Тәрбиеші: Турганбаева Айгуль
Бекжасаровна
Тобы: «Құлыншақ» ересектер
тобы
Тақырыбы: «Ақшақар» ертегісі. Орыс халық
ертегісі
Білім беру
саласы:
Коммуникация
Бөлімі: Көркем
әдебиет
Мақсаты: Жыл мезгілдері туралы
білімдерін тиянақтау, ойлау қабілетін дамыту, ертегілер туралы
білімдерін тиянақтау, мазмұнын айтып беру, шығармашылық білімін
дамыту.
Көрнекі
құралдар: Үй макеті, ертегіні сомдауға
қажетті атрибуттар, түрлі түсті қағаздар, себет, компьютер, ертегі
туралы слайдтар. «Ақшақар» мультфильмі,
үнтаспа.
Барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі:
Қол ұстасып
тұрайық
Үлкен шеңбер
құрайық
Жаңа шыққан бұл
күнге
Иіліп сәлем
қылайық.
-Балалар, бір жылда неше жыл
мезгілі бар?
-Қазір жылдың қай
мезгілі?
-Күз мезгілінің ерекшелігі
қандай?
Балалар сұрақтарға жауап
береді.
Үнтаспадан «Ерте, ерте ертеде»
деген сөздер естіледі.
-Балалар, бұл сөздер халық
ауыз әдебиетінің қандай жанрында
кездеседі?
-Дұрыс, ертегілер осы
сөздермен басталады.
Сендер ертегілерді жақсы
көресіңдер ме?
-Ертегінің қандай түрлері бар?
(қиял ғажайып, жан-жануарлар, тұрмыстық)
Балалар сұрақтарға жауап
береді.
Ғажайып сәт: Ақшақар
келеді.
-Ақшақар саламатсыңба, саған
не болды? Неге көңілсізсің?
Ақшақар: Мен адасып қалдым.
Қандай ертегіден келгенімді ұмытып қалдым. Ертегілер өте көп
сондықтан мен ұмытып, сендерден көмек сұрайын деп
келдім.
-Ақшақар төрлет. Балалар біз
ертегілерді білеміз ақшақарға көмектесейік. Мүмкін ол қай ертегіден
келгенін есіне түсіретін шығар.
(Ертегілердің жиынтығын
слайдтан көрсету.)
-Балалар, біз өткен оқу
қызметімізде ақшақар туралы ертегіні оқыған болатынбыз. Мүмкін
ақшақар сол ертегіден шығар. Олай болса ертегіні есімізге түсіріп
жіберейік.
«Ақшақар» ертегісін
мультфильмін жартылай көрсетіп. Қалған мазмұнын балалардан
сұрау.
Жетелеуші сұрақтар арқылы
сұрау әдісін қолдану.
Билингвалдық
компонент:
Ақшақар-Снегурочка;
Ата-Дедушка; Әже-Бабушка; Ертегі-Сказка.
Сахналау: Балалар осы ертегінің соңғы
бөлімін сомдап, сахналайды.
-Жарайсыңдар балалар. Ақшақар
сенің есіңе түсті ме?
Ақшақар: -Рахмет балалар, мен
өз ертегімді есіме түсірдім.
Бұл ертегіде ақшақар еріп
кетті. Бірақ балалар ол жаңбыр тамшыларына айналып, қыста бізге қар
болып жауып қайта келеді.
-Балалар, ақшақарымыз әлі
көңілсіз ғой, біз оған бізден сыйлық ретінде гүл жасап бкріп,
көңілін көтеру үшін жақсы тіліктер
айтайық.
Сергіту
сәті:
Балалардың жұмысы. Балалар гүл
жасайды.
Балалар гүлді ақшақарға тілек
айтып ұсынады.
Ақшақар: Балалар, рахмет
сендерге мен енді қайтайын. Ертегіме оралуым қажет. Сау
болыңдар.
Қорытынды:
-Балалар, оқу қызметі ұнады
ма?
-Барлықтарың
жарайсыңдар.
Күтілетін нәтиже:
Ертегілердің атауын білу, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін білу,
қардың жылы жерде еритінін түсіну, ертегі мазмұнын айтып, сахналап
беру.