Тақырыбы: Күннің
құдіреті
Білім беру
саласы: Қатынас,таным,шығармашылық.
Мақсаты: Ертегілерден коллаж жасау
арқылы балалардың сөздік қорларын байытып,флипчарт моделі арқылы
балалардың ой-өрісін дамыту.
Балалар бүгін ерекше күн.Ашық ұйымдастырылған оқу қызметімізге
қонақтар келіпті,қане бәріміз қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Сәлеметсіздерме апайлар,
Қайырлы таң ұстазым,
Қайырлы таң достарым
Шеңберге тұрайық
Жылулық сыйлайық.
Жарайсыңдар балалар. Сендердің кішкентай жүректерің
мейірімге,қуанышқа толы .Балалар қараңдаршы мына жерде біз не көріп
тұрмыз?(слайдтан көңілсіз күнді көрсету)
Балалар: Күнді
Тәрбиеші:Күніміз қандай екен?
Балалар:Күн көңілсіз екен
Тәрбиеші:Ол неге көңілсіз екен?
Балалар: Оның шуағы жоқ
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар,күннің шуағы жоқ екен.Күннің
шуағы болмаса, жерге шуағын бере алмайды екен.Қанекей, бәріміз
бірігіп күнге шуағын шашуға көмектесейік.
Шаттық шеңбері
Армысың алтын күн,
Армысың алтын күн.
Көктен түскен күн көзі
Қуанышқа бөленсі.
Жарайсыңдар балалар
Балалар бізді қоршаған орта табиғат.Біз табиғаттың бір бөлшегі
болып табыламыз.Қане, балалар табиғат нешеге бөлінеді?
Балалар: Табиғат екіге бөлінеді.Тірі табиғат,өлі табиғат.
Тәрбиеші: Өлі табиғатқа нелер жатады?
Балалар: Өлі табиғатқа құм,тас,топырақ жатады.Олар
өспейді,өнбейді
Тәрбиеші:Жарайсыңдар! Ал, тірі табиғатқа нелер жатады?
Балалар: Тірі табиғатқа жан-жануарлар,адамдар,өсімдіктер,құстар
жатады.Олар өседі,тіршілік етеді.
Тәрбиеші: Өте тамаша,балалар! Балалар,күн сәулесі кешке шыға
ма,таңертең шыға ма?
Балалар: Таңертең
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар таңертең шығады екен. Күн өзінің күн
жарқыратар киімін киіп алып аспанды аралайды екен.Жер бетіне жарық
өмір береді екен.Күн түспеген жерлерде өсімдіктер өспейді екен.Күн
күн ұзаққа аспанда жүріп, кешке өз еліне барып демалады екен.
Жарайсыңдар балалар! Біз күн туралы біраз мәлімет білдік.
Балалар, бері қарайықшы күнді қадірлеп, күнді бірінші көруге
таласқан қай ертегі?
Балалар: Жыл басына таласқан хайуанаттар.
Тәрбиеші:Бұл ертегіде әділдік орын алғанба?
Балалар: Жоқ
Тәрбиеші: Кіп –кішкентай тышқан қалай жыл басы болып алды?
Балалар: Ол бәрін алдап жыл басы болып алды
Тәрбиеші: Жыл басы кім болуы керек еді деп ойлайсыңдар?
1-бала: Жыл басы Ойсыл қара жануар маң-маң басқан маң басқан
Шудаларын шаң басқан, адамдарға өте пайдалы жануар түйе болу керек
еді ғой.
Тәрбиеші: Балалар , қараңдаршы мына тақтаға осы ертегіні
рет-ретімен қойып шығайық және атын үш тілде атап көрейк
(Флипчард моделі арқылы жан-жануарларды ретімен орналастырады)
1-бала: Түйе-верблюд-кэмэл
2-бала: Сиыр-тигр-тайгэ
3-бала: Қоян-заяц-раббит
4-бала: Ұлу-улитка-снейл
5-бала: Жылан-змея-снейк
6-Бала: Жылқы –лощадь-хос
7-бала: Қой-баран-шип
8-бала: Мешін-обезьяна-манки
9-бала: тауық-курица-чикен
10-бала:ит-собака-дог
11-бала: доңыз-свиниья-пиг
12-бала:тышқан-мыш-маус
Тәрбиеші:Балалар біз ертегіні
өз ойымыздан өзгертіп, жыл басын түйе болдырдық.Ал тышқан бәрінен
кешірім сұрап,барлығымен дос болыпты.Балалар ертегі сендерге ұнады
ма?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Олай болса балалар, барлығымыз бірігіп буын ұйқас ойынын
ойнайықшы.
Балалар: Үн-үн-үн, бүгін міне ыстық күн
Үн-үн-үн – болсын әркез жақсы күн.
Үн-үн-үн, тамаша көңілді күн
Үн-үн-үн, қасиетті құдіретті күн.
Тәрбиеші: Өте тамаша, жарайсыңдар, балалар!
Балалар,енді мен сендерге күнге жақын орналасқан ғаламшарлар туралы
жұмбақ жасырамын.
Кіріп келіп бөлмеме
Ойнайды ол айнала
Шомылады көлге де
Шуақ шашып айнала
Күн
Суда дірілдейді
Қармаққа ілінбейді
Ай
Алып кілем
Үсті толы алып кілем
Жер
Азанда тұрсам дымда жоқ Жұлдыз
Төрінде тұр нұр көзі
Жерден биік күмбезі Ғарыш
Балалар,жұмбақтардың жауабын өте дұрыс таптыңдар.Ал енді балалар
біз бес білім орталығына жер,ай,күн,ғарыш, жұлдыз тобы болып
бөлініп барайық.
Жер тобына берілген
тапсырма.Жүйелі оператор. Бір жануарды алып ортаға салып,оның төлі,
одан алынатын өнім, олар немен қоректенеді, ол қайда өмір сүретінін
айтып дайын суреттерді конверттерге салып
шығамыз.
Ай
тобына берілген тапсырма.
Танграмм әдісі бойынша жұмыс жасаймыз.Геометриялық пішіндерден
мүсін құрастырамыз.Онда қанша геометриялық пішін бар екенін
айтады.
Күн тобы.Ертегіден коллаж жасайды.
Бір ертегіні алып өз ойынан құрастырып
шығару.
Ғарыш тобы. Берілген суретті бояп
қай бағытта жүзіп бара жатқанын түсіндіріп
беру.
Жұлдыз тобы.Көлеңкелі сурет.Дәстүрден
тыс шашыратып бояу әдісі арқылы сурет салу.
Жарайсыңдар балалар, тапсырманы өте жақсы орынгдадыңдар.Шаршаған
шығарсыңдар сәл сергіп алайық.
Сергіту сәті ағылшын тілінде.
Тәрбиеші: Енді балалар, «көршісін тап» деген дидактикалық ойын
ойнайық.
Тақтада жазылған сандардың қайсысы жоқ соны жазу және оның
жанындағы көршісін атау керек.
Триз ойыны. Сұраққа дұрыс жауап берген сайын күнді баспалдақпен
жоғары шығару керек.
Тәрбиеші:Балалар күн қандай?
Балалар: Күн шуақты,жылы
Тәрбиеші: Күн болмаса өсімдіктер өседі ма?
Балалар: жоқ өспейді
Тәрбиеші: Күннің түсі қандай?
Балалар: Сары
Тәрбиеші: ЖАрайсыңдар, балалар! Міне бүгін біздің көңілсіз күніміз
жоғары шығып шуағын шашып көңілді болды.Сендер де бүгінгі ашық
ұйымдастырылған оқу қызметімізге өте жақсы қатыстыңдар,рахмет
сендерге! Күн қасиетті де құдіретті, барлықтарыңыздың отбасыңызға
күннің жылуын, шуағын тілейміз деп келген қонақтармен
қоштасамыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі. Күннің құдіреті

шағым қалдыра аласыз