Тақырыбы: «Туған жерім Ақтөбем»
Мақсаты׃ Ақтөбе облысының 75 жылдығына орай оқушыларды туған жеріміздің тарихымен таныстыру ; Олардың туған жер туралы білімдерін кеңейту;Жерге, елге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Көрнекілігі׃ Карта, альбомдар, суреттер, үнтаспа, нақыл сөздер.
Барысы׃ 1 Кіріспе.
1932 жылы Ақтөбе өңірі халқының өмірінде жаңа маңызды оқиғамен ерекшеленді. Облыс 10 наурызда шаңырақ көтеріп, оған 19 аудан кірді. Құрылған уақытта облыс халқы 757,4 мың адам болды.Оның 400,4 мыңы
қазақтар болды. Ақтөбеде 36,7мың адам тұрды.Облыс 552089 шаршы шақырымды алып жатты.
Облыс ауа райының ерекшеліктеріне байланысты үш аймаққа бөлінді׃
1.Астықты аймақ.
2.Егіншіліктен мал шаруашылығына өтпелі аймақ.
3.Мал шаруашылығы аймағы.
Қазір Ақтөбе облысының ауданы 300,6 мың шаршы шақырым. Бұл Қазақстан аумағының 11٪ . Ақтөбе облысын мемлекетіміздің « Батыс қақпасы » деп те атайды. Жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай. 60-қа жуық пайдалы қазбалар өндіріледі, мұнай,табиғи газ,никель хромит,фосфорит, т.б.
2004 жылғы есеп бойынша облыста 677,5 халық бар,оның 373,5 мыңы қалада, 304 мыңы ауылда тұрады.
Облыс орталығы – Ақтөбе,ірге тасы 1869 жылы қаланған. Ол білім мен ғылымның, мәдениеттің ошағы.Онда А.Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық интитуты, М.Оспанов атындағы медицина академиясы, республикадағы жалғыз жоғарғы әскери – авиация училищесі бар.
1-оқушы. Кең жазира көгілдір далам менің,
Бір өзіңсің сағынсам бара жерім.
Толқындарын қаныммен бірге тулап,
Қолтығымнан сүйейді самал желің
.﴾С.Жиенбаев﴿
2-оқушы О,туған жер, барымның
Сәттілері сенікі
Балы болса жанымның
Тәттілері сенікі
Жүрегімде жыр болса
Наздылары сенікі
Көкейімде күй болса
Саздылары сенікі ﴾А.Нәріков﴿
3-оқушы Жас жаным достық десе өбектеген,
Орал деп, Ақтөбе деп бөлектенем.
Жататын Жайығыммен жарыса ағып,
Бір сәлем өзеніне Елек деген!
4-оқушы Далиған даланы осы көрікті етіп,
Самалы Мұғалжардың өбіп бетін
Ақтөбем көсіліп-ақ жатырсың-ау,
Бір шетің кеңістікке еніп кетіп.
5-оқушы Шуақ нұр құйған адамға
Жатталдың жастай санамда
Өзіңнен артық жоқ мекен,
Мен үшін жалпақ ғаламда.﴾С.Ниянқұлов﴿
6-оқушы Ақындай оқитұғын жатқа өлеңін
Даусымды көптен бері баптап едім
Бұлбұлым көмейдегі ән салды ғой
Төбесі көрінгенде Ақтөбенің.
Ән׃« Ақтөбем » Мұхамбет
7-оқушы Нұратам,Сағи, Өтежандарым ұнатқан
Бұл өлке үшін Барақ бабалар түн қатқан
Махамбет батыр суына түсіп сергіген
Айта да берсең ондайдың бәрі сыр батпан
8-оқушы Көңілді бассам Қазаңғап тартқан күмбірмен
Тілекті тілеп туған өлкеге күн күлген
Кейінгі ұрпақ әкемнің өскен жері деп
Жарқамыс жаққа барар ма екен кім білген.
