жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі мектепалды даярлық сыныбы К дыбысы мен әрпі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тобы:Мектепалды даярлау сыныбы
Күні: 25.04.2018ж
Тәрбиеші:Қасқырбаева.М.Қ.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу және жазу негіздері.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: К дыбысы және әрпі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: . К дыбысымен
таныстыру. К дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасау. Балаларды К
дыбысы бар сөздерді буынға бөлуге, сөйлем ойлауға үйрету.
Дидактикалық құралдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау
қабілеттерін дамыту.
Әдемі жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, ойын , көрнекілік,
сұрақ - жауап.
Көрнекіліктер : К дыбысының баспа түрі, текшелер, ойыншықтар,
слайдтар,
суреттер, қарындаш, сауат ашу дәптері,
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
||||||||||||||||||||||||
|
Мотивациялық қозғаушы |
Шаттық шеңбері. |
|
||||||||||||||||||||||||
|
Ұйымдастыру-іздену |
-Дыбыс дегеніміз не? -Әріп дегеніміз не? -Дыбыстар қандай болып бөлінеді? -Балалар,өткен әріптерді еске түсіру үшін жұмбақ жасырамын. Шешуін тауып айтасыздар. Екі аяғы бар Көлденең таяғы бар. Бұл қай әріп?(А) Ұқсайды өзі шалғыға, Елестет көз алдыңа. Қане,ойлап табайық, Болды екен қай әріп?(Ғ) Екі тіреу, Басқышы біреу.(Н) Іші қуыс жұмыртқа, Бұл қай әріп?(О) Соңында ол «тай» мен « айдың»да Ортасында «айбын» менен «айдынның»(Й) Сарымсақты,сәбізді, Бастап тұрған қай әріп, Сапсыз орақ тәрізді. (С) V. Ойын. «Шашылған әріптер» Шарты: Балаларға әріптер таратылады. Дауыстыларды қызыл үйге,дауыссыздарды көк үйге салады. (Тақтаға қызыл,көк үйдің суреттері ілінеді.)
(Балаларға сұрақ-жауап әдісі арқылы кеме,күшік,елікті айтқызады.) -Балалар,кеме,күшік деп айтқанда қандай дыбысты айтамыз? -К дыбысы -Балалар,бүгін біз «К»дыбысы және әрпімен танысамыз. (Тәрбиеші тақтаға «К» әрпін іледі.) (Балалар «К» дыбысын айтады,қайталайды.) -Балалар, «К»дыбысы кедергіге ұшырап айтылып тұр ма? -«К» дыбысы-дауыссыз дыбыс. «К» дыбысын көк текшемен белгілейміз. Кеме,күшік, елік сөздерін буынға бөлгізіп,айтқызу. Ойын: «Сөз ойла,тез ойла» Шарты: «К» дыбысы кездесетін сөздер айту. Тәрбиеші күшік,кенгуру,бүркіттің суретін көрсетеді. Күшік-иттің баласы. Кенгуру-Австралияда мекендейді.Самағы-90кг,құйрығының ұзындығы-1м. Алдында қалтасы болады,оған баласын 68 ай сақтап өсіреді.Ал,баласының салмағы-5,5кг болады.Шөппен қоректенеді. «Қызыл кітапқа» енген.Алдыңғы аяғымен қорек тауып жейді. Бүркі-таудың ең биік шыңында өмір сүреді.Түлкі,қоян сияқты аңдарды аңдып тұрып,өзінің әдіс-тәсілдері арқылы ұстап,жемтігін тауып жейді. (Интерактивті тақтадан бүркіттің,кенгурудың видеосынан үзінді көрсету) Күшік,кенгуру,бүркіт сөздеріне дыбыстық талдау жасату. Күн,көбелек,көйлек сөздерін буынға бөлу,кеспе әріптермен жазу. III.интерактивті тақтамен жұмыс
Балалар, мына буындарды
оқиық. (Балалар музыка ырғағымен интерактивті тақтадағы қимылдарды қайталайды) Дәптермен жұмыс.
Енді К дыбысын ауада
жазайық.(ауада жазу) VI.Сөзжұмбақ шешу .Суреттер арқылы сөзжұмбақ шешу.
Балалар сөзжұмбақтың шешуін әліппе-дәптерге жазады. |
. |
||||||||||||||||||||||||
|
Рефлексифті түзету |
VII. Ойын. «Кім жылдам?» Шарты:Тақтада ілінген суреттерге қарап сөйлем құрастыру. (күн,кеме,кесе,көбелектің суреттері) VIII.Қорытындылау - Балалар, бүгін біздер қандай әріппен таныстық? Сабақта өте жақсы жауап бердіңдер,жұмбақтарды шештіңдер,әріптерді әдемі жаздыңдар,сөзжұмбақты дұрыс шештіңдер.Барлығыңа да мына көбелектерді сыйға беремін.(Тәрбиеші балаларға стикер көбелектерді үлестіреді) |
|
||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтиже:
Білу: К дыбысы мен әрпін таныстыру
Игеру:К дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауды игерді.
Меңгеру: көркем жазуды меңгереді.
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген