Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі Дәрумендер, Алма

Материал туралы қысқаша түсінік
Жұмыста балаларға көкөністер мен жеміс- жидектердің адам денсаулығына пайдасы жайлы түсіндірген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Мерзімі: 13.11.2018ж

Білім беру саласы: Коммуникация, Шығармашылық

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Сурет салу, Аппликация

Тақырыбы: «Дәрумендер», «Алма»

Мақсаты: Балаларға көкөністер мен жеміс- жидектердің адам денсаулығына

пайдасы жайлы түсіндіру.Олардың құрамында дәрумендерге бай

екендігін, тұмау мен оның тию ауруына шалдықпаудағы күресудің жолы

екендігін түсіндіру, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу кезінде сөзді анық

айтуға үйрету.

Шығармашылық қабілеттерін түрлі жаңа әдіс- тәсілдермен байыту.

Көрнекілігі: Жеміс- жидектер муляждары, дәрумендер суреттер, бөлшек суреттер

Қолданылатын құралдар: гуашь, су, сулы майлық, резеңке

Әдіс- тәсілі: Көрсету, түсіндіру, ойын, тәжірибе,Геоконта,ТРИЗ



Кіріспе бөлім

«Білер қазақ баласы»,

Сәлем сөздің анасы».- дегендей сәлемдесіп алайық

«Қайырлы таң балалар!»

Шаттық шеңбері

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық,

Жерден нәр алайық,

Алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық,

Алақанға салайық.

Күн шуағын апайларға сыйлайық(алақандарын үрлейді)

Негізгі бөлім:

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз мезгілі

  • Күз айларын атаңдаршы?

  • Қыркүйек, қазан, қараша

  • Күзде ауа райында қандай өзгерістер болады?

  • Күн суыта бастайды, жапырақтар сарғайып жерге түседі, жаңбыр жауады.

  • Суыққа тоңып ауырып қалмау үшін не істеу керек?

  • Жылы киініп, дәрумендер жеу керек.

Олай болса балалар бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Дәрумендер»

  • Ал, дәрумендерді қайдан аламыз?

  • Көкөністер мен жемістерден аламыз.

  • Жемістер қайда өседі?

  • Ағашта өседі.

  • Көкөністер қайда өседі?

  • Бақшада өседі.

Бұл жемістер мен көкөністер де қандай дәрумендер барын көрейік.

А- дәруменімізде асқабақ, өрік, қызанақ, айранда болды. Бұны күнде қолданған балалары көздері жақсы көретін болады, күш қуат береді.

В- дәруменінде балқы, картоп, асбұршақ, сиыр еті, жаңғақ, нан өнімдерінде болады. В- дәруменін қолданған баланың ішкі құрылыстары, жүйке жолдары, қан айналымдарын күшейтіп, жақсы жүгіретін болады.

Д- дәруменінде жұмыртқада, балық майында, сүт тағамдарында, ірімшікте, қаймақта болады. Бұл дәрумендерді қолданған баланың сүйегі мықты болады.

С- дәруменінде орамжапырақ, алма, лимон, апельсин, алмұртта болады. Бұл дәруменді жеп өске балада ешқандай микроптар жоламайды, денсаулықтары мықты болып өседі.

  • Балалар сендер осы дәрумендер туралы туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Асылай: Мен алмамын, алмамын,
Денсаулыққа пайдамын.

Сусынымды ішсеңіз,
Көп ауруды жазамын.

Әділет: Мен сәбізбін, сәбізбін,
Емдік қасиет беремін.
Көп ауруды жазамын,
Емделем десең әзірмін.


Айша: Мен қарбызбын, қарбызбын,

Күннің көзін сүйемін.
Ауырса бүйрек, бауырың,
Көмегімді беремін.


Жарайсыңдар, балалр жемістер жайлы тақпақтар біледі екенсіңдер. Бұл жемістердің бәрі дәрумендер.

«Ең басты байлық- денсаулық» - деніміз сау, ауырмасақ қана бақытты өмір сүреміз. Ал, ауырмау үшін дәрумендерге бай тағамдарды жеуіміз керек. Сонда біз ауырмай үлкен болып өсеміз.

Ал, енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін тауып көріңдер.


Жұмбақтар: Бұйра шашы желмен ойнап тұрады,

Қызыл мұрны жерге бойлап тұрады.

(сәбіз)


Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.

( пияз)


Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.

(алма)


Жарайсыңдар балалар жемістер мен көкөністер туралы жұмбақтарды біледі екенсіңдер. Енді осы жемістер мен көкөністерді «Бөлшектерді құрастыр» ойынымен құрастырып көрейікші.

І топқа жемістердің бөліктерін,

ІІ топқа көкөністердің бөліктерін құрастырады.


Енді тәжірибе жүзінде пайдалы жемістер мен көкөністерден дәрумендерге бай тағамдар жасап көрейік.

І топ сүзбеден құрт жасайды.

ІІ топ айранға алма мен құлпынай тосабын қосып, иогурт жасайды.


Ойын: «Пайдалы, зиянды» тағамдарды бөлу.

Ойын шарты: Пайдалы тағамдарды себетке жинау, зиянды тағамдарды қоқысқа тастайды.

Ортаға екі баланы шығарып, алдарыңдағы кескіннен түстес резеңкелерді кигізу арқылы жемістер мен көкөністердің пішінін шығарады.


Ал, енді шығармашылық орталықтарына барып

І топ алманы бояуға батыру арқылы алманың пішінін шығарады,

ІІ топ майда дөңгелектерден ананастың бейнесін жапсырып шығарады.

Балалардың жұмыстарын көріп, көмектесу.


Сергіту сәті

Кел, балалар, келіңдер,
Жақын келіп тұрайық.
Шеңберді біз құрайық,
Таңертең ерте тұрайық.
Бетті, қолды жуайық.
Тісімізді тазалап,
Айнаға да қарайық.
Шашымызды тарайық,
Денсаулықты сақтайық.
Сабын, тарақ, щеткамен,
Тазаланып тұрайық.
Тазаланып болғасын,
Бау-бақшаға барайық.
Көкөністер пісіпті,
Жеміс-жидек түсіпті,
Жинап теріп алайық.

Балалар қимылмен көрсетеді.

Қортынды бөлім

  • Ал балалар нелер жайлы білдік?

Балалар жемістер мен көкөністердің суреттерін көрсетеді.

  • Көкөністер мен жемістер неге бай болады екен?

Балалар А,В,С,Д дәрумендерінің суреттерін көрсетеді.

  • Зиянды қандай тағамдарды білесіңдер?

Балалар зиянды тағамдардың суреттерін көрсетеді.

Балаларды мақтап, мадақтау арқылы оқу қызметті қортындылау.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Дәрумендер жайлы біледі.

Игереді: Дәрумендердің пайдасы жайлы .

Меңгереді: Сурет салудың және жапсырудың түрлі тәсілдерін





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
629
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12