Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Тіршіліктің негізі- салауатты болашақ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты "Тіршіліктің негізі- салауатты болашақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Маусым 2021
2614
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Тіршіліктің негізі -салауатты болашақ»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік: өткен тәрбие сағаттарын пысықтау арқылы оқушыларды салауатты өмір сүруге, жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға үйрету.

Дамытушылық: денсаулық өмірінің ең маңызды тірегі екенін түсіндіре отырып дамыту.

Тәрбиелік: Қазақстанның жарқын болашағы ұшін салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Кіріспе бөлімі:

-Сәлеметсіздер құрметті қонақтар! Салауатты өмір сүру салтына байланысты «Тіршіліктің негізі-салауатты болашақ» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Ұйымдастыру кезеңі:

/екі қатар өлең шумақтарын айтып біртіндеп кіреді/

Күндей жарқырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жыр!

Армысың көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос

Міне, менің қолым.

-Сәлеметсіздерме!/амандасып орындарына отырады/

Тіл бұрышымен жұмыс.

Күнделікті сөздер.


-Қазақстан Республикасының президентін ата.

/Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев/

-2019- жыл қандай жыл деп жариялады?

/2019 - жыл жастар жылы деп жарияланды./

-Түркістан облысының әкімі кім?

/Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев./

-Қандай зиянды заттарды білесіңдер?

/темекі, арақ, анаша, опиум, фаст-футь өнімдері/
Дүние жүзінде қанша адам темекі тартады?

/Бүкіл дүние жүзінде 1млрд адам темекі тартады/

-Дүниежүзілік темекіден бас тарту куні қай күн?

/21-қараша дүниежүзілік темекіден бас тарту куні./

- Ішімдік адам өмірін қанша жылға қысқартады?

/ішімдік адам өмірін 10-15жылға қысқартады./
Денсаулық сақтау күні қашан?

/Денсаулық сақтау күні 7-сәуір/

Нашақор адамның достары бар ма?

/Нашақор адамның достары жоқ./

Насыбайдың зиянын ата.

/Адам өмірін қысқартады.

Асқорыту жүйесі қатерлі ісікке ұшырайды.

Тыныс алу жолдары қабынады.

Ұйқысыздыққа апарады

Адамды ерте қартайтады.

Ауыздан жағымсыз иіс шығады./


Сұрақ-жауап арқылы өткенді еске түсіреміз.

-Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?

-Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.

-Адам денсаулығын улайтын, зиянды заттарды атаңдар?

-Шылым, насыбай, анаша.

- Денсаулыққа не зиян?

- Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу .

- Сезім мүшелеріне не жатады?

- Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері.

-Біз не үшін тамақтанамыз?

-Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс. Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі. Өмір сүру үшін тамақтанамыз.

-Қандай спорт түрлерін жақсы көресіндер? /оқушының өз ойы/

- Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларды білесіңдер?

- Геннадий Голвкин. Ал әлемнің ең үздік ауыр атлетшісі Илья Ильин,

Сері Сапиев- Қазақстандық әуесқой боксшы, Зарина Дияс 22 жастағы теннисші қыз т/б.

- Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның мәнді де мағыналы ұзақ өмір сүруінің негізі – оның денсаулығы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адамның денсаулығы. Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, жоғалтуға болмайтын, жоғалса қайта орнына келуі қиын асыл қазынасы. Сондықтан ел Президентінің "Қазақстан - 2050” бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты” тармағында,"…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігін басым көрсетеді.Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді елімізде осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан - жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын жандарына серік еткен, алдарына мақсат қоя білетін дара тұлғаларды тәрбиелеу - басты талап. Осыған орай тәрбие сағатымыздың маңызы зор деп ойлаймын.

-Ал енді балалар мақалдарды толықтыра отырып сөзжұмбақ шешейік.

«Тазалық» сөзі шықты. Тазалық бар жерде, денсаулық бар.

«Пошта» ойынын ойнаймыз. Оқушылар сұрақ жазылған парақшалар таратылады. Тақтада жауабы жазылған үйлер тұрады. Сәйкес «хаттарды» үйлерге таратуы керек.

-Егер де күн болмаса не болар еді?

-Үнемі қараңғы, қорқыныш болар еді.

-Егер де су болмаса не болар еді?

-Шөптер құрғайды, шөлдейміз.

-Егер де ауа болмаса не болар еді?

- Дем ала алмаймыз.

-Ендеше бізге балалар күн, ауа, су өте қажет екен.

--Балалар, дүнеиде ең басты нәрсе, ең басты байлық не екен?

-Денсаулық

Дені сау адам ақжарқын, көңілді және іскер болады. Оның жұмысы алға, өнері биікке көтеріліп, отбасында тыныштық орнайды.

Тәрбие сағатын қорытындылау:

Денсаулығымыз мықты болу үшін аурудан алдын-ала сақтану керектігін, спортпен шұғылдану, сонымен қатар қоршаған ортамен біздің денсаулығымызға берері көп екенін білдік

Бүгінгі тәрбие сағатымызда не жайында айттық?.

«Тіршілік негізі-салауатты болашақ» -дұрыс айтасындар.

Ал, деніміз сау, білімді, жан-жақты жақсы азамат болуымыз үшін,не қажет екен?

( спортпен айналысу, дұрыс тамақтану, зиянды заттарданаулақ болу, күн режімін сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау).

Қорыта келгенде, академик Н. М.Амосов айтқандай: “Денсаулығың мықты болуы үшін мәнді өз күшің болу қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды.”



1-оқушы: Спорт біздің досымыз,

Күш қайрат сыналған.

Спорт біздің досымыз,

Бала кезден шыңдалған

2-оқушы: Денсаулық ол күлуің,

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық-ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

3-оқушы: Басты байлық-денсаулық

Бабаң айтқан даналық.

Сақта жолын сен тауып,

Осы шақтан балалық.



4-оқушы: Денсаулық –ол шыныққан,

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық –ол тыныққан,

Жүйке-тамыр жүйесі.





Бәрі бірге: Біз өмірді таңдаймыз,

Біз өмірді қолдаймыз.

Әрқашан бар ынтамен,

Салауатты қолдаймыз.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!