Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты.«Елін сүйген,елі сүйген-Елбасы.»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға ашық тәрбие сағатын өткізгенде пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Елін сүйген,елі сүйген-Елбасы.»

Тәрбие сағатының мақсаты: Студенттерге еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған кездері,ерен еңбегі туралы мағлұмат беру. Елбасының жүргізіп отырған саясатының дұрыстығын, еліміздің ертеңіне деген сенімді, Елбасыға деген құрмет сезімдерін тереңдету. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдтар көрсету, «Елбасы туралы әлем көшбасшыларының пікірі» атты деректі фильм, «Тұңғыш Президент музейі» (сырттай саяхат), буклет « Нұрсұлтан Назарбаев - тұңғыш президент»

Тәрбие сағатының барысы:

Естігенде көк аспанның астында

Тік тұрыңдар айтылғанда әнұран,

Бар қазақтың үніндей боп шарықта,

Бір қазақ боп өзіңе мен бас ұрам.

Оны айтуға ей, жас ұлан, жалықпа.

Өздеріңдей өркендерге сеніп тұр

Мынау тарих,келешек те,халық та.

(Мемлекеттік Әнұран орындалады.)

1-жүргізуші:(Алина) Бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!

2-жүргізуші:(Кенжехан) Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Елбасы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

1-2 жүргізуші: Барлықтарыңызды мемлекеттік мереке «Тұңғыш президент күнімен» шын жүректен құттықтаймыз!
1-жүргізуші: Ендігі кезекте Нұрзат сіздерге « Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» тақырыбына баяндама оқып береді.







2-жүргізуші:Рахмет Нұрзат. Ән НҰР-АҒА. Орындайтын:Нұрсұлтан мен Ажар.

НҰР-АҒА 
Сөзі:.Ермек Жұматаевтікі 
әні:Ибрагим Дәрібаевтікі 


Желтоқсаннан бастау алған егемен, 
Егеменді елде берік керегем. 
Қазақстан бірлігімнің айғағы, 
Әлем білген ..басшысымен көреген. 

Нұраға мақтанышым. 

Көкбайрақ айбыным. 
Береке тапқаным 
Бірлігім байлығым.

2 рет 
НҰР-АҒА,НҰР-АҒА,НҰР-АҒА !!! 

Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған, 
Құт қонған ел қасиеттен жаралған. 
Бірлігімнің туын биік ұстаған, 
Жаңарған ел...желтоқсаннан нәр алған. 

Қ-сы 
Бірлігімнің бұзылмаған қаймағы, 
Бейбіт күнде желбіреген байрағы. 
Барлық ұлттар бақыт таппқан өзіңнен, 
Қазақстан... ынтымақтың айғағы. 

2-жүргізуші: Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.

1-жүргізуші: Назарларыңызға «Елбасы туралы әлем көшбасшыларының пікірі» атты видеороликті ұсынамыз.

1-жүргізуші: Елбасымыз кемеңгер саясаткер болумен қатар жаны өнерге жақын адам. Нұрсұлтан Әбішұлы «Елім менің», «Үшқоңыр», «Жерім менің» әндерінің авторы.

2-жүргізуші: «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!

1-жүргізуші: Ендігі кезекте Нұрғиса,Алина,Ислам,Айзат және

Феруза президенке арнап шығарылған өлеңдерді оқиды.

Айзат

Желтоқсанның бірі күнін – Президенттің күні деп,

Биыл, міне, екінші рет халқым менің тойлауда.

«Мемлекеттік мереке» деп белгіленген бұл күнді,

Қазақстанның барша жұрты қуанышпен қолдауда!!!

Жиырма екі жыл, тарих үшін түк емес,

Кей елдер де бұл мерзімді елемес.

Халқы үшін Қазақстанның бұл кезең,

Ертегідей таңғажайып бір елес.

Әнұраны шырқалып, Туымыз да жайқалды,

Ұмытуға шақ қалған дәстүріміз жанданды.

Жан-жаққа шашыраған бауырларым,

Есін жинап, туған елге оралды.

Ес жидыртып, халық басын сақтаған,

Елімізді барша әлемге жырлаған.

Елбасының бір өзі осынша жыл,

Ел сенімін еш күмәнсіз ақтаған.

Нұрғиса

Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Алина

Кемеңгер атам, данышпан атам, Нұр атам,
Асқар тауымыз боп аман да есен жүр атам.

Қазақтың бағын өзіңнен артық асырар,
Болған да емес, болмайды ешкім біл, атам.

Нұр атам менің намысын отқа қайраған,
Күндіз де түнде халқының қамын ойлаған.

Алладан тілеп атаң мен анаң жылаған,
Райымбек бабам басына барып сұраған.

Қазақтың атын танытып әлем жұртына,
Байрағын ұлттың басына шыңның байлаған,
Нұр атам менің маңдайдан бағы таймаған.

Ұлы едің ата - ұлтыңның туған бағы үшін,
Болсам да сәби сеземін бәрін қуанам.

Нұрсұлтан атам, қазақтың тұңғыш Елбасын,
Алланың нұры, атаның рухы қолдасын.

Кемеңгер атам, данышпан атам, Нұр атам,
Қарт Жамбылдайын бір ғасыр өмір сүр, атам.

Нұрсұлтан атам, қазақтың тұңғыш Елбасын,
Астана - жұмақ ұлтымның ұлы ордасын,
Мейірі түсіп аталар рухы қолдасын!

Ислам

Болашағым Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев,
Халқымыздың сеніп алған таңдауы.

Асқақ болып еліміздің жалауы,
Мәнгі жансын тәуелсіздік алауы.
Еңбек, достық, бейбітшілік, береке,
Қазақстан Республикасының қалауы.

Еліміздің тыныштығын ойлайтын,
Халқым менің Елбасыны қолдайды.
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған,
Жасай берсін, Жасай берсін Елбасы!

Феруза

Тіліммен Дінім, Ұятым, Арым, Берекем!

Еліммен Жерім, Арманым, Мұңым, Мерекем!

Алатау Тұлға, Оранған нұрға бақ дарып,

Тәңірден тағлым бұйырған дара Ер екн!

Елбасым, Елбасым! Айбарым, Ардағым!

Ойлаған Халқының арманын.

Кемеңгер, көрігім, Тасқыны жаңа жыр арнаның!

Тамырын терең тарихтан тартып екшеген,

Жүзінен нұры, жүректен жыры өшпеген!

Тәуекел қайық, бақытқа бастар жол ауыр,

Келеді Елі бастаған ұлы көшпенен!

Даналық, мәрттік, ірілік, иман, мың өнер

Дарабоз, дархан туған ұлым деп біледі ел!

Қай заманда да жол бастар ұлы тұлғалар,

Халқыңның мына бақытына аман жүре гөр!

Елбасым, Елбасым, Айбарым, ардағым!


Барлығы

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.


2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мұражайы – Қазақстанның қазіргі тарихының мұражайы.

Музей 2004 жылдың 28 тамызында Президенттің Жарлығымен құрылды. Елбасының бұрынғы Резиденциясы ғимаратындағы алғашқы келушілерді Музей 2005 жылдың наурызында қабылдады. 
Музей экспозицияларының негізгі идеясы – республиканың мемлекеттік егемендігінің қалыптасуы мен тәуелсіз демократиялық мемлекет құрылысындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлін көрсету болып табылады. 

1-жүргізуші:Барлықтарыңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мұражайына саяхатқа шақырамыз.

Видеоролик көрсетіледі.

2-жүргізуші:

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.
1-жүргізуші:

Жастар – тәуелсіз елімізді әлемге танытқан, соны­­­­мен бірге, бүгіні мен ерте­ңін ең­селендіруші, көшбас­шы­лық, көрегенділік қасиеті­­мен әлемдік ірі саясаткер деңгейіне көтерілген Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын қолдайтын бірден-бір ізбасары. Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы Жол» атты Жолдауын тыңдай отырып, өзімізге үлкен міндет жүктелгенін ұғындық
2-жүргізуші:

Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқы­­­на арнаған Жолдауларының барлығында жастардың елдің ертеңі екенін нақтап айтады. Мәңгілік Ел идеясы жастардың жастанып жатар құндылығы болуы керек. Бүгінгі студент, ертеңгі жас маман елін сүйсе, елі мен жерін көркейту оның қолынан әбден келеді. Әр жас өзінің меңгерген мамандығы арқасында елінің дамуына үлес қосуға ұмтылады. Жолдау да осыған бағыттайды

