Мектепалды даярлық тобы.
Сауат ашу.
Тақырыбы: Дауысты, дауыссыз
дыбыстар. Талдау.
Мақсаты:Артикуляциялық ерекшелігіне
байланысты дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіндігі туралы
түсінікті бекіту. Есту, айту арқылы дыбыстарды түріне қарай ажырата
білуді үйрету. Ойын элементтерін пайдаланып есту қабілеттерін,
жаттығулар жасату арқылы саусақ бұлшық еттерін жетілдіру, пәнге
деген қызығушылықты арттыру.
Әдіс‑тәсілдер: Ойындар,
әңгімелеу.
Ресурстар: қызыл, көк түсті үйшіктер,
әріп кеспелер, тақырыптық суреттер,қорап, маса, қоңыз, ит, жылан
ойыншықтыры, жұмыс дәптері, аудио жазбалар (Тынымсыз тілдің, құстар
мен жануарлардың дауысы), смайликтер.
Барысы: Жылулық
шеңбері: Ашық менің жүрегім, Ылғи күліп
жүремін. Бірге ойнап, бір жүрер, Достарым көп,
білемін
Тәрбиеші қорапша тауып алғанын
айтып, балаларға көрсетеді. Қорапта не бар екенін білгісі келіп,
қорап сыртын тоқылдатып ұрады: ‑Кім бар қорапта? Қорап ішінен
дыбыстар шыға бастайды, ззз, ссс, жжж, ррр. –Ой, балалар, мына
дыбыстар бізге таныс па? ‑Олар мұнда қалай қамалып қалған? ‑Оларды
бұл қораптан шығару керек қой. ‑Енді оларды қалай шығарамыз? Осы
кезде «Сиқырлы
дауыс» естіліп шарттар айтылады:
«Сендер менің «Тынымсыз
тіл» екенімді білесіңдер. Бұл
дыбыстар менің тісіме тіреліп шықпай қалған. Сендер енді оларды
менің тісімнен босатып алыңдар, ол үшін мен туралы ертегіні
естеріңе түсіріңдер, сонда ғана қорапты ашуға шамаларың жететін
болады». ‑ Балалар, біз «Тынымсыз
тіл» туралы ертегіні білеміз я? ‑
Қане ертегіні есімізге түсірейікші. (Балалар тездетіп ертегіні
айтып шығады). ‑Жарайсыңдар! ‑Демек, тіл сыртқа тек қандай
дыбыстарды шығарады екен? (Дауысты) ‑ Ал, қорапта қандай дыбыстар
естіліп тұр? (Дауыссыз) ‑Дұрыс айтасыңдар. Олай болса сол естілген
дыбыстарға не қосуымыз керек екен? ‑ Өте орынды. Ендеше тапсырмалар
орындап, қорапты ашуға тырысайық. ‑Алдымен мына сұрақтарға дауап
беріңдер. ‑Дыбыстарды не істей аламыз? (естиміз, айтамыз) ‑Дыбыстар
қалай бөлінеді? (дауысты, дауыссыз) ‑ Дыбыстарды қандай түстермен
белгілейміз? (көк, қызыл)
«Үйшік» ойынын
ойнайық. Мақсаты: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды
ажырата білу. Шарты: Естіген дыбыстың әріп
таңбасын алып, дауысты дыбыс болса қызыл үйшікке, дауыссыз дыбыс
болса көк үйшікке салу.
‑Тапсырманы жақсы орындап
шықтыңдар, жарайсыңда!
Келесі
ойын: «Естігенді жаз»
Мақсаты: Есту қабілетін, зейінді
дамыту. Дыбыстарды ажырата алу. Шарты: Балалар жануарлардың немесе
құстардың дыбыстарын тыңдайды, естіген дыбыстарды берілген сызбаға
түспен белгілеп жазады. (Қарға, бұзау, ит, тышқан,
көкек).
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
‑Жарайсыңдар, бұныда орындап
шықтыңдар.Енді балалар, біз қораптағы естілген дыбыстарға қандай
дыбыстар қоссақ болады екен? (Дауысты)
Артикуляциялық
жаттығу. Ол үшін мына суреттердің
атауынан сол дыбыстар кездесетін суреттерді теріп алайық. Тақтаға
бірнеше суреттер ілінеді, ішінен қорапта естілген дыбыстар атауында
кездесетін суреттерді теріп алады. Са‑са‑са‑сағат. Жу‑жу‑жу‑жуа.
Ро‑ро‑ро‑робот. За‑за‑за‑зауыт. ‑Жақсы,
жарайсыңдар!
‑Енді тынымсыз тіл қораптағы
жәндіктер мен жануарларда жіберіңіз. Біз дыбыстарды тістен босап
шығу жолын көрсеттік. Дауыс: Жарайды, мен оларды босатамын,
бірақ олар құр қол емес сияқты. ‑Жақсы. Рахмет, тынымсыз тіл. Қорап
ашылып, ішінен жылан, қоңыз, ит, маса (ойыншықтар) шығады. Және
олар кітап тауып алып, сол кітапты қуалап осы қорапқа қамалып
қалғандарын айтады. Бұл кітап жазу дәптері болады. ‑Ақыры бәрі осы
кітаптың арқасында болған екен, ішін ашып
көрейік. Дәптермен
жұмыс. Алдымен
саусақ
жаттығуы орындалады: Саны болар
оншақты, Шашып алдым моншақты. Шымшып, теріп аламын. Қорабыма
саламын. (Өлеңді айта отырып, қарындаш ұстайтын іш саусақты
біріктіріп, парта үстінен мошақ тереді)
Кел,
жазайық! Дәптерде берілген
тапсырмаларды орындау.
Қорытынды. Бүгінгі іс‑әрекет кімге
ұнады, кім түсінді солар көңілді смайликті, кім түсінбеді, кімге
қиын болды сол көңілсіз смайликті
көтерсін.