Материалдар / ашық ұйымдастырылған іс-әрекет
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық ұйымдастырылған іс-әрекет

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне ұйымдастырылған іс-әрекетті қызықты етіп ұйымдастыруға көмек. саусақ моторикасын дамыту, тыныс алу жаттығулары, сөздік қорды толықтыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2023
516
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көңілді доптар

Мақсаты: Балаларға доптардың неден жасалатыны туралы түсінік беріп, олардың

қасиеттерімен таныстыру. Кеңістікті бағдарлай білулерін кеңейтіп,

тақпақтарды тыңдауға, оларды баяндауда тәрбиешіге көмектесуге

үйрету. Негізгі түстерді ажыратып, тәжірибе жасауға қызығушылықтарын

арттыру.

Көрнекі-құралдар: суреттер, түрлі доптар, Фребель сыйлары (доптар), су

құйылған ыдыстар, сүзгіштер, себеттер, қағаз сулықтар.

Әдіс-тәсілдер: әңгіме, ойын, зерттеу, тыныс алу жаттығулары.


ҰІӘ барысы:

Балалар топқа көңілді музыка әуенімен кіреді.

Шаттық шеңбері: «Сәлем, сәлем» (музыка әуенімен).

Балалардың назарын, ортадағы доптарға аудару.

Жұмбақ: Ішін желмен толтырдым, қуалап жүріп болдырдым. (доп)

-Бұл не, балалар?

-Түстері қандай?

-Қайсы доп үлкен, қай доп кішкентай?

Доппен ойнау ережесі: балалар, ең алдымен топтың ішінде доппен қалай ойнау керек екендігі туралы ережені есімізге сақтап алайық. Доппен ойнағанда қандай оқыс жағдайлар болуы мүмкін.

-допты тым биікке лақтырсақ, жарықты сындырып аламыз, алысқа лақтырсақ терезеге тигізіп алуымыз мүмкін немесе басқа заттарды да құлатып алуымыз мүмкін. Олай болса, топтың ішінде доптармен қалай ойнасақ болады?

-бір-бірімізге дөңгелетіп, еденге соғып немесе бір-біріміздің қолымызға лақтырамыз.


Доптар сондай жеңіл. Олар секіргенді, дөңгелегенді ұнатады. Олар биікке секіріп, алысқа дөңгелеп тыңдамай қоюлары мүмкін. Сол үшін сендер оларға топтың ішінде қалай ойнау керектігін үйретіңдер. Ойынымызды бастамас бұрын, алдымен қолдарымызды дайындап алайық.

Су-джок терапиясы. Бұдыр доптарды алақан арасына салып айналдырып жаттығу жасау. (музыка)


Ойын: «Допты түсіріп алма». (музыка)


Тақпақтар:

Айкөркем: Анель: Алинұр:

Асау тайдай тулайды, Қолдан ұшқан ала доп, Добым менің, добым менің,

«Гол»-деп бәрі шулайды. Су бетіне тоқтайды. Өзің неткен көңілді едің.

Жалықтырмас добымыз, Тыныш досым, жылама, Зымырайсың, қутыңдайсың

Қуып жүрміз оны біз. Добың суға батпайды. Бірақ менен құтылмайсың.


Жания: Дінмұхаммед: Нұрмұхаммед:

Добым, добым, домалақ, Добым менің домалап, Бар еді досымда,

Қайда кеттің домалап. Тоқтамайсың домалап. Кішкене ала доп.

Су құйып ем күшікке, Үстел үстін бүлдірдің. Біздің үй қасында,

Төгіп кеттің обал-ақ. Тәрелкені сындырдың. Ойнайтын ала кеп.


Айлана:

Добым, добым, домалақ,

Қайда кеттің домалап.

Қызыл, жасыл, сары, көк,

Ойнайтын сенімен бала көп


Ойын: «Допты түсімен ажырат». (музыка)

Балалар, доптар қандай екен? (домалақ, жеңіл)

Ендеше тәжірибе жасап көрейікші, доптар суда бата ма, жоқпа?


Фребель сыйы жұмсақ доптармен жаттығу.

Добым, добым, домалақ,

Зырылдайды домалап.

Секіреді, тынбайды,

Ұстап алам, қуалап.


Тәжірибе: «Доп суда бата ма, батпайды ма?» (балалар доптарды суға салып, батпайтынын анықтап, судан сүзгішпен сүзіп алады).

Анель:

Қолдан ұшқан ала доп,

Су бетіне тоқтайды.

Тыныш досым, жылама,

Добың суға батпайды.


Балалар, біз доптардың біраз қасиеттерімен таныстық. Енді өзіміз қолдан доп жасап көрейікші.

Қағаз сулықтардан мыжу әдісімен доп жасау.

Балалар, енді осы жасаған доптарымызбен қызықты ойын ойнайық.

Ойын: «Допты себетке түсір». Тыныс алу жаттығулары. (музыка)

Жарайсыңдар, балапандар!

-Бүгін біз сендермен не туралы білдік?

-Доптармен ойнаған сендерге ұнады ма?

Ендеше, доптармен ойынымызды серуенде жалғастыратын боламыз.

Рахмет сендерге.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!