1-жүргізуші:

Біздің басты құндылығымыз – төл тарихымыз, мәдениетіміз, тіліміз, дәстүрлі дініміз. Қазақ – ұдайы биікке самғатар асыл мұратқа ұмтылған, бар бақытқа жеткізер еңбектің қадірін білген ұлы халық. Бірлігі мен татулығы бекем, экономикалық өркендеуі алға арындаған еліміздің жастары Елбасы жүктеген сенімді ақтауға атсалысады, сөйтіп, мақсатымызға жетуге үлесін қоса береріне толық сенемін.

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

2-жүргізуші: Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасының жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Бүгінгі таңда Астана ең әсем, жас, әдемі, көрікті қалаға айналды.

1-жүргізуші: Ажар сіздерге арнап Астана әнін орындап береді.

2-жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлыны тәуелсіздікті тәу ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен қадам басқан қазақстандықтардың символына айнала білді.

1-жүргізуші: «Жастар — ел дамуының негізгі күші» деген Президент сөзі біздерге жастарға рух береді.

2-жүргізуші: Хор .Атамекен. 138 топ студенттері

2-жүргізуші: осымен «Елін сүйген,елі сүйген-Елбасы.» тақырыбында өткізілген ашық тәрбие сағатымызды аяқтай келе, қорытынды сөзді колледж директоры Асылбекова Ләззат апайға береміз.



























































НҰР-АҒА 
Сөзі:.Ермек Жұматаевтікі 
әні:Ибрагим Дәрібаевтікі 
Желтоқсаннан бастау алған егемен, 
Егеменді елде берік керегем. 
Қазақстан бірлігімнің айғағы, 
Әлем білген ..басшысымен көреген. 

Нұраға мақтанышым. 

Көкбайрақ айбыным. 
Береке тапқаным 
Бірлігім байлығым.

2 рет 
НҰР-АҒА,НҰР-АҒА,НҰР-АҒА !!! 

Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған, 
Құт қонған ел қасиеттен жаралған. 
Бірлігімнің туын биік ұстаған, 
Жаңарған ел...желтоқсаннан нәр алған. 

Қ-сы 
Бірлігімнің бұзылмаған қаймағы, 
Бейбіт күнде желбіреген байрағы. 
Барлық ұлттар бақыт таппқан өзіңнен, 
Қазақстан... ынтымақтың айғағы. 























Е л і м м е н і ң а ң с а ғ а н,
Тас бұғаудан босаған.
Құтты болсын отауың,
Берік болсын босағаң.

Арайлап таңым, асқақтап тауым, 
Ән ойнап көгім, күй тартып көлім.
Қол жетті, міне, аңсаған күнге,
Жасай бер, жаса, қазағым менің.

Қазақстаным – жасыл орманым,
Қуанышымды жасыра алмадым.
Аңсаған бабам, аңсаған елім,
Бостандық еді-ау – асыл арманың.
Е л і м м е н і ң а ң с а ғ а н,
Тас бұғаудан босаған.
Құтты болсын отауың,
Берік болсын босағаң.
Бабамның қаны, анамның жасы,
Сіңген бұл дала, қымбатсың маған.
Береке-бірлік – қамалдың басы,
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам.

Күйінсін жауың, сүйінсін досың,
Жиылсын қауым, құйылсын көшің.
Ертеңің үшін аянба, ерім,
Ояншы, елім, жиылсын есің.
Ұ р п а қ ү ш і н, е л ү ш і н,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың.

















Айзат

Желтоқсанның бірі күнін – Президенттің күні деп,

Биыл, міне, екінші рет халқым менің тойлауда.

«Мемлекеттік мереке» деп белгіленген бұл күнді,

Қазақстанның барша жұрты қуанышпен қолдауда!!!

Жиырма екі жыл, тарих үшін түк емес,

Кей елдер де бұл мерзімді елемес.

Халқы үшін Қазақстанның бұл кезең,

Ертегідей таңғажайып бір елес.

Әнұраны шырқалып, Туымыз да жайқалды,

Ұмытуға шақ қалған дәстүріміз жанданды.

Жан-жаққа шашыраған бауырларым,

Есін жинап, туған елге оралды.

Ес жидыртып, халық басын сақтаған,

Елімізді барша әлемге жырлаған.

Елбасының бір өзі осынша жыл,

Ел сенімін еш күмәнсіз ақтаған.

Нұрғиса

Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.













Алина

Кемеңгер атам, данышпан атам, Нұр атам,
Асқар тауымыз боп аман да есен жүр атам.

Қазақтың бағын өзіңнен артық асырар,
Болған да емес, болмайды ешкім біл, атам.

Нұр атам менің намысын отқа қайраған,
Күндіз де түнде халқының қамын ойлаған.

Алладан тілеп атаң мен анаң жылаған,
Райымбек бабам басына барып сұраған.

Қазақтың атын танытып әлем жұртына,
Байрағын ұлттың басына шыңның байлаған,
Нұр атам менің маңдайдан бағы таймаған.

Ұлы едің ата - ұлтыңның туған бағы үшін,
Болсам да сәби сеземін бәрін қуанам.

Нұрсұлтан атам, қазақтың тұңғыш Елбасын,
Алланың нұры, атаның рухы қолдасын.

Кемеңгер атам, данышпан атам, Нұр атам,
Қарт Жамбылдайын бір ғасыр өмір сүр, атам.

Нұрсұлтан атам, қазақтың тұңғыш Елбасын,
Астана - жұмақ ұлтымның ұлы ордасын,
Мейірі түсіп аталар рухы қолдасын!

Ислам

Болашағым Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев,
Халқымыздың сеніп алған таңдауы.

Асқақ болып еліміздің жалауы,
Мәнгі жансын тәуелсіздік алауы.
Еңбек, достық, бейбітшілік, береке,
Қазақстан Республикасының қалауы.

Еліміздің тыныштығын ойлайтын,
Халқым менің Елбасыны қолдайды.
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған,
Жасай берсін, Жасай берсін Елбасы!













Феруза

Тіліммен Дінім, Ұятым, Арым, Берекем!

Еліммен Жерім, Арманым, Мұңым, Мерекем!

Алатау Тұлға, Оранған нұрға бақ дарып,

Тәңірден тағлым бұйырған дара Ер екн!

Елбасым, Елбасым! Айбарым, Ардағым!

Ойлаған Халқының арманын.

Кемеңгер, көрігім, Тасқыны жаңа жыр арнаның!

Тамырын терең тарихтан тартып екшеген,

Жүзінен нұры, жүректен жыры өшпеген!

Тәуекел қайық, бақытқа бастар жол ауыр,

Келеді Елі бастаған ұлы көшпенен!

Даналық, мәрттік, ірілік, иман, мың өнер

Дарабоз, дархан туған ұлым деп біледі ел!

Қай заманда да жол бастар ұлы тұлғалар,

Халқыңның мына бақытына аман жүре гөр!

Елбасым, Елбасым, Айбарым, ардағым!


Барлығы

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.























Биыл еліміз үшін басты жаңалық жыл сайынғы халықтың асыға күтетін Елбасы Жолдауының жылдағыдан ертерек болғандығы еді.Оның бірден-бір себебі, соңғы уақытта орын алған әлемдегі геосаяси қайшылықтардың себебінен туындаған экономикалық дағдарыстың жаңа қарқынмен үрдіс алуы. Елбасы айтқандай, экономикамыз қиын кезеңді бастан өткергелі отыр. Сондықтан, биылғы жолдау өзінің мерзімінен бұрын, бірінші рет «Нұр Отан» партиясының Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысы аясында жолданды. Осы орайда, қай кезде болмасын, Президентіміз ел үшін ауыр кезеңдерде, қиыншылықтан шығу жолдарын ұсынып, жауапкершілікті өз мойнына алатындығын айта кеткен жөн.

Елбасының биылғы Жолдауында басты назар еліміздің инфрақұрылымын дамыту мәселесіне бағытталды. Елбасының биылғы Жолдауында басты назар еліміздің инфрақұрылымын дамыту мәселесіне бағытталды. Тарихқа үңілетін болсақ, экономика үшін ауыр кезеңдерде инфрақұрылымды дамыту, экономиканы жандандыру үшін ең тиімді құрал болып саналады. Мысал ретінде, әйгілі Американ Президенті Рузвельт: «Ұлы депрессия» кезінде инфрақұрылымды дамытуға бағытталған іс-шараларын атап өтуге болады.

