Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызмет "Мақта қыз бен мысық" ересектер тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша ересектер тобы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным, Қатынас, Денсаулық»
Бөлімі: Математика негіздері

Тақырыбы: Математика әлеміне саяхат «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісімен.
Мақсаты: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау. Балаларды ертегіні жақсы қабылдай білуге үйрету. Ойынның шартын сақтап ойнауға, төзімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Тілін, сөздік қорын, танымын дамыту. Білімділікке бейімдеу бағытында сандардың қатарын ауызша санауға жаттықтыру; тура және кері сандарды табуға жаттықтыру. Үй жануарларына сипаттама беру арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: сандар, суреттер, дидактикалық материалдар, үлестірмелі материалдар, слайд, геометриялық фигуралар, сан тізбектері, сырмалы ертегі кейіпкерлерінің суреттері, карточкалар, слайд. Кюизенер таяқшалары, коврограф, геоконт, дьенштың логикалық пішіндері, «Айналмақ» ойынының материалы

Әдіс – тәсілдері: ой қозғау, сұрақ - жауап, салыстыру, түсіндіру, дидактикалық ойындар, тапсырмалар, триз технологиясы

Билингвалды компонент: Мысық-кошка-кэт, сиыр-корова-кау, қой-баран-шип, түйе-верблюд-камель, ешкі-коза-гоут, жылқы-лошадь-хорс, ит-собака-дог


Ә.Т.

Тәрбиешінің оқу қызметі

Балалардың қызметі

М.Қ.

Шаттық шеңбері:

Қуанамын мен де, құанасың сен де.

Всем, всем, добрый день!

Здравствуй, солнце золотое! Здравствуй матушка земля!

Гуд монинг, гоулд сан, Гуд монин дия гестс

Гуд монинг май френдз. Уй уйнею ол зэ юэсте.

- Балалар біздің бүгінгі сабағымыз өзгеше болады. «Ертегілер еліне саяхатқа» барамыз.
Балалар сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?
Қандай ертегілерді білесіңдер?

Балалар өлең жолдарына сай қимылдарды жасайды.


Балалар 3 тілде сәлемдеседі.





Балалар таңырқайды.


-Бауырсақ, шалқан, екі әтеш, үш аю, үйшік ертегілері т.б.


Ұ.І.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ:
Өзі жап - жас мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйде,
Түкті тоны шұп - шұбар.


Балалар мына суретке зер салайықшы. Бұл
«Мысық пен тышқан» туралы ертегі, бұл ертегіде бас
ты кейіпкері мысық, тағы қандай ертегіде мысық басты кейіпкер болады?
Өте жақсы, бүгін ертегіні оқып, түсініп, біліп қана қоймай ертегі кейіпкерлерін
е тапсырманы орындауға көмек береміз. Бұл ертегі Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.

Балалар, біздің ертегімізде неше кейіпкер бар?(Воскобовичтің «Сиқырлы сегіздік» әдісін қолдану)
-Ал енді балалар мақта қыз бен мысық ертегісін тыңдаңдар. (Коврографта көрсете отырып ертегіні айтады)
Тәрбиеші: Баяғыда Мақтақыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді.
Қыз: Мысық, мысық бері келші.
– Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:
– Неге шақырдың? – деп сұрайды.
Мақта қыз үндемей қояды.
– Ендеше қатығыңды төгем! – дейді Мысық.
Мақта қыз:– Мен құйрығыңды кесіп аламын!.
Онда мен қатығыңды төгемін - деп қатықты төгеді.
Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мысық: Мақта қыз, мақта қыз құйрығымды берші!
Мақта қыз: Менің қатығымды төле және мына менің тапсырмаларымды орында содан кейін құйрығыңды беремін деп мақта қыз мысыққа айтады.

