Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ұйымдастырлған оқу қызметі "Кішкентай сиқыршы"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшадағы кіші топтарға арналған ашық оқу қызмет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»
Бөлімі: Сенсорика.Сурет салу
Тақырыбы: «Кішкентай сиқыршы»
Мақсаты:Балаларға заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру,ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып,тапсырмаларды орындау.Қимылдардың үйлесімділігін,қолдың ұсақ бұлшық еттерін, «көз-қол» сенсомоторлық кеңістіктің үйлесімділігін дамыту.
Әдіс - тәсілдер: Қайталау, сұрақ - жауап, көрсету, ойын ойнау

Сөздік жұмыс:Сиқыршы

Полилингвалды сыңары: Сиқыршы- волшебник-wizard

Заттық дамыту ортасы: Көрнекіліктер, слайд арқылы суреттер көрсету.

Инновациялық технология: Зайцев технологиясы

Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де!

Қуанасың сен де!

Қуанайық достарым!

Арайлап атқан күнге!

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар.Біздің «Кішкентай сиқыршы»атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне қош келдіңіздер.

Сұрақ – жауап: жыл ерекшеліктері

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде ауа райы қандай болады?

-Көктемде неше ай бар?

Қане атайық?

Наурыз,Сәуір,Мамыр

 Жарайсыңдар балалар!

Ғажайып сәт

Музыка әуенімен Сиқыршы келеді.

Сиқыршы:Сәлеметсіңдер ме,балалар.

Тәрбиеші:Саламатсыз ба,Сиқыршы,қош келдіңіз.

Сиқыршы: Қандай әдемісіңдер,мұнда не болып жатыр?

Тәрбиеші: Бізде «Кішкентай сиқыршы»атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметі болып жатыр.Сиқыршы біздің тақырыбымызға сәйкес біздің балаларымызға және қонақтарымызға өнер көрсетіп беріңізші?

Сиқыршы: Жоқ,алдымен балалар менің бір тапсырмамды орындасын.Менің ұшып жүрген көбелектерімді гүлге қондырып берсің.

Тәрбиеші: Балалар аналарымыз көктем шыға салысымен үйдің ауласына не отырғызады? Ағаштар, гүлдер отырғызады. Көктемнің басында осындай жұмыстар жүргізіледі.

Балалар Сиқыршының өнерің көру үшін тапсырманы тез орындап тастайық.

Ойынның шарты:Түрлі түсті көбелектерді түсіне сәйкес гүлге қондыру.

Сиқыршы:Жарайсыңдар балалар!

Тәрбиеші:Сиқыршы біздің балалар сізбен бірге сергіту сәтін жасағысы келеді.

Сергіту сәті

Музыка әуенімен қимылдар жасау.

Сиқыршы:Жақсы қимылдар жасадыңдар.Енді мен сендерге сиқыр көрсетемін тамашалаңдар.

Салафанға су құюп,суын ағыздырмай тесу.

Тәрбиеші:Өте керемет сиқыр екен.

Полилингвалды сыңары: Сиқыршы- волшебник-wizard

Тәрбиеші:Балалар көктем мезгілінде ата апаларымыз баубақшаға жемістер мен көкөністер егеді.Балалар сендер екі топқа бөлініп тапсырмаларды орындайық. Бірінші топ-көкөніс пен жемістердің суретін мақта таяқшасының көмегімен бояңдар,ал,екінші топ көкөніс пен жемістердің суретін Кубизым әдісінің көмегімен құрастырамыз.

Сиқыршы:Жарайсыңдар балалар! Сендердің осы істеген жұмыстарың маған ұнады. Ендеше мен өзімнің сиқыршылар еліне қайтайын.Сау болыңдар балалар!

Тәрбиеші:Келгеніңізге рахмет,сау болыңыз.

Дидактикалық ойын: «Күнге жет»таяқшамен лентаны орау арқылы күнге жету.

-Балалар бізге қонаққа кім келді?

-Сиқыршының қандай тапсырмасын орындадық?

-Ненің суретің боядық?

Жарайсыңдар балалар!


Күтілетін нәтиже

Жаңғырта алады:негізгі төрт түсті ажыратады,ересектердің нұсқауларын түсінеді және айналасындағы кеңістіктен заттарды таба алады.

Түсінеді:заттардың көлемі,түсін және пішінін білдіретін сөздерді түсінеді.

Қолдана алады:іс-әрекет орындауға болатын қарапайым заттар-құралдарды қолданады.

Бүгінгі ашық оқу қызметіне жақсы атсалыстыңдар,осымен ашық ұйымдастырылған оқу қызметі аяқталды.

Назар аударғандарыңызға рахмет!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
19.06.2021
985
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12