Президенттің Жолдауында еліміздің инфрақұрылымының әртүрлі салалары толығымен қамтылған. Яғни, бұл тек қана транспорт-логистикалық инфрақұрылым ғана емес, сонымен қатар, индустриалды-энергетикалық, тұрғын-үй және т.б. инфрақұрылымдар жүйелері болып отыр. Сондай-ақ, орта және шағын бизнесті қолдаудың арнайы іс-шаралары жайлы атап өтілді.  
Еліміздің дамуы үшін аса маңызды мәселе, Қазақстанның Еуропа мен Азияны жалғайтын жерүсті халықаралық дәліздеріне белсенді қатысуы болып табылады. Бұл тек қана, өнімдерімізді халықаралық нарықтарға тиімді жеткізу емес, сонымен қатар транзиттік тасымалдаудан түсетін төлемдердің ел пайдасына түсетіндігінде.

Елбасы Жолдауы әрқашан еліміз үшін маңызды мәселелерді қамтып келеді. Осы жылғы Жолдауда экономикалық мәселелер басты маңызға ие болғаныменен, Президентіміз еліміздің рухани-мәдени мәселелерін де атап айтып, «Мәңгілік ел» идеясының қазақстандықтар үшін маңызын толығымен түсіндіріп өтті. Және де 2015 жылы Қазақ хандығының 550-жылдығы өтетіндігі барша қазақстандықтар үшін аса маңызды іс-шара болып табылатындығын, сондай-ақ, осы 2015 жылы Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығы, Жеңістің 70-жылдығы атап өтетіндігін айтты

Жас отбасылардың баспаналы болуына жәрдем ететін бағдарлама қабылдауды тапсырғанын да айтуымыз керек.Бұған дейін де жас отбасыларды баспанамен қамтуға қатысты бірнеше Үкіметтің бағдарламасы осындай Елбасының Жолдауларында айтылған. Әйтсе де баспана мәселесі толық шешімін тапқан жоқ. Кезекті бағдарлама жан-жақты зерттеліп барып жасалғаны дұрыс. Қазір жастардың жаппай қалаға ағылуына орай баспана мәселесі де қатар жүзеге асуы тиіс. Ал, нәтижесін алдағы жылдары көретін боламыз.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударып келеді. Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру Қазақстанның одан әрі қарыштап дамуына үлкен үлес қосады. Сонымен қатар апатты мектептер мәселесін шешу үшін Үкімет қосымша 70 млрд теңге бө лет«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударып келеді. Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру Қазақстанның одан әрі қарыштап дамуына үлкен үлес қосады. Сонымен қатар апатты мектептер мәселесін шешу үшін Үкімет қосымша 70 млрд теңге бөлетін болды. Бұдан бөлек, Президент балабақшалардың жетіспеушілігіне де тоқталып, осы бағытта мектепке дейінгі мекемелердегі мәселелерді алдағы үш жылда шешуді жүктеді. Бұл үшін қосымша 20 млрд теңге бөлінбек.
«Білімді ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі, болашақтың тірегі жастардың білім саласында толыққанды білім алуына жағдай жасалып отыр. Осының барлығы Елбасының қамқорлығының арқасында

Биылғы Елбасы Жолдауының білім саласы қызметкерлері үшін де орны ерекше болды. Президент дәстүрлі Жолдауында «Мәңгілік ел» қағидасына айрықша көңіл бөлуі тегін емес. «Нұрлы жол» даму бағыты аясында жастардың болашаққа деген сенімін айқындап, қажырлы еңбек ете отырып, келешекті кемел ету жолында жастардың үлесі зор екендігін баса айтты. Болашақта тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, қарыштап дамуы үшін сапалы білімі, саналы тәрбиесі бар отансүйгіш жастар ғана бар белесті бағындырары хақ. Біз ұстаздар қауымы әрдайым Көшбасшымыздың әр Жолдауынан тың серпін, жаңа бағыт-бағдар аламыз





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2019
559
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12