Атырау көлік және коммуникация колледжі
Бекітемін
Директордың оқу жұмысы
жөніндегі орынбасары
_________Қ.Қ. Ержанов
«23» қараша 2023 ж.
Тақырыбы: «Асыл сөзді іздесең Абайды оқы, ерінбе!»
(сыныптан тыс сағат)
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Г. Шулгаубаева
Топ ТМ-1|23
Тақырыбы: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»
Мақсаты: Абай өмірі мен шығармашылығын, шығармаларындағы сөз байлығын, тәрбиелік мәні зор еңбектері арқылы жастарды білімділікке, алғырлыққа, шеберлікке, терең ойлылыққа, ұлттық құндылықтарға баулу.
Жүргізуші:
Ұлы ақынды, одан қалған ұлы мұраларды кейінгі ұрпақ әріп танып оқи бастағаннан ақ танысып, оқып біліп, асыл сөздерімен сусындайды. Ұлы ақынның өмірі мен құнды туындылары біз бен сізге үлкен мұра, рухани мол азық болып табылады.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ - барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін!
(Абай өлеңдері оқылады)
«Әсемпаз болма әрнеге»
«Ғылым таппай мақтанба»
«Күз»
«Қыс»
«Жазғытұры»
«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес»
Топқа бөлу
Қайрат
Жүрек
Ақыл
Жүргізуші:
Абай өз заманының биік парасат иесі ғана емес, бүгінгі заман қайшылықтарын шешуге де бағыт берген биік тұлға, ақынның адамгершілік мұраттары тек өлеңдерінде ғана емес қара сөздерінде де терең философиялық толғаныспен көрініс тапқан, Абай өзінің оқырман мен тыңдаушыларымен әңгімелеседі. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Бірінші қарасөзін
тыңдау \Аудиомәтін\
Жүргізуші:
«Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, егер кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.» деген жолдардан ұлы ақынның өмірінде көрген, білгенін, түйгенін кейінгі ұрпаққа өсиет қылып жазып кетуіне бел буғанын айқын көреміз....
Абайдың Он жетінші қара сөзіне көрініс
/Он жетінші қара сөзін талдау/
Қайратқа
Сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман....
Ақылға
Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған
екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал
да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының,
жаманның
екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен;
екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның
жаман...
Жүрек туралы
Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп
қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны - діні құмар болады.
Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа
ермейді....
- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сені
де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге
қолыңды босатпайды....
Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет! Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым.
Ғылым деген не?
Ғылымға қол жеткізу үшін не керек?
Ол үшін қандай болу керек?
Ақыл мен қайраттың ұғымы не?
Оған қол жеткізуге не істеу керек?
Ақылдың пайдасы мен зияны \мақал айту
Қайраттың пайдасы мен зияны / мақал айту
/Постер жасау/ қорғау
Кезекте әсем әуен «Көзімнің қарасы»
ІІІ топқа тапсырма
І топ «Орындық» ойыны
1.Батыр туса-..... / мағынасын айту/
2.Еңбек түбі -....
3.Білекті бірді-...
4.Қына тасқа ....,
5.Абайдың шын аты кім?
6.Алытан сәлем береді....
7.Абайдың он жасында білім алған жері
8. Абай кімдердің шығармаларын аударған?
ІІ топ «Тас, қайшы, қағаз» ойыны
1. Абай қай рудан шыққан? Ауқатты дәулетті ортадан шыққан дегенді қалай түсінесің?
2. Шәкәрім Құдайбердіұлы Абайға кім болды?
3. Абай өлеңді қай жасынан бастап жаза бастаған?
4.Абайдың неше поэмасы бар? Атап шық
5. Абай айтқан бес Асыл іс...
6. Абай айтқан бес дұшпан...
7. Абай жолы роман эпопеясын кім жазған?
8. Ескендір поэмасындағы адамның көз сүйегі туралы айтыңыз...
9. Абайдың әндері
ІІІ топ «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»
1.Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
Ұстарасыз аузыңа түсті ау мұртың
Жақсы менен жаманды айырмадың
Бірі май, бірі қан боп енді екі ұртың........ Кімнің өлеңі?
2.Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса ыстық соқса, бір қалыпта
Аралап тау мен тасты арқыраған.......Кімнің өлеңі?
3.Дүние де өзі мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз....... Кімнің өлеңі? /мағынасын түсіндір/
4.Абай өміріндегі маңызды тұлғалар кімдер? әйелдер бейнесінде...
5. Абайдың туған жері
6.Абайдың туған жылы
7. Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап да бар қалан... қалай түсінесің?
8. Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім /Кімнің айтқан сөзі? Ойыңды айт
9. Тоғжан Абайдың өмірінде кім?
Жүргізуші:
«Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі - қазақтың әулиесі сол» деп отыз үшінші қарасөзінде Абай ерінбей еңбектену керектігін, аз байлықпен тоқтап қалмай үйрене беру, еңбектене беру керектігін айтады.
Отыз үшінші қарасөзін талдау
|
1 |
|
|
|
|
|
|
Қ |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
О |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
Л |
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
Ө |
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
Н |
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
Е |
|
|
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
|
Р |
|
|
|
|
|
|
1. Адам бойындағы жақсы қасиеттің бірі
2. Адамның өтеу керек әрекеті
3. Еңбекпен табылатын, қол жеткізетін нәрсе
4. Адам бойында жұтамайтын нәрсе
5. Адам бойындағы жаман әдеттердің бірі
6. Жетістікке, байлыққа, табыс табуға жеткізетін нәрсе
7. Өтеуді, қайтаруды қажет ететін нәрсе
Жүргізуші:
Данышпан Абай Құнанбайұлының 45 қара сөзі – әр қазақтың бойтұмары іспетті. Соңынан өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы бабамыз өзінің кейбір қара сөздерінде қазақтың кей мақал-мәтелін сынаған, олардың тереңіне үңіліп, мән-мағынасын ашып көрсеткен.
Жиырма тоғызыншы қарасөзін талдау
«Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын…
«Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген - ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой…
«Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат?
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.
«Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе??
Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек.
Жүргізуші
Жетінші қарасөзінде Адам мінезіне, яғни тән қалауы мен жан қалауына сипаттама береді.
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды.
Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
Жетінші қарасөзіне мысалдар келтіре түсіндіру
Жан қалауы қандай әрекеттерге итермелейді?
Тән қалауы қандай әрекеттерге итермелейді?
Топтарға баға беру
Жүргізуші Абайдың қара сөздері» - қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірінің соңғы жылдары жазылған пәлсапалық шығармасы. Барлығы 45 сөзден (тараудан) тұрады. «Қара сөздер» атауының мағынасы өлең сөз дегенді білдірмейді. Өлеңді қазақ қара сөз демеген. Қара сөз проза ұғымында айтылған. Қара сөзді еркін ой білдірудің түрі деп түсінуімізге болады.
Абайдың қара сөздерін сыншылдық, ойшылдық, көбіне адамгершілік мәселелеріне арналған өсиет, толғау деуге болады.
Жүктеу
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық топ сағат

шағым қалдыра аласыз