Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Толағай " 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты "Толағай " 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасына байланысты ашық тәрбие сағаты өткізілді.Бұл ашық тәрбие сағатында ата - ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым – қатынасты нығайту мақсатында және спорттың денсаулыққа пайдасын түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыра отыра ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
849
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарасу жалпы орта білім беретін мектебі





«Толағай» отбасылық сайыс


















Өткізген: Жалмагамбетова Г.Ж.







2017-2018 оқу жылы

Тақырыбы: «Толағай» спорттық сайыс
Мақсаты:
 Ата - ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым – қатынасты нығайту мақсатында және спорттың денсаулыққа пайдасын түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыра отыра ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: доптар, шығыршық, түрлі – түсті шарлар, қап, арқан, кеглдер т.б



Толағай спорттық сайысымызды бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Абишева А.Д. беріледі.
Мұғалім : Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Толағай» спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!
Уа халқым назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың дені сауда,
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құрайтпаған ұлы Абай данамызда.

Мұғалім : Әртаңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
«Барыс»тобын шақырамыз.


Мұғалім : Салауатты өмір салтын сақтайтын,
Жаттығудан ешқашанда қашпайтын,
Қыран тобы келді бүгін сайысқа
Өз топтарын жақтайтын - деп ортаға
«Қыран»тобын шақырамыз


Мұғалім : Ұстанған салауатты өмір салтын
Жасқанып ешқашанда мойымайтын
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық
«Тұлпар» тобын

Мұғалім: Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Сембаева Н.А.

Тарих пәнінін мұғалімі: Нұрмұхамет Қ.

Дне шынықтыру пәнінін мұғалімі: Нығметжанов Е.С


Мұғалім : Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады

І кезең: «Таныстыру»
(Топты таныстыру, ұраны)

ІІ кезең:Секіртпемен секіру.
Шарты: секіртпемен секіре жүгіріп, кеглілер арасымен өтіп, белгіленгін жерден айналып келу.

IІІ - кезең. «Кеңгуру» сайысы
(Үлкен батуд резеңкі доптың үстіне отырып секіріп барып қайтадан артқа келу)

IҮ - кезең. Мықты тақым.
Шарты:Допты аяқтың қылтасына қысып алып, екі аяқпен алдыға секіріп, белгіленген жерді айнала, қайтарда допты қолға ұстап жүгіру.

V - кезең.Кегелдерді көздеу
Алдарындағы тізіліп тұрған кегелдерді құлатып ұпай жинау

VI - кезең. Секіртпемен секіру.
Шарты: секіртпемен секіре жүгіріп, кеглілер арасымен өтіп, белгіленгін жерден айналып келу.

ҮІІ- кезең Арқан тартыс.
Шарты: екі топ белгі берісімен тартысады


Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
Мұғалім : Сайысымыздың бірінші бөлімі «Таныстыру»
І кезең: «Таныстыру»
(Топты таныстыру, ұраны)


«Барыс» тобы.

Ұраны: Арыстандай айбатты

Жолбарыстай қайратты.

«Барыс» тобымыз

Жарысамыз ой қатты!


«Қыран»тобының ұраны.
Қыран тобылға биіктерге самға
Толағайда топ жарып жеңістерді
Қыран тобы алға, алға


Тұлпар тобының ұраны:
Тұлпар болып самғаймыз,
Жарыстан ешқалмаймыз.


Мұғалім : Құрметті әділқазылар сайыстың бірінші бөлім бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.


Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.- деп келесі екінші бөлімге көшеміз

ІІ кезең:Секіртпемен секіру.
Шарты: секіртпемен секіре жүгіріп, кеглілер арасымен өтіп, белгіленгін жерден айналып келу.


Мұғалім : Әділқазылар сайыстың екінші бөлімі бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.

Спорт көркі өмірдің, спорт досың серігің - деп
Сайысымыздың 3 бөліміне көшейік
IІІ - кезең. «Кеңгуру» сайысы
(Үлкен батуд резеңкі доптың үстіне отырып секіріп барып қайтаадан артқа келу)


Мұғалім: Сайысымыздың 4 бөлімі
IҮ - кезең. Мықты тақым.
Шарты:Допты аяқтың қылтасына қысып алып, екі аяқпен алдыға секіріп, белгіленген жерді айнала, қайтарда допты қолға ұстап жүгіру.

Әділқазылар сайыскерлеріміздің ұпай санын көтерейік.

V - кезең.Кегелдерді көздеу
Алдарындағы тізіліп тұрған кегелдерді құлатып ұпай жинау
Әділқазылар сайыскерлеріміздің ұпай санын көтерейік

VI - кезең. Секіртпемен секіру.
Шарты: секіртпемен секіре жүгіріп, кеглілер арасымен өтіп, белгіленгін жерден айналып келу.
Әділқазылар сайыскерлеріміздің ұпай санын көтерейік

ҮІІ- кезең Арқан тартыс.
Шарты: екі топ белгі берісімен тартысады

Мұғаліім: Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды
шығарып жеңімпаздарды анықтау үшін, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.

Мұғалім: Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет. Келесі кездескенше.
«Толағай» әні орындалады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!