жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Білім әлеміне саяхат"мектепалды даярлық сыныбы
Ақтөбе қаласы №31 қазақ орта мектебі
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Тақырыбы:Білім еліне саяхат
Сыныбы:Мектепалды даярлық «а»
Өткізген: Каскырбаева Мейрамкул Кабыловна
Ақтөбе -2021
Сыныбы:Мектепалды даярлық «а»
Тақырыбы: «Білім еліне саяхат»
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»
Оқу іс – әрекетінің мақсаты:
Білімділігі: Балалардың өтілген тақырыптарды қаншалықты деңгейде меңгергендерін анықтау, алған білімдерін тиянақтау;
Дамытушылығы: Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту. Сөздік қорын кеңейту;
Тәрбиелілігі: Балаларды ұқыптылыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Балалардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: Математика, сауат ашу, сөйлеуді дамыту.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойындар.
Көрнекілігі: сандар, үй жануарлары, көкөністер, жемістер.
-
Іс – әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері
Миға шабуыл
Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, келген қонақтармен сәлемдеседі.
Білер қазақ баласы, Сәлем – сөздің анасы
Сыныпқа келген қонақтарға Әрдайым әдеппен
Ақ көңілмен ізетпен Біздер сәлем береміз. Күндей жарқырап Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен Бүгінгі күнімізді бастайық.
-
Ал балалар көңіл күйлерің қалай?
-
Сендерге бүгінгі оқу іс – әрекетіне сәттілік тілеймін.
-
Жаңа оқу іс – әрекетін бастамай тұрып, біраз
сұрақтарға жауап беріңдерші?
-
Қазір қандай жыл мезгілі?
-
Көктем мезгілінде қанша ай бар?
-
Көктем туралы кім әңгімелеп береді?
Балалар жақсы көңіл күймен келген қонақтармен сәлемдеседі.
Балалар орындарына жайғасады.
Жақсы
Көктем
3 ай. Наурыз, сәуір, мамыр
Балалар көктем туралы әңгімелеп береді.
Екінші
Ұйымдастыру, іздену
Жаңа сабақ
Ой толғау
-
Екінші күн қалай аталады? Жаңа оқу іс – әрекеті:
-
Бүгін балалар біз білім еліне саяхат жасаймыз. Оқу іс – әрекетіміз жарыс түрінде өтеді. Сондықтан біз екі топқа бөліндік.
І – топ: «Күн»
ІІ – топ: «Жұлдыз»
«Күн» тобының ұраны: Біз ақылды баламыз Айтқан тілді аламыз Сабақты жақсы оқып
1- Сыныпқа барамыз.
«Жұлдыз» тобының ұраны: Біз әдепті баламыз
Оттай болып жанамыз Сұрақ қойса ойланып Дұрыс жауабын табамыз.
-
Балалар бағаларымыз жұлдызша арқылы бағаланады, сабақ соңында жұлдызша көп жинаған топ жеңеді.
1 – тапсырма: «Математика» Таудың тапсырмасы:
«Күн» тобы
-
Сұрақ: 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.
-
Сұрақ: 1 аптада неше күн бар?
Апта күндерін ата?
«Жұлдыз» тобы
-
Сандардың көршісін тап.
Тақтаға жазу.
-
Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?
Дидактикалық ойын: «Өз орныңды тап»
Мақсаты: Балаларды тура, және кері санауға үйрету
Сейсенбі Қызығушылықты ояту
Балалар орындарынан тұрып, топтарының ұрандарымен таныстырады.
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1
7
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
5 , 9 ,
7 , 6 8
-
![]()
-
Логикалық есептер.
«Күн» тобы
-
Бір жұдырықта неше саусақ бар?
-
Қонжық екеу, табаны нешеу?
-
Табақта үш алма, қолымда екі алма, қосқанда барлығы болады неше алма?
«Жұлдыз» тобы
-
Ақ балапан, сары балапан, шұбар балапан, қара балапан барлығы неше балапан?
-
Үш қоянда неше құлақ бар?
-
Маратта 5 іні, Мұратта 2 іні. Қоссаң бес+екіні, нешеу болады?
-
тапсырма: «Сауат ашу» Бұлттың тапсырмасы:
«Күн» тобы
-
Дыбыс дегеніміз не?
-
Дауысты дыбыс дегеніміз не? Қандай текшемен белгіленеді?
«Жұлдыз» тобы
-
Әріп дегеніміз не?
-
Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
Қандай текшемен белгіленеді?
Ойын: «Дыбыстар үні» Шарты: дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату.
3- тапсырма : «Сөйлеуді дамыту»
Гүлдің тапсырмасы:
«Күн» тобы
-
Көкөністерге не жатады? Олар қайда өседі?
-
Біздің Елбасымыз кім?
-
Үй құстарын ата?
Бес -5 саусақ
Сегіз – 8 табан 3+2=5
Барлығы 5 алма
1+1+1+1=4
Барлығы 4 балапан
2+2+2=6 құлақ
5+2=7 іні
Дыбысты естиміз айтамыз Айтқанда ауыз қуысында кедергі болмайды.
Қызыл текшемен
Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.
Көк текшемен
Сәбіз, қырыққабат, құлпынай, қызанақ, картошка, пияз
Жерде Н.Ә. Назарбаев
Тауық, әтеш, үйрек, қаз, күрке тауық.
Алма, шие, алхоры, жүзім, банан, шабдалы, өрік Ағашта өседі
-
-
Топпен жұмыс
Жүктеу
БөлісуЖИ арқылы жасауФайл форматы:docx24.05.2021447Жүктеу
ЖИ арқылы жасауБұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласызҚазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеуСіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласызСайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген