жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Ғажайып математика" ортаңғы топ
Білім беру саласы: Таным. Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру. Тақырыбы. «Ғажайып математика» Мақсаты: Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс - әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым - қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру және сипап сезу арқылы балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті, дидактикалық ойыны,логикалық ойын, жұмбақтар. Қажетті құрал - жабдықтар: суреттер, кілем, шар, геометриялық пішіндер, үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, ғажайып сандық, үлестірмелі материалдар пайдаланылады
- Саламатсыздар ма, балалар! Саламатсыз ба! - Здраствуйте! - Good moning!
Жылулық шеңбер.
- Қане, балалар барлығымыз бір - біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
- Балалар, мынау ненің суреті? (күннің)
- Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.
- Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?
Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.
- Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!
- Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!!
(Көздерін, құлақтарын уқалайды. Шапалақтайды.)
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын.
Тосын сәт: Қолдарына шар ұстап Сайқымазақ кіреді.(әуенмен)
- Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын Мына шарларды ала келдім.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық... (қыс, көктем, күз, жаз)
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді. Мына шардың түсі қандай?(ақ)
- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді? Қыс. қыста жер қандай болады (ақ)
Сары шарды көрсету. Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз)
- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Жер беті сары кілемге ұқсайды.
Жасыл шарды көрсету. Бұл түс шөптердің түсі сияқты. - Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады.. Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)
Қызыл шарды көрсету. - Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.? Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)
- Балалар, түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Кәне, шарды кім жарады. Бір бала шығып шарды жарады, Балалар, бізге тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар, мына сиқырлы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз
Сергіту сәті: «4 қадам алға, 4 қадам артқа»
1 - тапсырма. «Тапсырманы орында!» Кері мағынасын табу керек екен. (ұзын қысқа, биік аласа, жеңіл ауыр, жәй жылдам, муздай ыссы, бос толық, кір таза) 2 - тапсырма. Қимылды ойын «Сыңарын тап» Ойынның шарты: Әуенмен балалар қолдарына берілген пішіндерді ұстап билейді. Әуен тоқтағанда теңін тауып тұра қалады. Мысалы: үшбұрыштар бірге, дөңгелектер бірге. 3 - тапсырма. «Моншақты жина» логикалық ойыны. Геометриялық фигураларды төмендегі жіпке тізу. (шаршы, дөңгелек, үшбұрыш) 4 – тапсырма. Жұмбақтар. Ұйқымыздан оянамыз, Беті қолды жуамыз Анамызға ереміз Бақшамызға келеміз Бұл қай мезгіл? (Таңертең) Серуенге шығамыз,Одан кейін қайтамыз
Тамақ ішіп аламыз
Тәтті ұйқыға батамыз
Бұл қай мезгіл? (Түс)
Ұйқымыздан тұрамыз
Жеңіл тамақ ішеміз
Анамызды күтеміз
Апай сау болыңыз деп
Үйге қарай кетеміз (кеш)
Үйлерде шам жанады
Манай тастай қараңғы
Ертегі тыңдап алып
Тәтті ұйқыға батамыз (түн)
Балалар, ақылмен ойлап әр түрлі нәрселер жасауға болады екен. Мына тұрған сиқырлы қобдишаның ішіндегі заттарды сипип сезу арқылы тауып көрейік.
Балалар: төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, ұзын қарындаш, қысқа қарындаш.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Балалар, геометриялық пішіндерді ажырата білсек, енді «Ғажайып математика» еліне саяхатқа баратын кілемшемізге қарап геометриялық пішіндерді орналастырайық!
Қараңдаршы, балалар, қандай әдемі кілемшелер жасадыңдар. Ал осы кілемдегі оюлар қандай пішіннен құралған (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек)
Қорытынды: Геометриялық пішіндерді кілемшеге орналастырдық. Жұмбақтар шештік, уақытты, жыл мезгілдерін, түстерді, ауыр - жеңілді, ұзын- қысқаны, биік - аласаны білдік. Балалар, келесі оқу қызметінде осы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз.
- Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық. Көріскенше күн жақсы, Сау саламат болайық.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: балалар, біз бүгін геометриялық пішіндерді ажыраттық және кілемшеге орналастырдық.
Түсінеді: сандарды тура және кері санау, логикалық ойындар, жұмбақтар шешу.
Қолданады: зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте сақтау, ойлау қабілеттері, дамыған.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген