Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі, ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне сөйлеуге дамытудан сабақ өткізгенде көп көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тобы:№ ортаңғы топ

Білім саласы:Қатынас.

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы:«Қонжықтың жақсы көңіл күйін іздеуге саяхатқа шығамыз»

Мақсаты:Балалардың сөйлеуін соның ішінде байланыстырып сөйлеуін дамыту. Қарама-қарсы сөздерді дұрыс таңдай білулеріне үйрету, арттикуляциялық аппаратарын жетілдіру. Сөздерді көпше-жекеше айта білулерін бекіту. Жаттығулар арқылы денсаулықтарын нығайту. Табиғатқа, жануарларға деген қамқорлық сезімдеріне тәрбиелеу.

Алдын ала жасалған жұмыстар:жабайы жануарлар жайында әңгімелесу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, көрнекілік, сұрақ-жауап

Полилингвальды компонент:қонжық-медвеженок-teddy bear [тедди беар] аю-медведь- bear

Қызмет сатысы

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қызықтырушы-лық:

Шаттық шеңбер

Кіріспе әңгіме

Ғажайып сәт: тәрбиеші топқа қонжық келгенін айтып сәлемдесулерін сұрайды. Қонжық мұңайып, бүгін ұйқыдан тұрғанда жақсы көңіл күйін жоғалтып алғанын айтады. Тәрбиеші балаларға қонжықтың жақсы көңіл күйін тауып беру үшін саяхатқа шығуды ұсынады. Полилингвальды компонент: қонжық-медвеженок-teddy bear[тедди беар] аю-медведь- bear

Шаттық шеңберде көңілдері көтеріледі.

Тәрбиешімен әңгімелеседі.

Қонжықты көріп таңданады.

Қонжыққа аяушылық сезімдері туады.

Тәрбиешінің ұсынысын қуана қабылдайды.


Орысша, ағылшынша сөздермен танысады, қайталайды.

}Ұйымдастырушылық - ізденушілік:

-Балалар саяхатқа шығу үшін пойызға мінуіміз керек. Ал пойызға билетсіз мінгізбейді. Ол үшін «Керісінше айт» ойынын ойнап билет алуымыз керек. –Мен сендерге сөз айтамын, соның сендер қарама-қарсы мағынасын айтасыңдар.

-Міне балалар жарайсыңдар билеттерімізді алдық, енді пойызға отырайық


Ойын-жаттығу «Пойыз» (Тәрбиеші балаларға әуенмен бірінің артынан бірі ұстап, паравоздың дыбысын дыбыстап жүру керек екенін түсіндіреді)

Слайд(Тақтадан жағалаудың суреті шығады)

-Ой балалар міне керемет жағалауға келдік, көп жүріп шаршадық, аяқ қолдарымызға массаж жасап алайық

Балалар ойын шартына қызығады.


Ойынға қызыға қатысады. Берілген сөздерге қарама-қарсы сөздер айтып, жауап береді.(Үлкен-кішкентай, ұзын-қысқа, салқын-ыссы....)



Пойыз болып бірінің артынан бірі ұстап, әуенмен қосылып қозғалады. (чух-чух, ш-ш-ш деп дыбыстайды)



Тақтадағы табиғат суретін тамашалайды.



Массажды, артикуляциялық ойын «Табиғат дауысы»(желдің, жапырақ сылдырынң дауысын салып, аяқ қолға массаж жасауды көрсетеді)

Қонжық:-Менің көңіл күйім осы жерден табылып қалар

-Иә қонжық табылып қалар, ол үшін сөйлейтін текшемен ойындар ойнап көрейік.

Д/О «Сөйлейтін текше» (текшені лақтырып, текшенің бетіне түскен суретке сөйлем ойлау тапсырылады)

Қонжық:-Ой менің жақсы көңіл күйім мына жерден де табылмады.

-Олай болса іздеуді одан әрі жалғастырамыз, кәне балалар жолға шығайық. Енді кемеге отырайық.

Релаксациялық музыкамен демалу.

Слайд (Таудың бейнесі шығады)

Міне тауға да келдік, қонжықтың жақсы көңіл күйін табу үшін «Біреу –көп» деген ойын ойнайық

Д/О «Біреу-Көп» (Көрсетілген суреттің көпше түрін айту тапсырылады)



Қонжық:-Ой менің жақсы көңіл күйім мына жерден де табылмады.

-Олай болса іздеуді одан әрі жалғастырамыз, кәне балалар жолға шығайық. Енді ұшаққа отырайық.

Ойын «Ұшақтар»


Слайд (Орманның көрінісі шығады)

-Міне орманға да келдік,

Қонжық:Бұл менің мекенімғой, осы жерден менің жақсы көңіл күйім табылып қалатын шығар.

- Біздерде сенімдіміз. Ол үшін «Көлеңкесінен тап»ойынынойнайық






Желдің, жапырақ сылдырының дыбыстарын айта отырып (у-у-у, ш-шш), жаттығуларды орындайды.



Қонжыққа аяушылық сезімдерін білдіреді.



Текшені лақтырып, бетіне түскен суретке сөйлем ойлайды. Белсенділіктерін танытады.







Музыка тыңдап демалады.





Берілген сурететтерді қарастырады. Оны көпше түрде айтады. (Үй-Үйлер, аю-аюлар, гүл-гүлдер т.б)





Тәрбиешінің белгісін тыңдап, тапсырмаларды орындайды.


Орманның суретін қызықтайды.





Жабайы жануарларды сұлбасын тауып, олардың атап айтады.


Рефлексивті - түзетушілік

Қонжық: -Ой рахмет балалар, менің көңіл күйім табылды, мен осы ну орманда өз мекенімде қаламын, сауболыңыздар!


-Жарайды, біз әрқашанда көмек беруге дайынбыз, солай ғой балалар?! Ал енді біздер балабақшамызға қайтайық!

«Кедергілерден өт» ойыны (Судан аттап жүру)

-Міне балабақшамызға да келдік, есімізге түсірейік, -Бүгін біз қандай жануарға көмектестік? Біздер саяхатта қандай жерлерде болдық? –Қонжық өзінің көңіл күйін қай жерден тапты?

-Жарайсыңдар балалар, бүгін сендер үлкен іс жасадыңдар! Осымен бүгінгі саяхатымыз аяқталды.


Қонжықтың жақсы көңіл-күйін тауып бергендеріне қуанады, қонжықпен қоштасады.




Судан аттап өтеді, тапысрмаларды орындайды.



Тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді, талдауға қатысып, өз ойларын білдіреді.



Күтілетін нәтиже: байланыстырып сөйлеуді, қарама-қарсы сөздерді дұрыс таңдай біледі.

Сөздерді көпше-жекеше айта білуді,дыбыстарды анық дұрыс дыбыстауды, жаттығуларды дұрыс түсініп орындауды игереді

Табиғатқа, жануарларға деген қамқорлықты, аяушылықты, дене жаттығуларының адам денсаулығына пайдасын меңгереді.


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2021
2682
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12