Мақта қыз мен мына тапсырмаларды орындай алмаймын деп, сиырға барады.
Мысық:– Сиыр, маған қатық берші! – дейді.
Сиыр:– Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп бер және менің мына тапсырмаларымды орында деп мысыққа хат береді. Мысық сиырдың берген тапсырмасын орындай алмай ағашқа барады.
– Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.
Ағаш:– Мен шөлдеп тұрмын. Су әкеліп бер және менің мына тапсырмамды орында сонда ғана саған жапырақ беремін деп мысыққа тапсырма салынған хат береді. Мысық ағаштың берген тапсырмасын орындай алмай суға кетеді. Осыкезде
су әкеле жатқан қыздарды көреді.
– Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші!
Қыздар оған: – Бізге сағыз әкеліп бер және мына тапсырмаларымызды орындасан су береміз деп қолына хат береді. Мысық қыздардың да тапсырмаларын орындай алмай ары қарай дүкенге барады.
– Әй, дүкенші, маған сағыз берші!
Дүкенші:– Маған жұмыртқа әкеп бер және менің мына тапсырмамды орынды сонда ғана саған сағыз беремін деп қолына хат береді. Мысық дүкеншінің де тапсырмаларын орындай алмай тауыққа барады.
– Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші!
Тауықтар:– Бізге дән әкеліп бер және біздің тапсырмамызды орындасаң саған жұмыртқа береміз деп тапсырма салынған хат береді.
Мысық тапсырмаларды орындай алмай енді не қыламын?» – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді.
Мысық тышқанды бас салады.
– Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар?
Тышқан қорыққанынан:– Үйімде бір табақ тары бар.
Мысық: – Маған бір уыс тары бер.
Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді.
Бірақ тапсырманы орындай алмайды.
Тәрбиеші:

-Балалар, мысыққа тапсырманы орындауға көмектесеміз бе? Мысық тапсырманы орындай алмай қиналып отыр.
Мысық:
Сәлеметсіңдер ме? Здравствуйте, Гуд монинг

Балалар, маған менің құйрығымды алуға және мына тапсырмаларды орындауға көмектесіңдерші.
Тәрб.: Балалар бәріміз бірігіп мысыққа көмек берейік. Мысық тарыны апарып тауыққа береді де, тауықтың тапсырмасын балалармен бірге орындайды. Тауықтың тапсырмасы: Логикалық есептер.
1)Жанып тұрған 4 шамның сөніп қалды 2- еуі, қалды енді нешеуі?
2) Табақта 5 алма
Қолымда 3 алма
Барлығын қосқанда
Болада неше алма?
3)
Алты кірпі орманда қыдырып, бүлдірген
жинады. Біреуі ұйықтап қалыпты. Нешеуі қыдырып жүр?
4)Геометриялық пішіндерді ата және ол пішіндерден не жасауға болады? (
Кюизенер таяқшаларын қолдану)

Тәрб.: балалар біз үйшікті Кюизенер таяқшаларынан үйшік жасап берейікші Мысық: мяу, мяу тапсырмамды орындап бергендеріңе рахмет, тарыны тауыққа беріп, тауық жұмыртқасын береді, жұмыртқаны апарып дүкеншіге беріп, дүкеншінің тапсырмасын балалармен бірге орындайды. Дүкеншінің тапсырмасы: сандарды тура және кері санау, көрші сандарды атау.

Дидактикалық ойын: Көршi – көршi”
Ойын мақсаты:1-10-ға дейін тура және кері санауға үйрету. Сандарды рет-ретімен орналастыруын қалыптастыру.

Тәрбиешi бiр санды айтады, мысалы, “Жетi” дейдi. Омырауын жетi саны бала iлгерi шығып, балалардың алдына тұрады. Тәрбиешi былай дейдi: “Бұл санның көршiлерi, қатарына тұрыңдар!”. Оның қатарына 6 және 8 деген карточкалар тұрып, 6, 7, 8 сандарын құрайды. Одан соң 6 және 7 сандары салыстырылады. Омырауында 6 цифры қадалған бала былай деп түсiндiредi: 6-ның 7-ден 1-еуi кем. 6-ға 1-дi қоссақ 7 болады. 6 саны алты бiрлiктен тұрады.Одан кейiн 7,8 сандары да осылайша түсiндiрiледi.

Мысық: мяу, мяу тапсырмамды орындап бергендеріңе рахмет, жұмыртқаны дүкеншіге беріп, дүкенші мысыққа сағызды береді.
Балалар қанекей бәріміз бірігіп сергіп алайықшы.

Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адам,
Алға қарай бір адым,
Оңға, солға қарайық,
Орнымызды табайық.
Сергіту сәтінен кейін мысық сағызды апарып қыздарға беріп, балалармен бірге тапсырмасын орындайды. Қыздардың тапсырмасы:
1.
Дидактикалық ойын: «Жұлдызшаның орнына тиісті таңбаны қой» + -
3*3=0
5*2=3
4*1=5
6*2=8
Мысық: мяу, мяу тапсырмамды орындап бергендеріңе рахмет, қыздар оған су береді. Суды алып талға береді де ағаштың тапсырмасын балалармен бірге орындайды. Ағаштың тапсырмасы: «Мен туралы өлең жолын айтып бер»

Мысық: мяу, мяу тапсырмамды орындап бергендеріңе рахмет, тал оған жапырақ береді. Суды алып талға береді де сиырдың тапсырмасын балалармен бірге орындайды:

Дидактикалық ойын: «Үй жануарларын ата және үй жануарлары бейнеленген қиынды суреттерді құрастыр»

Мысық: мяу, мяу тапсырмамды орындап бергендеріңе рахмет. Мысық қатықты алып Мақта қызға береді. Мақта қыз құйрығын қайтарып береді. Мысық балаларға дән риза болып рахметін айтып, балаларға қызықты ойынды ұсынады.

Билингвалды компонент: Мысық-кошка-кэт, сиыр-корова-кау, қой-баран-шип, түйе-верблюд-камель, ешкі-коза-гоут, жылқы-лошадь-хорс, ит-собака-дог

Қимылды ойын: «Айналмақ» (триз технологиясын қолдану)

Ойын шарты: айналмақты музыка әуенімен айнала жүгіре отырып музыка тоқтағанда бала да тоқтап қай суретке келіп тоқтады сол суреттегі үй жануарларын сипаттайды.



-Мысық






«Мақта қыз бен мысық» ертегісі.

үй жануарларын (Воскобовичтің әдісі бойынша коврографқа орналастырады)







-Бұл ертегіде 9 (тоғыз) кейіпкері бар.

Воскобовичтің «Сиқырлы сегіздік» әдісін қолданады.










Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.


























































Балалар мысықпен 3 тілде сәлемдеседі.



Балалар көмектесуге келіседі.






1) -2 еуі қалды


2) –барлығы 8 алма


3) -5 еуі қыдырып жүр



4) Үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, шеңбер. Кюизенер таяқшаларынан үйшік жасайды.








Воскобович әдісі бойынша коврографқа тура және кері санап қояды. Көрші сандарды атайды.

Мысалы: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1
















Балалар өлең жолдарына сай қимылдар жасайды.









3-3=0
5-2=3
4-1=3
6+2=8




Өлең жолын қимыл арқылы айта отырып қимыл жасайды.


Көркем сөз:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел соғады

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен боп өседі


Балалар үй жануарларын атайды: сиыр, қой, түйе, ешкі, жылқы, ит мысық. Үй жануарлары бейнеленген қиынды суреттерді құрастырады.

Қайталайды: Мысық-кошка-кэт, сиыр-корова-кау, қой-баран-шип, түйе-верблюд-камель, ешкі-коза-гоут, жылқы-лошадь-хорс, ит-собака-дог

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Р.К.

Біз қандай ертегімен танысқанымызды есімізге түсірейік және геоконтпен жасап көрсетейік. Кілемшеге қандай кейіпкерлерді көргенімізді жапсырайық. Балаларды мадақтап оқу қызметін аяқтаймын.

Геоконтқа сандарды, пішіндерді және т.б. орналастырады. Кілемшеге кейіпкерлерді жапсырады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Сандардың қатарын ауызша санауға жаттықтыра және тура және кері сандарды табуды біледі. Көрші сандарды атай біледі.

Игереді: Дьенштың, Воскобовичтың ойын технологиялардың әдістерін игере алады.

Менгереді: Кез-келген тапсырмаларды тез арада шешіп, ұқыпты жасауды.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
19.06.2021
442
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12