400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Асық технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек болсын деген оймен осы сайтқа жарияладым
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ақсу ауданы ,Ш.Уалиханов мектебі

«Еркетай» шағын орталығының тәрбиешісі

Нургалиева Галия Абдикадыровна


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА АСЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН

ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту және жетілдіру барлық үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы әрі еліміздегі мемлекттік саясаттың басым бағытының бірі болып табылады.Атақты үздік педогог Н.К.Крупская қимылды ойын туралы былай деп толғанады: ойын – өсіп келе жатқан бала организмінің қажетті дәрумені деп білемін.Ойын балалардың дене күшін арттырады, қолдарын қатайтады ,денелерін шыңдап, көздерін қырағы етіп зеректілігін,тапқырлығын , ынтасын арттыра түседі.Ойын балалардың ұйымдасырушылық дағдылары мен қабілетін қалыптастырып шыңдайды.Ұлттық ойын балаларымыздың тәрбиелік мәнін , дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуіне зор пайдасын тигізеді.

Бүлдіршіндерімізді қазақ халқының ұлттық ойындарын ойната отырып еліміздің салт- дәстүрін қаны мен жанына сіңдіріп, ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеуге зор үлесімізді қосамыз.Тәрбие мен білімнің бастауы, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы-ол әрине балабақша.Жазушы Мұхтар Шахановтың мына бір қанаты сөзі ойға келеді. «Бала жүрегі кішкентай күйсандық, сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады».Күйсандықтың кілті үнемі ұстаздардың қолында жүру керек деген яғни баланың көңілін үнемі табу үшін ұстаз ізденіс үстінде болуы тиіс.Асық технологиясы балаларды дамытуға қажетті бірегей методикалық құрал.Бұрынғы заманда асық қазақ балаларының күнделікті ойыны болып табылатын .Еліміздің заманауи білім кеңістігіне бет бұруы , ұлттық педогогикада сонымен қатар мектепке дейінігі тәрбиелеу мен оқытуда уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді қажет етеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласында «Халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт- дәстүрлері алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып әрбір қадамын нық басуын болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» деп жазған болатын.Мектепке дейінгі кезеңнен бастап ұлттық тәрбиені қалыптастыру баланың физикалық және ой өрісінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру өзекті мәселе.Тәрбиешілер асық арқылы санауға, құрастыруға,асық үстінен жүруге,математикалық логикалық тапсырмаларды шешу, әртүрлі оқиғаны ойлап таба отырып баланың танымы мен қоршаған әлем заңдылығын қызықты түрде жеткізуге тырысады.Асық ату ойыны арқылы баланың мергендігін дамытуға ,логикалық ойлауын, көзбен көру арқылы есте сақтау қабілеті артады бір-бірімен бәсекелесіп ойнау барысында шапшаңдыққа үйренеді.Асықтан құралған тақтайшалармен жүру арқылы балалардың қол, аяқ еттері қатайып,қабілеті артады.Табандағы жүйке нүктелері арқылы ойлау қабілеті дамып,жалпақ табандылықтың алдын алуға болады.Сонымен қатар кәсіпкерлік қабілеті дамиды ұйымшылдығы мен тіл байлығы дамиды.Асықты ұяшықтарға салу баланың саусақтарына пайдалы.Тізу арқылы бала түстерді ажыратады қолының ұсақ моторикасы дамиды.Асық терапиясы баланың қимыл қозғалысы мен кеңістікті бағдарлай білуін сабырмен бірлесе әрекет етуге тәрбиелейді.

1.Ханталапай ұлттық ойыны:

Шарты:Ойынға барлық бала қатысады.Қоржындағы асықтарды балалар балалар алдына шашып тастаймын балалар асықты таласа «ханталапай»

деп жинап алады.Бес асықтан көп жинаған бала жеңімпаз және одан аз жинаған бала тәрбиешінің тапсырмасын орындайды.

2.Ақсүйек ұлттық ойыны

Шарты:екі топқа бөлінген ойыншылар өз араларынан қарақшыны сайлап алып,ойын басшысының біреуі ақсүйекті алады да алыстау жерге лақтырып жібереді(Осы кезде екі топта теріс қарап тұрады ) .Сүйек жерге түсе салысымен ойыншылар іздеуге кіріседі.Ақсүйекті тапқан бала ойын басшысына апарып береді, көп жинаған бала жеңімпаз атанады.

Қорыта келе, ата-бабамыздан үзілмей жалғасып келе жатқан асық ойыны арқылы күш жігерді жетілдіріп дәлдікке мергендікке үйретіп,бір жағынан адам денесі қимыл қозғалысқа шынығып, шымыр болады.Асық технологиясы арқылы баланы жан-жақты дамытады,бес бағыт бойынша өткізілетін оқу процесінде пайдалануға тиімді әрі қол жетімді көрнекілік деп білемін.

«Адамға ең бірінші білім емес тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл – Фараби айтқандай тәрбиеге шөлі қанған баланың болашағы кемел болмақ.Мәңгілік Ел болашағы –өсіп келе жатқан балалардың қолында, әлбетте жаңартылған бағдарламамен қоса рухани адамгершілік құндылықтарын сіңдіре отырып , тәрбиелі, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеуге міндеттіміз.



Пайдаланылған әдебиеттер :

1.bilim all.kz 2014-2019 сайты

2. «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»Н.А.Назарбаев мақаласы








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
951
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі