк
байрағым,
Арманым,
Азаттығым, көпке айғағым.
Мен
сенің салтанатты сағатыңа
Өлеңмен
алтын шашақ шоқ байладым.
Ал
самға, әлем кезіп, Әнұраным
Қалықта
Елтаңбасы- шаңырағым.
Хор
«Әнұран»
Экранда «Отан деген не?» сұрақ көрсетіледі.
(Слайд) .
Біздің
Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан
Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді
танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан
Республикасы 1991 жылы 16- желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін
жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр
жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды
мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі
мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы
елміз
Мұғалім:
Қазақстан көк байрақтың нұры
едің,
Сен дегенде лүпілдейді
жүрегім.
Өзің менің қуанышым,
бақытым,
Өзің менің мақтанышым
тірегім.
Қыран құсым көк аспанда
самғасын.
Мұғалім
сөзі:
- Балалар, 16 - желтоқсан
қандай мереке? - 16 желтоқсан тәуелсіздік
күні.
- Желтоқсан оқиғасы
туралы сен не білесің?
- Ол
туралы біз көп білмейміз ғой, себебі сол кезде біз дүниеге де
келген жоқпыз. Ол туралы теледидардан, ұстаздардың айтуынан,
кітаптардан оқып жүрміз.
Бейне ролик
көрсетіледі:
Оқушылардың өлең
жолдары
Жасмин:
Атыңнан
айналайын егемен ел,
Тәуелсіз
күнің бүгін кенеле бер,
Мейрамың
құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың
тойы болшы келе берер.
2-оқушы:
Тәуелсізбін мен бүгін,
Келді,
міне азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен
ендігім,
Шешіл
енді шемен болған шерлі үнім!
Нұрсұлтан:
Өзіңдікі
-Елің де,
Өзіңдікі
– Жерің де
Өзіңдікі өзің еткен Бақ-
Тәуелсіздік төріңде!
Мирас:
Қанатыңнан
қайрылып,
Қыр -арқаңнан
айрылып
Қонақ-
Тәуелсіздіктен,
Қала көрме
айрылып!
Мұғалім:
Мен –
қазақпын, мың өліп, мың тірілген...
Ж.
Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл
болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды,
алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет,
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан
көтерілісі:
Тәуелсіздіктің құны міне
осындай...
Биылғы жылы Тәуелсіздік
таңының арайлап атқанына жыл толып
отыр.
Ақмарал:
Азат
өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл
елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата
бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан -
Гүлстан!
Меруерт:
Кең
байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім
менің
Бүгінде бар әлемге даңқың
жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім
менің
Мұғалім:
Қазақ дейтін менің бір
елім,
Жатыр алып жарты дүние
әлемін.
Бұл даланы анам жаспен
суарған,
Бұл далаға жылап келіп
қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ
жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай
қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық
таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін
үзбеді.
Көрініс
«Тәуелсіздік»
1-жүргізуші
Сол
күндер ғой жүректің
аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп
тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін
қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән
салады.
Оқушылар сөздері.
Жасмин:
1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.
Нұрсұлтан: 1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей
ордасындағы көтерілісі
Омар:
1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық
көтеріліс.
Темірлан: 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған
ұлт-азаттық көтеріліс.
Мирас: 1932-1933 жылдар ашаршылық
кезеңі.
Фурк: 1936-1938 жылдар репрессия
кезеңі.
Жасмин:
1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.
Камал: 1986 жылы
Желтоқсан оқиғасы.
Меруерт : Қазақ
халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат
Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды
еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың
желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып
кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды.
Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған
ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас
иеміз.
Мұғалім:
Желтоқсан – заман толғағы
байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік
қаланың
Желтоқсан – Қайрат,
Ләззат, Сабира
Құрбаны болған
жаланың
Ал қоғамның адамнан бар
ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар
басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете
барды
Бірі атылып, ал бірі
дарға асылып
Ән:
«Желтоқсан желі»
Мұғалім
сөзі: «Орнында бар
оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық
жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің
арқа-сында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды.
120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде,
асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада,
егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген
мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк
байрағын көкке көтеруді мақтаныш
тұтады.
Қазақпын, еңселі елмін
егеменді,
Кеңейттім кең әлемге
керегемді.
Мұхиттың ар жағында
жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп
тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт,
жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың
бәрінде айтам.
Ән:
«Арайлап
таңым»
Мұғалім сөзі:
Қазақстан республикасы –
біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы
ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын
жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни
біз үшін.
Жасмин:
Мерекең құтты болсын егемен
ел,
Терезең барлық елмен тең
ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман
еткен,
Теңдікті бостандықты
иеленгендер
Аружан:
Ақмарал:
Тәуелсіздік
1.
Жасмин:
Тәуелсіздік - бабалардың
ұраны,
2.
Нұрсұлтан;
Тәуелсіздік - еркіндіктің
жыр - әні.
3.
Ақмарал:
Тәуелсіздік - халқымыздың
байлығы
4.Мирас:
Тәуелсіздік - Қазақстан
айбыны.
5.Фурко:
Тәуелсіздік - елдігім,
еркіндігім
6.
Темірлан:
Тәуелсіздік - аспанымызда
жарқыра,
Тәуелсіз
Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк
туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз
бар,
Бәріміз
баласындай бір атаның.
Елімізде
бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл
тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс
болсын.
Ән:
«Атамекен»
Еліміз
әрқашанда тыныш болсын! – дей отырып, ашық тәрбие
сабағымызды
қорытындылаймыз!