﴾ Ж.Айтжанов ﴿
9-оқушы Байғанин десе жалт ете қалам қырандай
Дуылдап қаным, қиқулап шыққан ұрандай
Жүрегімді ұстап, жетемін жердің түбінен
Құшағын жайып, Нұрекең күтіп тұрғандай
﴾С.Жиенбаев﴿
Ән׃« Байғанин вальсі » хор
10-оқушы Асан қайғы Абат- Байтақ заманы,
Қара қыпшақ Қобыланды адамы.
Қобдалардың суын ішкен Тайбурыл,
Құдіреттен киелі жер қалады.
11-оқушы Баға жетпес азаттықтың есебін
Біледі ел еркіндіктің не екенін
Жүрек жұтқан талай батыр өтіпті
Есеттердей сүйіп өскен мекенін.
12-оқушы Сапырылған Адам-Тағдыр Дауылдан,
Сол далада Бұлақ деген ауылдан.
Дүниеге Әлиядай қыз туған
Мәңгі алау әлемге аты жайылған.
13-оқушы Әлия өмір ерліктерден құрылған
Тарих үшін қас-қағым сәт мұң алған.
Сан ұрпақтар үлгі етеді әлі оны
Ерлігімен елдің атын шығарған.
Ән׃« Он тоғыз жас » Аида
14-оқушы Киелі Темір топырағында Кердері Әубәкір,
кезінде мешіт ұстап бала оқытқан ағарту-
шылар, халықты отырықшылыққа шақыр-
ған ғұламалар Жиеналы Хазірет,АхметХал
фе, елді аузына қаратқан билер мен шешен
дер Қаратау би мен Сәңкібай бабалар туып
өмір сүрген.
15-оқушы Дақпыртты даңғаза жат бұл айдынға
Осы ара өзегі мұнайдың да.
Меккеге тәжім еткен Досжан атам
Осы арада мешіті Құдайдың да.
16-оқушы А.Жұбанов 1906 жылы 24 сәуірде қазіргі
Мұғалжар ауданында дүниеге келген.Қа-
зақ халқының музыка зерттеушісі, жазу-
шы-тарихшы, композитор, дирижер.Қазақ
музыка өнерінің Гималайы. А.Жұбанов-
тың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде өтті.
17-оқушы Саған тартқан кішкентай ұланыңмын
Жылуы бар жанымда шуағыңның.
Туған далам өзіңнің тамылжытып
Қуанышты шырқайтын бір әніңмін.
Би׃ « Темір вальсі »
19-оқушы Ойыл ауданы Құрманов атындағы колхоздың звеношысы Шығанақ Берсиев 1940 жылы 3,25 гектар жерден- 125 центнерден
1942 жылы 6 гектардан- 175 центнерден,
ал,1943 жылы 201 центнерден өнім алып,
тары өсіруден әлемде бұрын-соңды болма
ған табысқа жетті. Атамыздың 125 жыл-
дық мерейтойы атап өтілді.
18-оқушы Шығанақ Берсеұлы көшпелі еді,
Қазақтың даласында өскен еді.
Ойылдың жағасында қоныс теуіп,
Жусанды дүзге тары еккен еді.
Ән׃«Ойылым менің-Ойдағы елім» Мұхамбет,Мейірбек
Айтыс׃Мұхамбет,Мейірбек.
20-оқушы Тәуелділікке жетті елім
Төрт түлік толы бөктерің
Өзіңсің менің қуатым
Өзіңсің менің оттегім !
21-оқушы Бейбітшілік құсы менмін көгершін,
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін
Аспан тұнық, шат көңілді болайық,
Ақ ниетті адал жандар көбейсін.
Төс белгімен таныстыру.
Шаңырақ- ынтымақ, бірліктің белгісі, оған түсіп тұрған күн болашағымыздың жарқын бейнесі,
Көгершін бейбітшілік,тыныштық нышаны.
Ән׃« Ақ көгершін »хор.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты "Туған жерім Ақтөбем"

шағым қалдыра аласыз